Құжат мәтініне өту

Об утверждении порядка проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, микрорайона, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества в Созакском районе

Өзге акт · № 163 · қабылданған 27.03.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 31.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-78696/on/2026-08-31/
Басып шығарылды 2026-08-31 · adilet.kz
Об утверждении порядка проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, микрорайона, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества в Созакском районе Күшін жойған Өзге акт ·№ 163 ·27.03.2014
22.09.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
31.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении порядка проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, микрорайона, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества в Созакском районе

Күшін жойған Өзге акт ·№ 163 · 31.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении порядка проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, микрорайона, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества в Созакском районе
Атауы (қаз.)
Созақ ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
163
Қабылданған күні
27.03.2014
Көрсетілген редакция
22.09.2023 78696_656141.kaz
Соңғы өзгеріс
22.09.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14UL002602
ЭКБ идентификаторы
78696
Редакция идентификаторы
78696_656141
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:22

0 Созақ ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3 бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Созақ аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Созақ ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Созақ ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі

Созақ аудандық
мәслихатының 2014 жылғы
27 наурыздағы №163
шешімімен бекітілген
Созақ ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және ауыл, кент, ауылдық округ, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің үлгі тәртібін белгілейді.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

2 2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2 2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

3 3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.

4 4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

5 5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі шақырады және ұйымдастырады.

6

6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе ауылдық округтері мен кенттер әкімдігінің фейсбук парақшалары арқылы олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

7 7. Ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент және ауылдық округ әкімі ұйымдастырады.

Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

8 8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың, шағын ауданның, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, шағын ауданда, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

9 9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

10 10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын ауданның мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

11 11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

12 12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол тиісті аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент және ауылдық округ әкімінің аппаратына беріледі.

3 3-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерінің санын айқындау

13 13. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны төмендегідей айқындалсын:

1 1) 1-3 мың халық – әр көшеге 1 өкілден;

2 2) 2-5 мың халық- шағын ауданға 3 өкілден, әр көшеге 1 өкілден;

3 3) 2-8 мың халық – шағын ауданға 3 өкілден, әр көшеге 1 өкілден;

4 4) 10-20 мың халық –шағын ауданға 3 өкілден, әр көшеге 1 өкілден.

Қолданыстағы