Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Чандакского сельского округа Федоровского района Костанайской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Чандакского сельского округа Федоровского района Костанайской области
- Атауы (қаз.)
- Қостанай облысы Федоров ауданы Шандақ ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 213
- Қабылданған күні
- 27.02.2014
- Көрсетілген редакция
- 17.02.2020 78680_444843.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14NT004570
- ЭКБ идентификаторы
- 78680
- Редакция идентификаторы
- 78680_444843
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:40
0 Қостанай облысы Федоров ауданы Шандақ ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қоса берілген Қостанай облысы Федоров ауданы Шандақ ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасы бекітілсін.
2 2. Қостанай облысы Федоров ауданы Шандақ ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Шандақ ауылдық
округінің әкімі
____________ Н. Осипов
4 Мәслихаттың
2014 жылғы 27 ақпандағы
№ 213 шешіміне
қосымша
Қостанай облысы Федоров ауданы Шандақ ауылдық
округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл
тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы
Қостанай облысы Федоров ауданы Шандақ ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам)
Қостанай облысы Федоров ауданы Шандақ ауылдық округінің Мирный ауылының тұрғындарына
48
Қостанай облысы Федоров ауданы Шандақ ауылдық округінің Дорожный ауылының тұрғындарына
12
Қостанай облысы Федоров ауданы Шандақ ауылдық округінің Крамской ауылының тұрғындарына
5
5 Мәслихаттың
2014 жылғы 27 ақпандағы
№ 213 шешімімен
бекітілген
Қостанай облысы Федоров ауданы Шандақ ауылдық
округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын
өткізу қағидасы
1 1. Жалпы ереже
1
1. Осы Қостанай облысы Федоров ауданы Шандақ ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Шандақ ауылдық округінің ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2 2. Шандақ ауылдық округінің аумағындағы ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3 3. Бөлек жиынды Шандақ ауылдық округтің әкімі шақырады.
Федоров ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешім бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4 4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5 5. Шандақ ауылдық округі ауылының шегінде бөлек жиынды өткізуді Шандақ ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.
6 6. Бөлек жиынды ашудың алдында Шандақ ауылдық округі ауылының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7 7. Бөлек жиынды Шандақ ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Шандақ ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8 8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Шандақ ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Федоров аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.