Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам страховой деятельности

Қаулы · № 8 · қабылданған 03.02.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-78710/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам страховой деятельности Қолданыста Қаулы ·№ 8 ·03.02.2014
16.07.2014 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.07.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам страховой деятельности

Қолданыста Қаулы ·№ 8 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам страховой деятельности
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
8
Қабылданған күні
03.02.2014
Көрсетілген редакция
16.07.2014 AI78710_2.kaz
Соңғы өзгеріс
16.07.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1400009263
ЭКБ идентификаторы
78710
Редакция идентификаторы
AI78710_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:59

0 Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 151 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2

2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптарды, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары жөніндегі талаптарды және сақтандыру агентінің делдалдық қызметті жүзеге асыруына өкілеттіктерін бекіту туралы» 2010 жылғы 1 наурыздағы № 25 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6164 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 30 қазанда № 450-451 (26294) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптарды, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары жөніндегі талаптарды және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруына өкілеттіктерін бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптар, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары жөніндегі талаптар және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруына өкілеттіктері (бұдан әрі – Талаптар) бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптарда, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары жөніндегі талаптарда және сақтандыру агентінің делдалдық қызметті жүзеге асыруына өкілеттіктерінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптар, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары жөніндегі талаптар және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруына өкілеттіктері»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптар, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары жөніндегі талаптар және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруына өкілеттіктері (бұдан әрі – Талаптар) «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-1 және 18-баптарына сәйкес, сақтандыру шарттарын жасау және орындау кезінде, оның ішінде сақтандыру агенті сақтандыру ұйымының атынан және тапсырмасы бойынша сақтандыру шарттарын жасау бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыру кезінде туындайтын процестерді реттеу мақсатында әзірленді»;.
8-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8-1. Сақтандыру агенттерінің тізілімі тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың бесiнші жұмыс күнінен кешiктiрмей, берілетін деректердің құпиялылығын және түзетілмеуін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғаныш құралдары бар ақпаратты кепілдікпен жеткізудің тасымалдау жүйесін пайдалана отырып электрондық тасымалдағышта қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұсынылуы тиіс.
Сақтандыру агенттерінің тізіліміне сақтандыру ұйымының бірінші басшысы (ол жоқ болған кезде – оның орнындағы адам) қол қояды, мөрмен куәландырылады және сақтандыру ұйымында қағаз тасымалдағышта сақталады. Уәкілетті органның талап етуі бойынша сақтандыру ұйымы сұрату алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей қағаз тасымалдағышта есептілікті ұсынады.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Заңды тұлғалар – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында, сақтандыру брокерлерінде және сақтандыру агенттерінде, жеке тұлғалар – актуарийлердегі және сақтандыру агенттеріндегі құжаттарды жасау, құжаттаманы басқару және құжаттарды сақтау тәртібі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 182 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6932 тіркелген) бекітілген Сақтандыру нарығының кәсіби қатысушыларының және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сақтандыру агенттерінің құжаттарды сақтау ережесіне сәйкес айқындалады.»;
18-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) сақтандырушының бір жақты тәртіпте әзірлеген (қосылу шарты) үлгі талаптарына (сақтандыру ережелеріне) сақтанушының қосылуы және сақтандырушының сақтанушыға Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 24 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6171 тіркелген) бекітілген Сақтандыру полистері бланктерінің мазмұнына және оларды жасауға, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисін ресімдеуге, сондай-ақ міндетті сақтандырудың жекелеген түрлері бойынша міндетті сақтандыру шарттарын жасау үшін сақтанушы өтініштерінің мазмұнына қойылатын талаптарға сәйкес ресімделетін сақтандыру полисін беруі арқылы сақтандыру шартын жасасу.»;
2-қосымшасы 1-жолының 7-бағаны:
«
Сақ­тан­ды­ру аген­ті­нің са­лық тө­ле­у­ші­нің тір­кеу нө­мі­рі (СТТН), биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (заң­ды тұл­ға үшін) неме­се же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (бар бол­са, же­ке тұл­ға үшін)
7
»
мынадай редакцияда жазылсын:
«
Сақ­тан­ды­ру аген­ті­нің биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (заң­ды тұл­ға үшін) неме­се же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (же­ке тұл­ға үшін, бар бол­са)
7
».

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы