Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги "Рассмотрение ходатайств о согласии на экономическую концентрацию"

Бұйрық · № 36-ОД · қабылданған 21.02.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-78705/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги "Рассмотрение ходатайств о согласии на экономическую концентрацию" Күшін жойған Бұйрық ·№ 36-ОД ·21.02.2014
29.04.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги "Рассмотрение ходатайств о согласии на экономическую концентрацию"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 36-ОД · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги "Рассмотрение ходатайств о согласии на экономическую концентрацию"
Атауы (қаз.)
"Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы қолдаухаттарды қарау" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
36-ОД
Қабылданған күні
21.02.2014
Көрсетілген редакция
29.04.2015 AI78705_2.kaz
Соңғы өзгеріс
29.04.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1400009229
ЭКБ идентификаторы
78705
Редакция идентификаторы
AI78705_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:47

0 "Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы қолдаухаттарды қарау" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған «Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы қолдаухаттарды қарау» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестiктi қорғау агенттiгiнiң (Монополияға қарсы агенттiк) (бұдан әрi - Агенттiк) Заң қызметi департаментi (А.М. Қанапин):

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне мемлекеттік тiркеудi;

2 2) осы бұйрықты белгiленген тәртiппен ресми жариялауды қамтамасыз етсiн.

3 3. Агенттіктің Стратегиялық жоспарлау департаменті (Г.М. Арғынбаева) осы бұйрықты Агенттіктің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

4

4. «Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау» мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы» Агенттік төрағасының 2012 жылғы 3 шілдедегі № 255-НҚ бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 7802 тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2012 жылғы 15 тамызда № 268-270 (27087-27089) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттіктің жауапты хатшысы Н.Ә. Әбдіге жүктелсін.

6 6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 «Экономикалық шоғырлануға келiсiм беру туралы қолдаухаттарды қарау» мемлекеттiк қызметiнiң регламентi

Қазақстан Республикасы
Бәсекелестiктi қорғау агенттiгi
(Монополияға қарсы агенттiк)
төрағасының міндетін атқарушының
2014 жылғы 21 ақпандағы
№ 36-НҚ бұйрығымен
бекiтiлген
«Экономикалық шоғырлануға келiсiм беру туралы қолдаухаттарды қарау» мемлекеттiк қызметiнiң регламентi

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қаңтардағы № 25 қаулысымен бекітілген «Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы қолдаухаттарды қарау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) (бұдан әрі - қызмет беруші) көрсетеді.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз жүзінде;

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі экономикалық шоғырлануға тыйым салу немесе экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы дәлелді жауап түрінде ұсынылады.

Мемлекеттік қызмет нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз жүзінде.

2 2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

1 1. Қызмет берушіге келіп түскен экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы қолдаухаттың болуы мемлекеттік қызметті көрсетуді бастау үшін негіз болып табылады.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:

1 1) қызмет берушінің іс жүргізуге жауапты жауапты тұлғасы құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, бұл туралы тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы белгі қойылады - орындау мерзімі 15 минут;

2 2) қызмет берушінің басшысы қарар қояды - орындау мерзімі 3 сағат;

3 3) қызмет берушінің департамент директоры, директордың орынбасары, басқарма басшысы қарар қояды - орындау мерзімі 2 сағат;

4 4) қызмет берушінің мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты лауазымды тұлғасы берілген материалдардың толықтығын тексереді және дәлелді жауап дайындайды - 8 күн;

5 5) құжаттарды және қолдаухатты қарауға қабылдау туралы немесе қабылдаудан бас тарту туралы дәлелді жауапты қарау және қызмет берушінің департамент директорының, директордың орынбасарының, басқарма басшысының осы құжатқа бұрыштама қоюы - орындау мерзімі 1 күн;

6 6) қызмет берушінің басшысы орынбасарының берілген құжаттарды қарауы және ресімделген құжатқа қол қоюы - орындау мерзімі 2 сағат;

7

7) қызмет берушінің іс жүргізуге жауапты жауапты тұлғасы қолдаухатты қарауға қабылдау туралы немесе қарауға қабылдаудан бас тарту туралы дәлелді жауапты қызмет алушыға береді (жібереді), бұл туралы қызмет алушы алған кезде қол қояды, немесе жауап почта байланысы арқылы жіберіледі - орындау мерзімі 15 минут;

8 8) қызмет беруші қолдаухатты алған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде берілген құжаттардың толықтығын тексеруге және қызмет алушыны қолдаухаттың қарауға қабылданғаны немесе қарауға қабылдаудан бас тартылғаны туралы жазбаша түрде хабарлауға міндетті.

