Құжат мәтініне өту

О реорганизации Республиканского государственного предприятия "Информационно-аналитический центр геологии, экологии и природных ресурсов"

Қаулы · № 55 · қабылданған 16.01.2001
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-7871/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О реорганизации Республиканского государственного предприятия "Информационно-аналитический центр геологии, экологии и природных ресурсов" Қолданыста Қаулы ·№ 55 ·16.01.2001
05.08.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.08.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О реорганизации Республиканского государственного предприятия "Информационно-аналитический центр геологии, экологии и природных ресурсов"

Қолданыста Қаулы ·№ 55 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О реорганизации Республиканского государственного предприятия "Информационно-аналитический центр геологии, экологии и природных ресурсов"
Атауы (қаз.)
"Геология, экология және табиғи ресурстар ақпараттық-талдау орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
55
Қабылданған күні
16.01.2001
Көрсетілген редакция
05.08.2013 AI7871_4.kaz
Соңғы өзгеріс
05.08.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P010000055_
ЭКБ идентификаторы
7871
Редакция идентификаторы
AI7871_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:03

0 "Геология, экология және табиғи ресурстар ақпараттық-талдау орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1 1. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң "Қазақстан Республикасының геология, экология және табиғи ресурстар ақпараттық-талдау орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны бөлу жолымен:

1 1) Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi Геология және жер қойнауын қорғау комитетiнiң Алматы қаласындағы шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Қазақстан Республикасы геология және минералдық ресурстар ақпараттық-талдау орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны;

2 2) Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Көкшетау қаласындағы шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау ақпараттық-талдау орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны болып қайта ұйымдастырылсын.

2

2. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi, Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi теңгерiм бөлiнiсiн бекiту кезiнде Алматы қаласында орналасқан Геологиялық мұражайдың және Бизнес-клубтың мүлiктерiн Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi Геология және жер қойнауын қорғау комитетiнiң "Қазақстан Республикасы геология және минералдық ресурстар ақпараттық-талдау орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына берудi көздесiн.

3 3. Мыналар:

осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген кәсiпорынның минералдық-шикiзат кешенi саласындағы ақпараттық-консультациялық қызметтi және ақпараттық қамтамасыз етудi жүзеге асыруы;
осы қаулының 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген кәсiпорынның табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпараттық-консультациялық қызметтi және ақпараттық қамтамасыз етудi жүзеге асыруы қызметiнiң негiзгi мәнi болып айқындалсын.

4

4. Осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган болып Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң Геология және жер қойнауын қорғау комитетi белгiленсiн.

5 5. Осы қаулының 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган болып Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi белгiленсiн.

6 6. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi, Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:

1 1) құрылатын кәсiпорындардың жарғыларын бекiтсiн;

2 2) олардың мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

3 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

7 7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

8 8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қолданыстағы