Құжат мәтініне өту

Об утверждении стандартов аккредитации для организаций здравоохранения, осуществляющих деятельность в сфере службы крови

Бұйрық · № 2 · қабылданған 06.01.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-78806/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении стандартов аккредитации для организаций здравоохранения, осуществляющих деятельность в сфере службы крови Күшін жойған Бұйрық ·№ 2 ·06.01.2014
05.06.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.06.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении стандартов аккредитации для организаций здравоохранения, осуществляющих деятельность в сфере службы крови

Күшін жойған Бұйрық ·№ 2 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении стандартов аккредитации для организаций здравоохранения, осуществляющих деятельность в сфере службы крови
Атауы (қаз.)
Қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарына арналған аккредиттеу стандарттарын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
2
Қабылданған күні
06.01.2014
Көрсетілген редакция
05.06.2018 78806_337338.kaz
Соңғы өзгеріс
05.06.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1400009148
ЭКБ идентификаторы
78806
Редакция идентификаторы
78806_337338
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:09

0 Қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарына арналған аккредиттеу стандарттарын бекіту туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 14-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қан қызметі саласындағы қызмет жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарына арналған аккредиттеустандарттары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Л.М. Ахметниязова):

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменте (Д.Е. Асайынова) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін оның ресми жариялануы қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.

5 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарына арналған аккредиттеу стандарттары

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
міндетін атқарушының
2014 жылғы 6 қаңтардағы
№ 2 бұйрығына қосымша
Қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарына арналған аккредиттеу стандарттары
Бө­лі­мі
Стан­дарт, кри­те­рий №
Өл­ше­не­тін кри­те­рий­лер
«A» Бас­шы­лық
1
Қан ор­та­лы­ғы­ның эти­ка­лық нор­ма­ла­ры
Қан ор­та­лы­ғы­ның мін­дет­те­рі, құн­ды­лық­та­ры және эти­ка­лық қа­ғи­да­ла­ры оның қыз­ме­ті­нің са­ла­сы мен ба­ғы­тын, сон­дай-ақ ше­шім­дер­ді қа­был­дау про­це­сін ай­қын­дай­ды
1.1
Қан ор­та­лы­ғы­ның мис­си­я­ла­рын неме­се мақ­сат­та­рын пер­со­нал­мен мүд­де­лі та­рап­тар­дың қа­ты­суы­мен әкім­ші­лік әзір­лей­ді, және ұй­ым­ның қыз­ме­тін жос­пар­лау және ба­ғы­тын анық­тау үшін негі­зін қа­лып­та­сты­ра­ды.
1.2
Қан ор­та­лы­ғы ше­шім­дер қа­был­да­уда және ме­ди­ци­на­лық пер­со­нал­дың мі­нез-құлық қа­ғи­да­ла­рын анық­та­уда бас­шы­лық­қа ала­тын бел­гі­лі құн­ды­лық­тар ке­ше­ні бар, сон­дай-ақ биз­нес-про­цес­стер­ге және до­нор­лар­ға қыз­мет көр­се­ту­ге қа­ты­сты эти­ка­лық мә­се­ле­лер­ді қам­ти­тын эти­ка­лық ере­же­лер әзір­лен­ді.
1.3
Пер­со­нал эти­ка және деон­то­ло­гия мә­се­ле­ле­рі, эти­ка­лық ше­шім қа­был­дау бой­ын­ша әр­дай­ым оқу­дан өтіп оты­ра­ды.
1.4
Қан ор­та­лы­ғы эти­ка­лық ере­же­лер­дің бұ­зы­лу фак­ті­ле­рін анық­тау және олар бой­ын­ша ша­ра­лар қа­был­дау ке­зін­де­гі құ­жат­тал­ған про­це­стер­ге сүй­е­не­ді.
2
Бас­қа­ру
Қан ор­та­лы­ғын­да оның құқық­тық мәр­те­бе­сіне сәй­кес ти­ім­ді бас­қа­ру жү­зе­ге асы­ры­ла­ды
2.1
Ұй­ым бас­шы­лы­ғы­ның мін­дет­те­ріне мы­на­лар жа­та­ды:
1) эти­ка­лық нор­ма­лар­ды ай­қын­дау және қа­рау;
2) стра­те­ги­я­лық, же­дел жос­пар­лар­ды, сон­дай-ақ ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­тер­дің са­па­сын қам­та­ма­сыз ету жос­па­рын ке­лі­су және бе­кі­ту;
3) бюд­жет­ті дай­ын­дау және қой­ы­л­ған мақ­сат­тар мен мін­дет­тер­ге қол жет­кі­зу үшін ти­іс­ті ре­сур­стар­мен қам­та­ма­сыз ету;
4) стра­те­ги­я­лық және же­дел жос­пар­лар­дың нәти­же­ле­ріне қол жет­кі­зу­ді және ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­тер­дің са­па­сын мо­ни­то­рин­гі­леу және ба­ға­лау;
5) құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­лер­дің бас­шы­ла­рын та­ғай­ын­дау неме­се бе­кі­ту, олар­дың қыз­ме­ті­нің ти­ім­ді­лі­гін ба­ға­лау.
2.2
Қан ор­та­лы­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Кон­сти­ту­ци­я­сы­на, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­ры­на, ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы қыз­мет­ті рет­тей­тін бас­қа да нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ге сәй­кес жұ­мыс іс­тей­ді және та­лап еті­ле­тін құқық бел­гі­леу құ­жат­та­ры бар, оның ішін­де:
1) әді­лет ор­ган­да­рын­да мем­ле­кет­тік (есеп­тік) тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы анық­та­ма;
2) жар­ғы (ере­же).
2.3
Жар­ғы­да Қан ор­та­лы­ғы­ның ти­пі, сон­дай-ақ:
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер, ұй­ым­ның қыз­ме­ті;
2) бас­қа­ру­ды та­ғай­ын­дау мен қай­та­ру тәр­ті­бі;
3) бас­шы­лық­тың өкі­лет­тікте­рі мен мін­дет­те­рі ту­ра­лы ақ­па­рат қам­ты­ла­ды.
2.4
Қан ор­та­лы­ғы­ның бас­шы­лы­ғы қыз­мет­тің:
1) мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың жар­лық­та­рын алу, қа­рау және әре­кет ету;
2) қыз­мет­кер­лер үшін нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­дің уақ­ты­лы өзек­тен­ді­ру ету және қол­де­тім­ді­лі­гін қам­та­ма­сыз ету;
3) олар­ды мүд­де­лі тұ­лға­лар­ға жет­кі­зу бой­ын­ша бел­сен­ді іс-қи­мыл­да­рын қа­был­дау жо­лы­мен жү­зе­ге асы­ры­луын қам­та­ма­сыз ете­ді.
2.5
Қан ор­та­лы­ғы қо­ғам­ға бар­лық қол же­тім­ді әді­стер­мен, оның ішін­де бұ­қа­ра­лық ақ­па­рат құ­рал­да­рын тар­та оты­рып, жұрт­шы­лық­ты:
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер және олар­ды алу та­лап­та­ры;
2) ха­лық ара­сын­да қан мен оның ком­по­нен­те­рі­нің ерік­ті өте­у­сіз до­нор­лы­ғы­ның қа­жет­ті­лі­гі;
3) до­нор­лық­тың қа­уіп­сіз­ді­гі;
4) Қан ор­та­лық­та­рын жа­рақ­тан­ды­ру дең­гейі;
5) Қан ор­та­лы­ғын­да­ғы зерт­ха­на­лық зерт­те­улер­дің дең­гейі;
6) көр­се­ті­л­ген қыз­мет­тер­дің са­па­сы мен қол жет­кіз­ген нәти­же­лер ту­ра­лы ақ­па­рат­тан­ды­ра­ды.
2.6
Қан ор­та­лы­ғы қан ком­по­нент­те­рін жи­нау, сақ­тау және ден­са­улық сақ­тау ұй­ым­да­ры бой­ын­ша та­ра­ту­ға жа­у­ап­ты бө­лім­дер­ді та­ғай­ын­дай­ды.
3
Стра­те­ги­я­лық және же­дел жос­пар­лау
Қан ор­та­лы­ғы өз қыз­мет­те­рін ха­лық­тың қа­жет­ті­лік­те­рін қа­на­ғат­тан­ды­ру мақ­са­тын­да жос­пар­лай­ды және жос­пар­ды іс­ке асы­ру бой­ын­ша нақ­ты бас­шы­лық­ты жү­зе­ге асы­ра­ды
3.1
Бас­шы­лық­тың пер­со­нал­дар­мен бір­ге әзір­ле­ген стра­те­ги­я­лық да­му жос­па­рын­да Қан ор­та­лы­ғы­ның қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру­ға ар­нал­ған ұзақ мер­зім­ді мақ­сат­тар, мін­дет­тер және стра­те­ги­я­лар жа­зыл­ды.
3.2
Стра­те­ги­я­лық жос­пар:
1) Қан ор­та­лы­ғы қыз­мет көр­се­те­тін ден­са­улық сақ­тау ұй­ым­да­ры­ның қа­жет­ті­лік­те­ріне;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің ин­ди­ка­тор­ла­ры­на және бас­қа өл­ше­не­тін мә­лі­мет­тер­ге;
3) үкі­мет стра­те­ги­я­ла­ры­на және ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы ба­сым­дық­тар­ға;
4) қой­ы­л­ған мақ­сат­тар мен мін­дет­тер­ге қол жет­кі­зу бой­ын­ша кү­ті­ле­тін нәти­же­лер­ге негіз­дел­ген.
3.3
Ке­шен­ді жыл­дық жос­пар әзір­лен­ген және Қан ор­та­лы­ғы­ның бар­лық құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­ле­рі­мен ке­лі­сі­л­ген:
1) стра­те­ги­я­лық жос­пар­ға сәй­кес;
2) ті­ке­лей ба­сым­дық­тар­ды қа­рас­ты­ра оты­рып;
3) бар­лық қыз­мет­тер бой­ын­ша мін­дет­тер мен іс-ша­ра­лар жос­па­рын қам­ти­ды;
4) жос­пар­лан­ған әре­кет­тер­ді орын­да­уды қам­там­сыз ету үшін кадр­лық, қар­жы­лық және фи­зи­ка­лық ре­сур­стар­ды анық­тай­ды.
3.4
Қан ор­та­лы­ғы және оның құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­ле­рі іс-ша­ра­лар­дың мақ­сат­та­ры­мен және жос­па­ры­мен са­лы­сты­ра оты­рып, жыл­дық жос­пар­ды іс­ке асы­ру­да­ғы қол жет­кі­зі­л­ген про­гре­сті үне­мі қа­рай­ды:
1) мақ­сат­тар мен кү­ті­ле­тін нәти­же­лер­ге қол жет­кі­зу дең­гейі;
2) жос­пар­лан­ған әре­кет­тер­ді орын­дау;
3) бел­гі­лен­ген мер­зім­дер­ді сақ­тау;
4) іс­ке асы­рыл­ма­ған мін­дет­тер мен про­бле­ма­лар;
5) одан әрі іс-қи­мыл жос­па­ры.
3.5
Жыл­дық жос­пар­мен са­лы­стыр­ған­да қол жет­кі­зі­л­ген нәти­же­лер­ді тал­дау ту­ра­лы есеп бұ­дан әрі әре­кет­тер­ді жос­пар­лау үшін бас­шы­лық­қа ұсы­ны­ла­ды.
3.6
Жыл­дық жос­пар­ға ен­гі­зі­л­ген жос­пар­лан­ған жақ­сар­ту­лар­ға қа­ты­сты ше­шім­дер пер­со­нал­ға ха­бар­ла­нып, бір­ге тал­қы­ла­на­ды және қа­жет болған кез­де ти­іс­ті сырт­қы қыз­мет­тер­ге тап­сы­ры­ла­ды.
4
Жал­пы бас­қа­ру
Қан ор­та­лы­ғын­да бас­қа­ру және есеп­ті­лік құ­ры­лы­мы бар Бас­қа­ру­ды бі­лік­ті ме­не­джер­лер жү­зе­ге асы­ра­ды
4.1
Қан ор­та­лы­ғы­ның бас­шы­сы мы­на­лар үшін жа­у­ап­ты бо­лып та­бы­ла­ды және мы­на­лар­ға есеп бе­ре­ді:
1) қа­уіп­ті бас­қа­ру, са­па­ны арт­ты­ру, ден­са­улық­ты (ең­бек­ті) қор­ғау және қа­уіп­сіз­дік­ті қо­са ал­ған­да­ғы бар­лық же­дел мә­се­ле­лер;
2) жо­ға­ры тұр­ған мем­ле­кет­тік ор­ган­дар ал­дын­да кли­ни­ка­лық, бас­қа­ру­шы­лық және қар­жы­лық қыз­мет;
3) ба­қы­ла­у­шы және уә­ке­лет­ті ор­ган­дар­дан алын­ған кез кел­ген ха­бар­ла­ма­лар­ға дент қою.
4.2
Қан ор­та­лы­ғы бас­шы­сы­ның ти­іс­ті бі­лі­мі, бі­лік­ті­лі­гі, ең­бек өті­лі мен жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі бар.
4.3
Бас­шы­ның ла­у­а­зым­дық нұс­қа­улы­ғын­да оның функ­ци­я­ла­ры, құқық­та­ры мен мін­дет­те­рі ай­қын көр­се­ті­л­ген.
4.4
Ұй­ым бас­шы­сы жұ­мысы­ның ти­ім­ді­лі­гі ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­ның қыз­ме­т­ін­де­гі же­ті­стіктер­мен ай­қын­да­ла­ды, жос­пар­лан­ған іс-ша­ра­лар­ды орын­дау жө­нін­де­гі есеп жо­ға­ры тұр­ған ұй­ым­ға ұсы­ны­ла­ды.
4.5
Қан ор­та­лы­ғы­ның бі­рін­ші бас­шы­сы­ның орын­ба­са­ры бо­ла­ды, ол:
1) қыз­мет­тер­ді көр­се­ту­ге жа­у­ап бе­ре­ді;
2) жо­ға­ры бас­шы­лық­тың мү­ше­сі бо­лып та­бы­ла­ды.
4.6
Бас дә­рі­гер­дің орын­ба­са­ры­ның бі­лік­ті­лі­гі, бі­лі­мі, кә­сіп­тік да­яр­лы­ғы және прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе­сі бел­гі­лен­ген.
4.7
Қан ор­та­лы­ғы­ның бі­рін­ші бас­шы­сы­ның орын­ба­са­ры:
1) пер­со­нал­дың кли­ни­ка­лық және тех­ни­ка­лық бі­лік­ті­лі­гін ба­ға­ла­у­ға жа­у­ап­ты;
2) ша­ғым­дар­ды, ауыт­қу­шы­лық­тар­ды, сәй­кес­сіз­дік­тер мен жа­ғым­сыз жағ­дай­лар­ды қа­ра­у­ға қа­ты­са­ды;
3) жа­ңа жаб­дық­тар мен ма­те­ри­ал­дар­ды ба­ға­ла­у­ға қа­ты­са­ды;
4) кли­ни­ка­лық және тех­ни­ка­лық пер­со­нал­ға кли­ни­ка­лық және тех­ни­ка­лық рә­сім­дер, ағым­да­ғы озық прак­ти­ка және ма­ңы­зды зерт­теу жа­ңа­лық­та­ры бой­ын­ша кон­суль­та­ци­я­лық кө­мек көр­се­ту­ге жа­у­ап­ты;
5) бар­лық кли­ни­ка­лық және тех­ни­ка­лық са­я­сат­тар­ды, про­це­стер мен рә­сім­дер­ді бе­кі­те­ді;
6) са­я­сат­тар­ды, про­це­стер мен рә­сім­дер­ді қол­да­ну­да­ғы ерекше жағ­дай­лар ту­ра­лы қо­ры­тын­ды ше­шім­дер­ді қа­был­дай­ды.
4.8
Қан ор­та­лы­ғы­ның бі­рін­ші бас­шы­сы­ның орын­ба­са­ры ти­іс­ті өн­ді­рі­стік прак­ти­ка­ға жа­у­ап бе­ре­ді:
1) бі­лік­ті­лік және функ­ци­о­нал­дық мін­дет­тер­ді, са­я­сат­ты, про­це­стер мен рә­сім­дер­ді сақ­тау;
2) бас­қа ден­са­улық сақ­тау ұй­ым­да­ры­ның бас­шы­ла­ры­мен бай­ла­ныс ор­на­ту;
3) пер­со­нал­дың бі­лім алуы­на және кә­сіп­тік да­муы­на жәр­дем­де­су ар­қы­лы.
4.9
Әр­бір құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің функ­ци­я­ла­ры мен өкі­лет­тікте­рі әр­бір қыз­мет­кер­дің қа­ты­суы­мен анық бел­гі­лен­ген және қыз­мет­кер­лер­дің на­за­ры­на жет­кі­зі­л­ген.
4.10
Әр­бір бө­лім­ше­ні бі­лі­мі, бі­лік­ті­лі­гі, ең­бек өті­лі мен жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі бар бас­шы бас­қа­ра­ды.
4.11
Ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық құ­ры­лым:
1) құ­жат тү­рін­де рә­сім­дел­ген және схе­ма тү­рін­де бе­рі­л­ген;
2) ұй­ым­ның мақ­сат­та­ры­на, мін­дет­те­рі мен функ­ци­я­ла­ры­на сәй­кес ке­ле­ді;
3) пер­со­нал­дың ба­ғы­ны­шты­лы­ғы құ­ры­лы­мын анық көр­се­те­ді;
4) қыз­мет­тер­ді жос­пар­лау мен көр­се­ту­ді үй­ле­сті­ру про­це­сіне жәр­дем­де­се­ді.
4.12
Қан ор­та­лы­ғы­ның құ­ры­лы­мы үне­мі қа­ра­лып оты­ра­ды және ти­іс­ті құ­ры­лым­дар­ға жет­кі­зі­ле­ді.
4.13
Қан ор­та­лы­ғы са­бақ­та­стық­ты қам­та­ма­сыз ету мақ­са­тын­да мем­ле­кет­тік бас­қа­ру ор­ган­да­ры­на неме­се бас­қа ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­дар­ға жос­пар­ла­ры мен стра­те­ги­я­ла­рын ұсы­на оты­рып, өз қыз­ме­тін ке­лі­се­ді.
5
Қа­уіп­тер­ді бас­қа­ру және са­па­ны арт­ты­ру
Қан ор­та­лы­ғы бо­луы ық­ти­мал қа­уіп­тер­ді ба­рын­ша тө­мен­де­те­ді, тұ­рақ­ты түр­де олар­ға мо­ни­то­ринг және ба­ға­лау жүр­гі­зе­ді, сон­дай-ақ көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің са­па­сын арт­ты­ра­ды.
5.1
Қан ор­та­лы­ғы үшін қа­уіп­тер­ді бас­қа­ру жос­па­ры:
1) стра­те­ги­я­лық және же­дел жос­пар­лар­дан алын­ған ақ­па­рат­қа,
кли­ни­ка­лық көр­сет­кіш­тер­ді тал­дау нәти­же­ле­ріне;
до­нор­лар­дың және па­ци­ент­тер­дің пі­кір­ле­рін тал­да­у­ға (егер қол­да­ныл­са), кли­ни­ка­лық ин­ди­ка­тор­лар­ға (егер қол­да­ныл­са), жа­ғым­сыз оқи­ға­лар­ға, кадр­лық және ре­сур­стық қам­та­ма­сыз ету­ге және қор­ша­ған ор­та­ның жай-күй­ін тал­дау де­ректе­ріне негіз­дел­ген;
2) олар­дың туын­дау мүм­кін­ді­гі және ден­са­улық­қа кел­ті­рі­л­ген зи­я­ны мен ма­те­ри­ал­дық шы­ғы­ны сал­дар­ла­ры­ның тұр­ғы­сы­нан бар­лық қа­уіп­тер­ді анық­тай­ды, ба­ға­лай­ды және ба­сым­дық­та­ры бой­ын­ша ор­на­ла­сты­ра­ды;
3) осын­дай қа­уіп­тер­ді бас­қа­ру стра­те­ги­я­сын қам­ти­ды;
4) қол­да бар және пер­со­нал ара­сын­да та­ны­сты­ру үшін та­ра­ты­ла­ды.