3 3. Мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болып табылатын мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:

1 1) қызмет берушінің мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты лауазымды тұлғасы тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы белгі қояды және қызмет берушінің басшысына береді;

2 2) қызмет берушінің басшысы қарар қояды және қызмет берушінің департамент директорына, директордың орынбасарына, (немесе) басқарма басшысына береді;

3 3) қызмет берушінің департамент директоры, директордың орынбасары, (немесе) басқарма басшысы қарар қояды және қызмет берушінің мемлекеттік қызмет көрсету үшін жауапты лауазымды тұлғасына береді;

4 4) қызмет берушінің іс жүргізуге жауапты лауазымды тұлғасы дәлелді жауап дайындайды және қызмет берушінің департамент директоры, директордың орынбасары, басқарма басшысы қызмет беруші басшысының орынбасарына берілетін осы құжатқа қол қояды;

5 5) қызмет беруші басшысының орынбасары қызмет берушінің іс жүргізуге жауапты лауазымды тұлғасына жіберілетін осы құжатқа қол қояды;

6

6) қызмет берушінің іс жүргізуге жауапты лауазымды тұлғасы қызмет алушының мемлекеттік қызмет көрсетуді алғаны туралы қол қоюын алады немесе почта байланысы арқылы жіберілгені туралы белгі қояды (мемлекеттік қызметті көрсету процесінде қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің кестелік сипаттамасы осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген).

3 3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

1 1. Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiне қатысатын көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1 1) Монополияға қарсы органның (қызмет берушінің) алқалы басқару органы - Басқарма;

2 2) қызмет берушінің басшысы;

3 3) қызмет беруші басшысының орынбасары;

4 4) қызмет берушінің мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты департамент директоры;

5 5) қызмет берушінің мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты департамент директорының орынбасары;

6 6) қызмет берушінің мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты басқарма басшысы;

7 7) қызмет берушінің мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты лауазымды тұлғасы;

8 8) қызмет берушінің іс жүргізуге жауапты лауазымды тұлғасы.

2 2. Әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдерді (іс-әрекеттерді) сипаттау:

1

1) қызмет берушінің мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты лауазымды тұлғасы қарауға қабылдаған жағдайда үстем немесе монополиялық жағдайды ықтимал белгiлеу немесе күшейтуге жасасуға жоспарланған мәмiлелердi тексередi және экономикалық шоғырлануды жасауға келісім беру немесе бас тарту туралы дәлелді жауап (дәлелді қорытынды) дайындайды - орындау мерзімі 45 (қырық бес) күнтізбелік күн, қарау мерзімдерін тоқтата тұру мүмкін:
мемлекеттік қызметті көрсету мерзiмi қызмет беруші немесе сот аталған қолдаухат немесе онымен байланысты басқа өтiнiшхат бойынша шешiм қабылдағанға дейiн қолдаухатты қарау мүмкiн болмаған жағдайда тоқтатыла тұрады, бұл туралы қызмет беруші мұндай шешім қабылдаған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қызмет алушыны жазбаша түрде хабардар етуге міндетті;
қосымша мәліметтерді және (немесе) ұсыну кезеңінде қолдаухаттарды қарау мерзімі тоқтатыла тұрады, бұл туралы көрсетілетін қызмет беруші мұндай шешім қабылдаған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қызмет алушыны жазбаша түрде хабардар етуге міндетті;

2

2) қызмет берушінің департамент директоры, директордың орынбасары, басқарма басшысы құжаттарды және экономикалық шоғырлануды жасауға келісім беру немесе тыйым салу туралы дәлелді жауапты (дәлелді қорытындыны) заңнамаға сәйкестігіне қарайды және ресімделген құжатқа бұрыштама қояды - орындау мерзімі 2 күн;

