Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Акбулакского сельского округа Уалихановского района Северо-Казахстанской области

Ереже · № 11-21с · қабылданған 28.02.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-78687/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Акбулакского сельского округа Уалихановского района Северо-Казахстанской области Күшін жойған Ереже ·№ 11-21с ·28.02.2014
24.12.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Акбулакского сельского округа Уалихановского района Северо-Казахстанской области

Күшін жойған Ереже ·№ 11-21с · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Акбулакского сельского округа Уалихановского района Северо-Казахстанской области
Атауы (қаз.)
Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақбұлақ ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
11-21с
Қабылданған күні
28.02.2014
Көрсетілген редакция
24.12.2021 78687_557186.kaz
Соңғы өзгеріс
24.12.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14SM002661
ЭКБ идентификаторы
78687
Редакция идентификаторы
78687_557186
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:39

0 Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақбұлақ ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қаулысына сәйкес, Уәлиханов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақбұлақ ауылдық округі ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақбұлақ ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Уәлиханов аудандық мәслихатының

2014 жылғы 28 ақпандағы
№ 11-21 с шешіміне қосымша
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақбұлақ ауылдық округі тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
р/с
Елді мекеннің атауы
Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақбұлақ ауылдық округі ауылдары тұрғындары өкілдерінің саны (адам)
1.
Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақбұлақ ауылдық округі Ақбұлақ ауылының тұрғындары үшін
36
2.
Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақбұлақ ауылдық округі Қарашілік ауылының тұрғындары үшін
3
3.
Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақбұлақ ауылдық округі Молодая Гвардия ауылының тұрғындары үшін
5

5 Уәлиханов аудандық мәслихатының

2014 жылғы 28 ақпандағы
№ 11-21 с шешімімен
бекітілген
Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақбұлақ ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақбұлақ ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қаулысына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақбұлақ ауылдық округі ауылдары тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

2 2. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақбұлақ ауылдық округі ауылдарының аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

3 3. Бөлек жиын Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі шақырады.

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

4 4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы аудандық «Нұрлы ел», «Кызылту» газеттері арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

5 5. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақбұлақ ауылдық округі ауылдарының шегінде бөлек жиынды өткізуді Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

6 6. Бөлек жиынды ашудың алдында Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақбұлақ ауылдық округі ауылдарының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

7 7. Бөлек жиынды Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

8 8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақбұлақ ауылдық округі ауылдары тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Уәлиханов аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

9 9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

10 10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

Қолданыстағы