5.2
Қан ор­та­лы­ғы өз қыз­мет­кер­ле­рін мы­на­дай жол­дар­мен қа­уіп­тер­ді тө­мен­де­ту ере­же­ле­ріне үй­ре­те­ді:
1) қа­у­пі бар жағ­дай­лар­ды анық­тау, ба­ға­лау және олар ту­ра­лы ха­бар­лау;
2) әле­ует­ті қа­у­пі бар жағ­дай­лар­ды бас­қа­ру;
3) кө­лік­ті, жаб­дық­тар пен ма­те­ри­ал­дар­ды қа­уіп­сіз пай­да­ла­ну.
5.3
Қа­уіп­тер­ді бас­қа­ру жос­па­ры­на оның ти­ім­ді­лі­гін қам­та­ма­сыз ету мақ­са­тын­да мы­на­дай жол­мен мо­ни­то­рин­гі­ле­не­ді және қай­та қа­ра­ла­ды:
1) қа­уіп­тер­ді бас­қа­ру қа­ғи­да­ла­ры та­лап­та­ры­ның нақ­ты орын­да­луын ба­қы­лау;
2) бел­гі­лі қа­уіп­тер­ді қай­та қа­рау;
3) қа­уіп­тер­ді бас­қа­ру жос­па­ры­на жақ­сар­ту­лар­ды ен­гі­зу және бел­гі­лі бір қа­уіп­тер­ді қай­та қа­рау мақ­са­тын­да мо­ни­то­ринг және қай­та қа­рау про­це­сі­нің нәти­же­ле­рін қол­да­ну.
5.4
Қан ор­та­лы­ғын­да құ­ра­мы­на мы­на­лар кі­ре­тін ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­тер са­па­сын арт­ты­ру­дың үз­дік­сіз жүй­е­сі бар:
1) қан ор­та­лы­ғы­ның бар­лық бө­лім­ше­ле­рі­нің қа­ты­суы;
2) жо­ға­ры қа­уі­пі бар, ауқым­ды, қым­бат тұ­ра­тын неме­се про­бле­ма­лы про­це­стер­ді, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет са­па­сын ба­қы­лау бой­ын­ша қан ор­та­лы­ғы­ның ба­сым­дық­та­рын анық­тау және олар­ды па­ци­ент­тер­дің та­лап­та­рын ес­ке­ре оты­рып жа­ңар­ту;
3) мо­ни­то­ринг және аудит мә­лі­мет­те­рін жи­нау, тал­дау және ба­ға­лау;
4) бас­шы­лық пен қыз­мет­кер­лер­ді ақ­па­рат­тан­ды­ру;
5) мүд­де­лі та­рап­тар­ды қол­да­ны­л­ған ша­ра­лар, ша­ра­лар­дың ти­ім­ді­лі­гі және нәти­же­ле­рі жө­нін­де ақ­па­рат­тан­ды­ру.
5.5
Жыл сай­ын­ғы са­па­ны арт­ты­ру жос­па­ры:
1) құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­лер­дің бас­шы­ла­ры­мен бір­ле­сіп әзір­ле­не­ді;
2) са­па­ны арт­ты­ру жө­нін­де­гі іс-ша­ра­лар­ды, әре­кет жос­пар­ла­рын, олар­дың мақ­сат­та­ры мен қол жет­кі­зу әді­сте­рін то­лық бел­гі­лей­ді;
3) аудит жүр­гі­зу, са­па­лық көр­сет­кіш­тер бой­ын­ша мә­лі­мет­тер жи­на­удың кесте­сін бел­гі­лей­ді;
4) жа­у­ап­ты тұ­лға­лар мен орын­дау мер­зім­де­рін бел­гі­лей­ді.
5.6
Са­па­ны арт­ты­ру жос­па­ры­на мы­на­лар­дың мо­ни­то­рин­гі, есеп­ті­лі­гі және ба­ға­лау кі­ре­ді:
1) бел­гі­лі уа­қыт ара­лы­ғын­да­ғы негіз­гі про­це­стер нәти­же­лі­лі­гі­нің ба­сты ин­ди­ка­тор­ла­ры;
2) до­нор­лар­дың/па­ци­ент­тер­дің және мүд­де­лі та­рап­тар­дың көр­се­ті­л­ген қыз­мет­тер­ге қа­на­ғат­та­нуы;
3) са­па­ны арт­ты­ру жө­нін­де­гі іс-ша­ра­лар.
5.7
Нәти­же­лі­лік­тің ба­сты ин­ди­ка­тор­ла­ры тұ­рақ­ты негіз­де өл­ше­не­ді, тал­да­на­ды, мо­ни­то­рин­гі­ле­не­ді және мы­на­лар­ды қам­ти­ды:
1) іш­кі және сырт­қы аудит жүр­гі­зу;
2) кадр­лар­дың қоз­ға­лы­сы және тұ­рақ­сызды­ғы;
3) қол ги­ги­е­на­сы бой­ын­ша оқы­ту;
4) ақы­лы, өте­у­сіз до­на­ци­я­лар және ту­ған-туы­сқан­дар­дың ерік­ті до­на­ци­я­ла­ры;
5) рә­сім­дер­ді дұ­рыс орын­да­мау және орын­да­мау­ға бай­ла­ныст қа­те­лік­тер;
6) до­нор­лар­дың ме­ди­ци­на­лық құ­жат­та­рын жүр­гі­зу­мен бай­ла­ны­сты қа­те­лік­тер;
7) Қан ор­та­лы­ғы­на бас­қа ұй­ым­дар­дан ха­бар­лан­ған па­ци­ент­ке қа­ты­сты жа­ғым­сыз оқи­ға­лар;
8) ақа­у­лы өнім­дер­дің өн­ді­рі­сі;
9)мер­зі­мі­нің өту­іне бай­ла­ны­сты қа­был­дан­ба­ған қан ком­по­нент­те­рі.