3 3) Қызмет берушінің басқармасы ұсынылған құжаттарды қарайды және ресімделген құжатқа қол қояды - орындау мерзімі 1 күн;

4 4) қызмет берушінің басшысы ұсынылған құжаттарды қарайды және ресімделген құжаттарға қол қояды - орындау мерзімі 1 күн;

5

5) қызмет берушінің іс жүргізуге жауапты лауазымды тұлғасы қызмет алушыға экономикалық шоғырлануды жасауға келісім беру немесе тыйым салу туралы дәлелді жауапты (дәлелді қорытындыны) береді (жібереді) және қызмет алушының қол қоюын алады немесе почта байланысы арқылы жіберілгені туралы белгі қояды - орындау мерзімі 15 минут;

6 6) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі қолдаухат қарауға қабылданған сәттен бастап 50 (елу) күнтізбелік күннен аспауы тиіс;

7 7) мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту (қолдаухатты қарауды тоқтату) үшін мыналар:

қызмет алушылардан қолдаухатты керi қайтарып алу туралы хабарлама келіп түсуі;
қызмет алушы ақпаратты қызмет беруші белгiлеген мерзiмде бермеуі, егер мұндай ақпараттың болмауы өтiнiшхатты қарауға кедергi келтiрсе;
қызмет алушының қолдаухатты объективтi түрде қарауға ықпал ететiн дәйексiз ақпарат беруі негіз болып табылады (мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің кестелік сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген).

1 Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) iс-қимыл тәртібін сипаттау

«Экономикалық шоғырлануға келiсiм
беру туралы қолдаухаттарды қарау»
мемлекеттiк қызмет регламентiне
1-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) iс-қимыл тәртібін сипаттау
Негiз­гi про­це­стiң (жұ­мыс ба­ры­сы­ның, ағы­ны­ның) әре­кетi
1
Әре­кет­тің (жұ­мыс ба­ры­сы­ның, ағы­ны­ның) №
1
2
3
4
5
6
7
2
Қыз­мет бе­ру­ші­нің құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­сі­нің (қыз­мет­ке­рі­нің) ата­уы
Қыз­мет бе­ру­ші­нің iс-қа­ға­з­да­рын жүр­гiзу­ге жа­у­ап­ты ла­у­а­зым­ды тұл­ға­сы
Қыз­мет бе­ру­ші­нің бас­шы­сы
Қыз­мет бе­ру­ші­нің де­пар­та­мент ди­рек­то­ры, ди­рек­тор­дың орын­ба­са­ры, бас­қар­ма бас­шы­сы
Қыз­мет бе­ру­ші­нің мем­ле­кет­тiк қыз­мет­тi көр­се­ту­ге жа­у­ап­ты ла­у­а­зым­ды тұл­ға­сы
Қыз­мет бе­ру­ші­нің де­пар­та­мент ди­рек­то­ры, ди­рек­тор орын­ба­са­ры, бас­қар­ма бас­шы­сы
Қыз­мет бе­ру­ші бас­шы­сы­ның орын­ба­са­ры
Қыз­мет бе­ру­ші­нің iс қа­ға­з­да­рын жүр­гiзу­ге жа­у­ап­ты ла­у­а­зым­ды тұл­ға­сы
3
Iс-әре­кет­тiң (про­це­стің, рәс­iм­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­ды си­паттау
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау және тiр­кеу
Орын­да­у­шы­ны ай­қын­дау
Орын­да­у­шы­ны ай­қын­дау
Берiл­ген ма­те­ри­ал­дар­дың то­лық­тығ­ын тек­се­редi
Өтiнi­ш­хат­тар­ды қа­ра­у­ға қа­был­дау және қа­был­да­удан бас тар­ту ту­ра­лы құ­жат­тар­ды және дәлел­ді жа­у­ап­тар­ды қа­рау
Берiл­ген құ­жат­тар­ды қа­рау
Қол­да­ухат­тар­ды қа­ра­у­ға қа­был­дау және қа­был­да­удан бас тар­ту ту­ра­лы тұ­ты­ну­шы­ға жа­у­ап бе­ру (жi­бе­ру)
4
Аяқ­тау ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық - өкiм­дiк ше­шiм)
Тиiстi құ­жат­тар­ды қа­был­дау ту­ра­лы бел­гi
Қа­рар­ды қою
Қа­рар­ды қою
Қол­да­ухат­тар­ды қа­ра­у­ға қа­был­дау және қа­был­да­удан бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап
Ресiм­дел­ген құ­жат­қа бұ­ры­шта­ма қою
Ресiм­дел­ген құ­жат­қа қол қою
Тұ­ты­ну­шы­ның ал­ған қо­лы не поч­та бай­ла­ны­сы ар­қы­лы жi­берiл­генi ту­ра­лы бел­гi
5
Орын­дау мер­зі­мі
15 ми­нут
3 са­ғат
2 са­ғат
8 күн
1 күн
2 са­ғат
15 ми­нут

