Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Коржинкольского сельского округа Федоровского района Костанайской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Коржинкольского сельского округа Федоровского района Костанайской области
- Атауы (қаз.)
- Қостанай облысы Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 206
- Қабылданған күні
- 27.02.2014
- Көрсетілген редакция
- 14.09.2023 78681_656106.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.09.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14NT004571
- ЭКБ идентификаторы
- 78681
- Редакция идентификаторы
- 78681_656106
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:41
0 Қостанай облысы Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса берілген Қостанай облысы Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасы бекітілсін.
2. Қостанай облысы Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Қоржынкөл ауылдық
округінің әкімі
____________ Е. Абдурахманов
4 Қостанай облысы Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Мәслихаттың
2014 жылғы 27 ақпандағы
№ 206 шешіміне
қосымша
Қостанай облысы Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы
Қостанай облысы Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам)
Қостанай облысы Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округінің Лесной ауылының тұрғындарына
40
Қостанай облысы Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округінің Березовка ауылының тұрғындарына
10
Қостанай облысы Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округінің Малоросийка ауылының тұрғындарына
8
Қостанай облысы Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округінің Дубравка ауылының тұрғындарына
5
5 Қостанай облысы Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу қағидалары
Мәслихаттың
2014 жылғы 27 ақпандағы
№ 206 шешімімен
бекітілген
Қостанай облысы Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қостанай облысы Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Қоржынкөл ауылдық округінің ауылдары тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Қоржынкөл ауылдық округінің аумағы учаскелерге (ауылдар) бөлінеді.
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Қоржынкөл ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.
6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Қоржынкөл ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
7. Қоржынкөл ауылдық округінің ауылдары шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Қоржынкөл ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Қоржынкөл ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Қоржынкөл ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.