5.8
Са­па­ны ба­қы­лау жө­нін­де­гі іш­кі қыз­мет:
1) са­па­ны қам­та­ма­сыз ету ша­ра­ла­ры бой­ын­ша есеп­тер­ді қа­был­дай­ды;
2) жи­нал­ған мә­лі­мет­тер­ді тал­дай­ды және олар­ды ба­ғыт­та­ры бой­ын­ша жік­тей­ді;
3) құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­лер­дің бас­шы­ла­ры және ұй­ым бас­шы­сы ал­дын­да есеп бе­ре­ді.
5.9
Прак­ти­ка­лық қыз­мет­тің бел­гі­лен­ген қа­ғи­да­лар мен нұс­қа­у­лар­ға сәй­кест­і­гін ба­ға­лай­тын іш­кі аудит­тер­ді:
1) өкі­лет­ті тұл­ға неме­се са­рап­шы­лар то­бы;
2) аудит­тер­ді жүр­гі­зу­дің бел­гі­лен­ген кесте­ле­ріне сәй­кес жүр­гі­зі­ле­ді.
5.10
Іш­кі аудит нәти­же­ле­рі:
1) ти­іс­ті ко­мис­си­я­лар­дың жұ­мысын­да, жи­на­лы­стар­да неме­се кон­фе­рен­ци­я­лар­да тал­қы­ла­на­ды;
2) про­це­стер­ді жақ­сар­ту үшін пай­да­ла­ны­ла­ды;
3) са­па­ны арт­ты­ру бағ­дар­ла­ма­сын орын­дау шең­бе­рін­де есеп­тер­ге ен­гі­зі­ле­ді.
5.11
Пер­со­нал әр­бір құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­де өз ла­у­а­зым­дық мін­дет­те­рін орын­дау ке­зін­де құ­жат­тал­ған са­я­сат­тар мен рә­сім­дер­ді сақ­тай­ды.
5.12
Бас­шы­лық бе­кіт­кен са­я­сат­тар мен рә­сім­дер:
1) қа­жет болған кез­де жа­ңар­ты­ла­ды және қай­та қа­ра­ла­ды;
2) пер­со­нал­дың қа­ты­суы­мен әзір­ле­не­ді;
3) жұ­мыс орын­да­рын­да пер­со­нал­ға қол­же­тім­ді.
«B» Ре­сур­стар­ды бас­қа­ру
6
Қар­жы­ны бас­қа­ру
Қан ор­та­лы­ғы­ның қар­жы­лық ре­сур­ста­ры мақ­сат­тар­ға қол жет­кі­зу үшін бас­қа­ры­ла­ды және ба­қы­ла­на­ды
6.1
Бас­шы­лық жыл сай­ын қар­жы­лық-ша­ру­а­шы­лық қыз­мет жос­па­рын (да­му жос­па­ры) бе­кі­те­ді:
1) Қан ор­та­лы­ғы­ның бас­шы­лы­ғы мен қар­жы­лық-эко­но­ми­ка­лық бло­гы дай­ын­да­ған;
2) Қан ор­та­лы­ғы пер­со­на­лы­ның қа­ты­суы­мен;
3) бо­лжам­ды кі­рі­стер мен шы­ғы­стар сме­та­ла­ры­на негіз­дел­ген;
4) жыл­дық жос­пар­дың мін­дет­те­рі мен жос­пар­ла­нып отыр­ған іс-ша­ра­ла­ры негі­зін­де.
6.2
Қан ор­та­лы­ғы қар­жы­лық қыз­ме­ті­нің тәр­ті­бі мен рә­сім­де­рі құ­жат­тан­ды­ры­ла­ды және мы­на­лар­ды қам­ти­ды:
1) тө­лем­дер­ді көр­се­ту және есеп­шот­ты тө­леу шұ­ғыл­ды­ғы;
2) бух­гал­тер­лік есеп;
3) құ­рал­дар­ды са­тып алу және жұм­сау бой­ын­ша өкі­лет­тіктер, өкі­лет­тіктер­ді бе­ру рә­сі­мі;
4) сақ­тан­ды­ру;
5) ак­тив­тер­ді бас­қа­ру.
6.3
Бух­гал­тер­лік есеп кі­рі­стер мен шы­ғы­стар­дың бар­лық көз­де­рі ту­ра­лы нақ­ты қар­жы­лық ақ­па­рат­қа негіз­дел­ген, ше­шім­дер қа­был­дау үшін уақ­ты­лы және нақ­ты қар­жы­лық есеп­тер­ді қам­та­ма­сыз ете­ді.
6.4
Кі­ріс, шы­ғыс және қыз­мет­тер­ге жұм­са­ла­тын шы­ғын­дар үне­мі бюд­жет­пен са­лы­сты­рып ба­қы­ла­нып оты­ра­ды, Қан ор­та­лы­ғы­ның бас­шы­лы­ғы­на тоқ­сан сай­ын­ғы қар­жы­лық есеп­тер тү­рін­де тап­сы­ры­лып оты­ра­ды.
6.5
Іш­кі қар­жы­лық ба­қы­лау және аудит жүй­е­сі жұ­мыс іс­тей­ді.
6.6
Сырт­қы қар­жы­лық аудит нор­ма­тив­ті құқық­тық ак­ті­ге сәй­кес жүр­гі­зі­ле­ді.
6.7
Есеп­тер уақ­ты­лы тол­ты­ры­ла­ды және са­лық ор­ган­да­ры мен мем­ле­кет­тік ста­ти­сти­ка ор­ган­да­ры­на жі­бе­рі­ле­ді.
7
Ақ­па­рат­тық бас­қа­ру
Қан ор­та­лы­ғы ақ­па­рат­тық қа­жет­ті­лік­те­рі мен мін­дет­те­рін ше­шу мақ­са­тын­да өз ақ­па­ра­тын жүй­е­лі түр­де бас­қа­ра­ды және қор­ғай­ды.
7.1
Қан ор­та­лы­ғы:
1) қыз­мет көр­се­те­тін;
2) Қан ор­та­лы­ғын бас­қа­ра­тын;
3) Қан ор­та­лы­ғы­ның қыз­мет­те­рін пай­да­ла­на­тын тұ­лға­лар­дың қа­жет­ті­лік­те­рін қа­на­ғат­тан­ды­ру мақ­са­тын­да ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ді жос­пар­лай­ды, әзір­лей­ді және ен­гі­зе­ді.
