О передислокации Казахстанского института стратегических исследований при Президенте Республики Казахстан в г. Астану
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О передислокации Казахстанского института стратегических исследований при Президенте Республики Казахстан в г. Астану
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтын Астана қаласына көшіру туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 793
- Қабылданған күні
- 11.04.2014
- Көрсетілген редакция
- 11.04.2014 AI78701_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.04.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U1400000793
- ЭКБ идентификаторы
- 78701
- Редакция идентификаторы
- AI78701_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:06
0 Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтын Астана қаласына көшіру туралы
Мемлекет дамуының стратегиялық аспектілерін болжамдық-талдамалық қамтамасыз етуді одан әрі жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1 1. Қазақстан Республикасының Үкіметі «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты» мемлекеттік мекемесін (бұдан әрі — ҚСЗИ) Алматы қаласынан Астана қаласына көшіруді қамтамасыз етсін.
2 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3 3. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Астана қаласында ҚСЗИ-ды орналастыру үшін үй-жай бөлуді қамтамасыз етсін.
4
4. «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 13 тамыздағы № 3614 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 36, 337-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы ережеде:
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Институттың орналасқан жері — Қазақстан Республикасы, Астана қаласы»;
5-тармақтың он бірінші абзацындағы «жүзеге асыруға құқығы бар.» деген сөздер «жүзеге асыруға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«- Қазақстан Республикасының аумағында өзінің өкілдіктерін ашуға құқығы бар.».