2 Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара iс-қимыл тәртібін сипаттау

«Экономикалық шоғырлануға келiсiм
беру туралы қолдаухаттарды қарау»
мемлекеттiк қызмет регламентiне
2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара iс-қимыл тәртібін сипаттау
1
Әре­кет­тің (жұ­мыс ба­ры­сы­ның, ағы­ны­ның) №
1
2
3
4
5
2
Қыз­мет бе­ру­ші­нің құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­сі­нің (қыз­мет­ке­рі­нің) ата­уы
Қыз­мет бе­ру­ші­нің мем­ле­кет­тiк қыз­мет көр­се­ту­ге жа­у­ап­ты ла­у­а­зым­ды тұл­ға­сы
Қыз­мет бе­ру­ші­нің де­пар­та­мент ди­рек­то­ры, ди­рек­тор орын­ба­са­ры, бас­қар­ма бас­шы­сы
Қыз­мет бе­ру­ші­нің бас­қар­ма­сы
Қыз­мет бе­ру­ші­нің бас­шы­сы
Қыз­мет бе­ру­ші­нің іс қа­ға­з­да­рын жүр­гiзу­ге жа­у­ап­ты ла­у­а­зым­ды тұл­ға­сы
3
Iс-әре­кет­тер­дiң (про­це­стің, рәс­iм­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­ды си­паттау
Қа­ра­у­ға қа­был­да­ған жағ­дай­да үстем неме­се мо­но­по­ли­я­лық жағ­дай­ды ық­ти­мал бел­гiлеу неме­се кү­шей­ту­ге жа­са­су­ға жос­пар­лан­ған мәмiле­лер­дi тек­се­редi
Құ­жат­тар­ды және эко­но­ми­ка­лық шо­ғыр­ла­ну­ды жа­са­у­ға келiсiм бе­ру неме­се тый­ым са­лу ту­ра­лы әзiр­лен­ген дәлел­ді жа­у­ап­ты (дәлел­ді қо­ры­тын­ды­ны) заң­на­ма­ға сәй­кест­i­гiне қа­рау
Берiл­ген құ­жат­тар­ды қа­рау
Берiл­ген құ­жат­тар­ды қа­рау
Тұ­ты­ну­шы­ға дәлел­ді жа­у­ап бе­ру (жi­бе­ру)
4
Аяқ­тау ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық - өкiм­дiк ше­шiм)
Эко­но­ми­ка­лық шо­ғыр­ла­ну­ды жа­са­у­ға келiсiм бе­ру неме­се тый­ым са­лу ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап­ты (дәлел­ді қо­ры­тын­ды) дай­ын­дай­ды
Ресiм­дел­ген құ­жат­қа бұ­ры­шта­ма қою
Ресiм­дел­ген құ­жат­қа қол қою
Ресiм­дел­ген құ­жат­қа қол қою
Тұ­ты­ну­шы­ның ал­ған­да­ғы қо­лы не поч­та бай­ла­ны­сы ар­қы­лы жi­берiл­генi ту­ра­лы бел­гi
5
Орын­дау мерзi­мi
45 күн­тіз­бе­лік күн (қа­рау мерзiм­дерiн тоқ­та­та тұ­руы мүм­кiн)
2 күн
1 күн
1 күн
15 ми­нут

Қолданыстағы