7.2
Ұй­ым­дар өз қыз­ме­тін үй­ле­сті­ру үшін ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ді қол­да­на­ды, олар:
1) до­нор­лар­ды тар­ту, зерт­ха­на­лық те­сті­леу және қа­жет болған жағ­дай­да ком­по­нент­тер­ді шы­ға­ру си­яқ­ты про­це­стер­дің ара­сын­да­ғы өза­ра бай­ла­ны­ста­рын қол­да­уды;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ге сәй­кес ке­ле­тін үй­ле­сім­ді ком­пью­тер­лер мен қол­дан­ба­лы бағ­дар­ла­ма­лар па­кет­те­рі­нің бо­луын;
3) ли­цен­зи­я­лық бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету­ді;
4) ағым­да­ғы шы­ғын­дар­ды бас­қа­ру­ды;
5) бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету­ді те­сті­леу мен пай­да­ла­ну үшін қа­жет­ті жа­ңар­ту­лар рә­сі­мін;
6) үз­дік­сіз тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту­ді;
7) пер­со­нал­ды оқы­ту­ды қам­та­ма­сыз ете­ді.
7.3
Қан ор­та­лы­ғы мы­на­дай жол­дар­мен ақ­па­рат­тың құ­пи­я­лы­лы­ғын, қа­уіп­сіз­ді­гі мен тұ­та­стығ­ын қам­та­ма­сыз ете­ді:
1) пер­со­нал­дың құ­пия ақ­па­рат­қа қол­же­тім­ді­лі­гі үшін қор­ғау дең­гей­ін ор­на­ту;
2) пер­со­нал­ды же­ке неме­се да­ра ақ­па­рат­ты жа­ри­я­ла­мау­ға және құ­пи­я­лы­лық­ты сақ­та­у­ға оқы­ту;
3) құ­пия ақ­па­рат­қа, оның ішін­де до­нор­лар­дың кар­та­ла­ры­на қол­же­тім­ді­лік­ті шек­теу.
7.4
Ақ­па­рат­ты қор­ғаудың құ­жат тү­рін­де ре­сім­дел­ген рә­сім­де­рін пер­со­нал пай­да­ла­на­ды және олар мы­на­лар­ды қам­ти­ды:
1) файл­дар­дың ре­зерв­тік кө­шір­ме­ле­рін құ­ру;
2) файл­дар­дың ре­зерв­тік кө­шір­ме­ле­рін қа­уіп­сіз сақ­тау;
3) тө­тен­ше жағ­дай­лар ке­зін­де мә­лі­мет­тер­ді қал­пы­на кел­ті­ру.
7.5
Ұй­ым пер­со­на­лы­ның кә­сі­би мін­дет­те­рін орын­дау үшін се­нім­ді Ин­тер­нет-ре­сур­стар­ға қол же­тім­ді­лі­гі бар.
7.6
Пер­со­нал ге­мот­ранс­фу­зио­ло­гия са­ла­сын­да­ғы же­ті­стіктер мен озық тех­но­ло­ги­я­лар ту­ра­лы ақ­па­рат­ты мы­на­дай жол­дар­мен ала ала­ды:
1) жаб­дық­тар­ды пай­да­ла­ну нұс­қа­улық­та­ры, бюл­ле­тень және зерт­теу нәти­же­ле­рі ту­ра­лы ақ­па­рат ар­қы­лы;
2) кә­сі­би кон­фе­рен­ци­я­лар­ға, се­ми­нар­лар мен оқу бағ­дар­ла­ма­ла­ры­на қа­ты­су ар­қы­лы.
7.7
Қан ор­та­лы­ғы ҚР заң­на­ма­сы­на­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін құ­жат­тар­ды бас­қа­ру­дың стан­дарт­ты про­це­сін пай­да­ла­на­ды және оның құ­ра­мы­на мы­на­лар кі­ре­ді:
1) сақ­тау мер­зім­де­рі көр­се­ті­л­ген бе­кі­ті­л­ген іс­тер но­мен­кла­ту­ра­сы;
2) бар­лық бө­лім­дер­де­гі файл­дар (пап­ка­лар) бі­рың­ғай но­мен­кла­ту­ра­ға жи­нақ­та­ла­ды;
3) құ­жат­тар іс­тер но­мен­кла­ту­ра­сы­на сәй­кес пап­ка­лар­да сақ­та­ла­ды.
7.8
Құ­жат­тар­ды бас­қа­ру жүй­е­сі жа­ңар­ту­ға және пер­со­нал­ға уақ­ты­лы жет­кізу­ге мүм­кін­дік бе­ре­ді:
1) са­я­сат­тар мен рә­сім­дер­ді;
2) стан­дарт­тар мен хат­та­ма­лар­ды.
7.9
Ұй­ым­ның қыз­ме­тін рет­тей­тін іш­кі құ­жат­тар­ды:
1) жа­у­ап­ты тұл­ға бе­кі­те­ді және қол қо­яды;
2) ен­гі­зу кү­ні және қол­да­ныс мер­зі­мі бо­ла­ды;
3) қа­жет­ті­лі­гіне қа­рай жа­ңар­ты­ла­ды;
4) жа­у­ап­ты тұ­лға­лар­дың уақ­ты­лы орын­да­уы­на ба­қы­ла­на­ды.
7.10
До­нор­лар ту­ра­лы ме­ди­ци­на­лық жа­з­ба­лар:
1) жо­ға­лу­дан, жой­ы­лу­дан, бұр­ма­ла­ну­дан және заң­сыз қол же­тім­ді­лік­тен неме­се пай­да­ла­ну­дан қор­ғал­ған;
2) тек өкі­лет­ті пер­со­нал­ға ға­на қол­же­тім­ді;
3) үй-жай­дан ар­найы рұқ­сат­сыз шы­ға­рыл­мауы ти­іс.
7.11
Ме­ди­ци­на­лық құ­жат­тар мұ­ра­ға­та­ла­ды:
1) құ­жат­тар­ды мұ­ра­ғат­тау, мұ­ра­ғат­қа бе­ру және мұ­ра­ғат­тан алу жө­нін­де­гі құ­жат­тан­ды­ры­л­ған рә­сім­ге сәй­кес;
2) жа­у­ап­ты тұл­ға­ның бас­шы­лы­ғы­мен;
3) мұ­ра­ғат үй-жайы бөгде адам­дар­дың қол же­тім­ді­лі­ген қор­ғал­ған жер­де ор­на­лас­қан және сө­ре­лер­мен (шкаф­тар­мен; жаб­дық­тал­ған);
4) до­нор­лар­дың кар­та­ла­ры­нан үзін­ді кө­шір­ме­лер бел­гі­лі бір тұ­лға­лар­ға сұ­ра­ту бой­ын­ша ға­на бе­рі­ле­ді.
