Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества района Алтай

Ереже · № 28/3-V · қабылданған 28.02.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 03.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-78752/on/2026-09-03/
Басып шығарылды 2026-09-03 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества района Алтай Күшін жойған Ереже ·№ 28/3-V ·28.02.2014
13.06.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
03.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества района Алтай

Күшін жойған Ереже ·№ 28/3-V · 03.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества района Алтай
Атауы (қаз.)
Алтай ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидалары және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
28/3-V
Қабылданған күні
28.02.2014
Көрсетілген редакция
13.06.2024 78752_715328.kaz
Соңғы өзгеріс
13.06.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14VL003229
ЭКБ идентификаторы
78752
Редакция идентификаторы
78752_715328
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:37

0 Алтай ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидалары және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 821 «Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданын және Зырян қаласын Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданы және Алтай қаласы деп қайта атау туралы» Жарлығынына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №.1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Алтай ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Зырян ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидасы 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. Зырян ауданының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

4 Алтай ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидалары

Зырян ауданының
мәслихатының
2014 жылғы 28 ақпандағы
№ 28/3-V шешіміне
1-қосымша
Алтай ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Алтай ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №.1106 қаулысымен бекітілген, бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес  әзірленді және Алтай ауданының қалаларының, кенттерінің, ауылдық округтерінің аумағындағы ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

2 2. Алтай ауданының қалаларының, кенттерінің, ауылдық округтерінің аумағындағы ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

3 3. Бөлек жиынды Алтай ауданының аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округінің әкімі шақырады.

Алтай ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

4 4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

5 5. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді Алтай ауданының аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

6 6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

7 7. Бөлек жиынды Алтай ауданының аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Алтай ауданының аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

8 8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Алтай ауданының мәслихаты бекіткен санына сәйкес ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің болек жиынның қатысушылары ұсынады.

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

9 9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

10 10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны тиісті Алтай ауданының аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

17 Алтай ауданының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны

Зырян ауданының
мәслихатының
2014 жылғы 28 ақпандағы
№ 28/3-V шешіміне
2-қосымша
Алтай ауданының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны
Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының саны
(адам)
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының өкілдерінің саны (адам)
1000 дейін
10 дейін
1000 -нан 1500 дейін
10-15
1500 -ден 3000 дейін
15-20
3000 -нан 5000 дейін
20-25
5000 -нан 10000 дейін
25-35
20000 -нан 50000 дейін
35-55

Қолданыстағы