8
Ада­ми ре­сур­стар­ды бас­қа­ру
Ада­ми ре­сур­стар­ды ти­ім­ді жос­пар­лау және бас­қа­ру пер­со­нал­дың ең­бек өнім­ді­лі­гін арт­ты­ра­ды және Қан ор­та­лы­ғы­ның ал­ға қой­ған мақ­сат­та­ры мен мін­дет­те­ріне қол жет­кі­зу­дің құ­ра­лы бо­лып та­бы­ла­ды
8.1
Қан ор­та­лы­ғын­да мы­на­лар­ды анық­тау үшін құ­жат­тал­ған про­цесс пай­да­ла­ны­ла­ды:
1) қыз­мет­тер мен жұ­мыстар­дың жос­пар­лан­ған кө­лем­де­рін орын­дау үшін қа­жет­ті пер­со­нал­дың жиын­тық­та­лу дең­гей­ін;
2) та­лап еті­ле­тін ең­бек өті­лі мен жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сін;
3) пер­со­нал бей­ін­де­рі мен ла­у­а­зым­да­ры­ның ана­ғұр­лым ти­ім­ді және ұтым­ды құ­ры­лы­мын.
8.2
Қан ор­та­лы­ғы қыз­мет көр­се­ту бой­ын­ша қой­ы­л­ған мін­дет­тер­ді орын­дау мақ­са­тын­да бі­лік­ті штат­ты та­ғай­ын­дау, ірік­теу, оқы­ту, ба­ға­лау, кө­тер­ме­леу, сақ­тау және тар­ту кі­ре­тін штат­ты бас­қа­ру жө­нін­де­гі са­я­сат пен рә­сім­ді әзір­лей­ді және пай­да­ла­на­ды.
8.3
Ма­ман­дар­дың қол же­тім­ді­лі­гі және пер­со­нал­дың кә­сіп­тік дағ­ды­ла­ры­ның құ­ры­лы­мы:
1) әр­бір бө­лім­ше­нің функ­ци­я­ла­ры­на сәй­кес ке­ле­ді;
2) жос­пар­лау ке­зін­де жыл сай­ын неме­се қа­жет­ті­лік бой­ын­ша қай­та қа­ра­ла­ды.
8.4
Бар­лық штат­тық ла­у­а­зым­дар­ға ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­ның бас­шы­сы бе­кіт­кен ла­у­а­зым­дық нұс­қа­улық­тар әзір­лен­ген. Ла­у­а­зым­дық нұс­қа­улық­тар әр­бір қыз­мет­кер­ге қол­же­тім­ді және олар мы­на­лар­ды:
1) штат­тық ла­у­а­зым­мен ай­на­лы­су­ға қа­жет­ті бі­лік­ті­лік, дағ­ды­лар, дай­ын­дық, жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сін;
2) функ­ци­о­нал­дық мін­дет­тер­ді;
3) есеп­ті­лік­ті;
4) қай­та қа­рау мер­зім­де­рін қам­ти­ды.
8.5
Әр­бір қыз­мет­кер­де өз ла­у­а­зым­дық нұс­қа­улы­ғы­ның қол қой­ы­л­ған түп­нұс­қа­сы бо­ла­ды, оның кө­ші­ме­сі кадр­лар бө­лі­мін­де сақ­та­ла­ды.
8.6
Қан ор­та­лы­ғы кли­ни­ка­лық прак­ти­ка­ға жі­бе­рі­л­ген ма­ман­ды жұ­мысқа та­ғай­ын­дау/қа­был­да­у­ға дей­ін:
1) оның кли­ни­ка­лық бі­лім­де­рі мен дағ­ды­ла­ры­на ба­ға­лау жүр­гі­зе­ді;
2) ұсы­ны­л­ған ал­ғаш­қы құ­жат­та­ма­ға (ди­плом­дар, сер­ти­фи­кат­тар) тек­се­ру жүр­гі­зе­ді;
3) қыз­мет­тік ті­зі­мін, ең­бек өті­лін және жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сін көр­се­те оты­рып, же­ке іс­ті тол­ты­ра­ды.
8.7
Ла­у­а­зым­ға та­ғай­ын­дау (қа­был­дау):
1) қыз­мет­кер мен Қан ор­та­лы­ғы ара­сын­да ке­лі­сім­шар­тқа қол қою­мен;
2) ла­у­а­зым­дық нұс­қа­улық­та көр­се­ті­л­ген та­лап­тар­ға сәй­кес;
3) бі­рін­ші бас­шы бе­кіт­кен ла­у­а­зым­ға ірік­теу мен та­ғай­ын­да­удың құ­жат­тал­ған про­це­сіне сәй­кес;
4) ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес және жұ­мысқа ор­на­ла­су­дың бір­дей мүм­кін­дік­те­рін қам­та­ма­сыз ету­мен жүр­гі­зі­ле­ді.
8.8.
Әр­бір қыз­мет­кер Қан ор­та­лы­ғы­мен, оның мақ­сат­та­ры­мен және мін­дет­те­рі­мен, сон­дай-ақ ла­у­а­зым­ға ор­на­ла­сты­ру­дың құ­жат­тал­ған бағ­дар­ла­ма­сы­на сәй­кес өзі­нің ла­у­а­зым­дық мін­дет­те­рі­мен та­ны­су үшін нұс­қа­удан өте­ді.
8.9
Қан ор­та­лы­ғы­ның пер­со­на­лы мы­на­лар ар­қы­лы сәй­кестен­ді­рі­ле­ді:
1) ар­найы ме­ди­ци­на­лық ки­ім­ді;
2) тех­ни­ка­лық қыз­мет­кер­лер­ге ар­нал­ған ар­найы ки­ім­дер­ді кию;
3) те­гі, аты, әке­сі­нің аты және ат­қа­ра­тын ла­у­а­зы­мы көр­се­ті­л­ген бей­дж­дер­ді та­ғу.
8.10
Қан ор­та­лы­ғын­да мы­на­лар­ды тек­се­ру үшін жыл сай­ын жүр­гі­зі­ле­тін мамн­дар­дың жұ­мыс нәти­же­ле­рін ба­ға­лау рә­сі­мі бар:
1) ла­у­а­зым­дық нұс­қа­улық­тар­да көр­се­ті­л­ген мақ­сат­тар мен мін­дет­тер­ге сәй­кест­і­гі;
2) же­ті­стіктер­ді және бі­лік­ті­лік­ті арт­ты­ру­ды та­лап ете­т­ін­дер­ді анық­тау;
3) рә­сім­ді бө­лім­ше қыз­мет­ке­рі мен бас­шы­сы құ­жат­тан­ды­ра­ды және қол қо­яды;
4) же­ке іс­ке тігі­ле­ді.
8.11
Қан ор­та­ла­ғын­да бар­лық кли­ни­ка­лық пер­со­нал­дың қыз­ме­тіне мо­ни­то­ринг жүр­гі­зу те­ті­гі бар, ол мы­на­лар­ды қам­ти­ды:
1) кли­ни­ка­лық пер­со­нал­дың өз кә­сі­би құ­зы­ре­тін сақ­тау үшін жет­кі­лік­ті үз­дік­сіз кли­ни­ка­лық прак­ти­ка­сы бар еке­ніне мо­ни­то­ринг жүр­гі­зу;
2) қо­сым­ша тә­лім­гер­лік, оқы­ту неме­се бас­қа да рә­сім­дер ар­қы­лы пер­со­нал­дық бі­лік­ті­лі­гі­мен бай­ла­ны­сты про­бле­ма­лар­ды ше­шу;
3) кли­ни­ка­лық пер­со­нал өз өкі­лет­тікте­рі мен құ­зі­ре­ті шең­бе­рін­де кли­ни­ка­лық қыз­мет­пен ай­на­лы­са­ты­ны­на мо­ни­то­ринг жүр­гі­зу;
4) қыз­мет­кер­лер­дің кә­сі­би бі­лік­ті­лі­гі мен құ­зы­ре­ті ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді үне­мі тек­се­ру.
8.12
Бюд­жет және ма­ман­дар­дың бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру бой­ын­ша жыл­дық жос­пар мы­на­лар­дың негі­зін­де әзір­ле­не­ді:
1) қыз­мет­кер­лер­ді қо­сым­ша да­яр­ла­у­ға қа­жет­ті­лік­тер­ді тал­дау;
2) Қан ор­та­лы­ғы­ның қыз­мет көр­се­ту­мен бай­ла­ны­сты қа­жет­ті­лік­те­рін тал­дау.
8.13
Қан ор­та­лы­ғын­да үз­дік­сіз кә­сі­би бі­лім бе­ру са­я­са­ты бар, ол мы­на­лар­ды көз­дей­ді:
1) мамн­дар­дың бі­лік­ті­лі­гін үне­мі жо­ға­ры­ла­тып оты­ру (бес жыл­да бір рет­тен кем емес);
2) бі­лік­ті­лік­ті жо­ға­ры­ла­ту­ға ар­нал­ған қа­ра­жат.
8.14
Оқы­ту ту­ра­лы жа­з­ба­лар­ды қо­сқан­да, ұй­ым­ның әр­бір қыз­мет­ке­рі ту­ра­лы то­лық құ­жат­тал­ған ақ­па­рат бар, ол құ­пи­я­лы бо­лып есеп­те­ле­ді және бөгде адам­дар­дың рұқ­сат­сыз ашуы­нан қор­ға­ла­тын орын­да сақ­та­ла­ды.
8.15
Қан ком­по­нент­те­рін жи­нау, өн­ді­ру, сақ­тау және та­ра­ту­мен, сон­дай-ақ құ­жат­тар­ды тек­се­ру­мен бай­ла­ны­сты қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ра­тын қыз­мет­кер­лер­дің ті­зі­мі құ­ра­с­ты­ры­л­ған және олар­дың жұ­мыс іс­теу мер­зі­мін­де қол­таң­ба­ла­ры­мен, аты-жө­ні­нің бі­рін­ші әріп­те­рі­мен және сәй­кестен­ді­ру код­та­ры ар­қы­лы қол­дау көр­се­ті­ле­ді.
«C» Қа­уіп­сіз­дік­ті бас­қа­ру
9
Ғи­ма­рат­тар­дың қа­уіп­сіз­ді­гі
Қан ор­та­лы­ғы­ның қор­ша­ған ор­та­сы до­нор­лар, пер­со­нал және ке­лу­ші­лер үшін қа­уіп­сіз және қо­лай­лы бо­лып та­бы­ла­ды
9.1
Қан ор­та­лы­ғы­ның ғи­ма­рат­та­ры:
1) күн­де­лік­ті жұ­мыс пен тө­тен­ше жағ­дай­лар­да қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де бө­лім­ше­лер­дің ауда­ны мен ор­на­ла­суы та­лап­та­ры­на сай ке­ле­ді;
2) тұ­рақ­ты түр­де жөн­де­ле­ді; жүк жет­кі­зу және мүм­кін­дік­те­рі шек­те­улі адам­дар­дың ке­луі үшін ың­ғай­лы;
3) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­ла­рын­да көз­дел­ген құ­ры­лыс нор­ма­ла­ры мен қа­ғи­да­ла­ры­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­ді;
3) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­ла­рын­да көз­дел­ген са­ни­та­ри­я­лық нор­ма­лар мен қа­ғи­да­лар­дың та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­ді.
9.2
Қан ор­та­лы­ғын­да ре­сми са­я­сат пен рә­сім­дер­ге сәй­кес қа­уіп­сіз­дік­ті қам­та­ма­сыз ету мақ­са­тын­да мы­на­дай ша­ра­лар қол­да­ны­ла­ды:
1) же­ке неме­се оқ­ша­у­лан­ған үй-жай­да жұ­мыс іс­тей­тін пер­со­нал­ды;
2) күн­діз­гі және түн­гі уа­қыт­та жұ­мыс іс­тей­тін пер­со­нал­ды зор­лық қа­у­пі­нен және мү­лік­ті жо­ғал­ту­дан;
3) дә­рі­лік заттар­ды ұлрау мен қол сұ­ғу­дан;
4) ғи­ма­рат­ты, жаб­дық пен мү­лік­ті бү­лі­ну мен жо­ға­лу­дан қор­ғау.
9.3
Қан ор­та­лы­ғы­ның ау­ма­ғы­на то­лық кө­лем­де қыз­мет көр­се­ті­ле­ді және кө­лік та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­ді:
1) бос кө­лік жол­да­ры бар;
2) до­нор­лар мен ке­лу­ші­лер­дің кө­лі­гі үшін ар­найы ав­то­тұ­рақ бө­лін­ген;
3) қа­жет болған кез­де Қан ор­та­лы­ғы­ның кө­лі­гін жөн­де­у­ге ар­нал­ған ти­іс­ті орын және жаб­дық­тал­ған га­раж бар.
9.4
Қан ор­та­лы­ғын­да са­ни­та­ри­я­лық-ги­ги­е­на­лық нор­ма­лар мен қа­ғи­да­лар­дың та­лап­та­ры­на жа­у­ап бе­ре­тін су құ­бы­ры және кә­різ жүй­е­ле­рі жұ­мыс іс­тей­ді.
1) па­ци­ент­тер­дің бо­лу орын­да­рын­да және бас­қа қыз­мет­тік ай­мақ­тар­да қол же­тім­ді суық және ыстық су­ды үз­дік­сіз бе­ру;
2) жұ­мыс іс­теп тұр­ған кә­р­із­дік және дре­на­ж­дық жүйе.
9.5
Қан ор­та­лы­ғын­да­ғы жағ­дай пер­со­нал мен до­нор­лар­дың қо­лай­лы­лы­ғы мен қа­уіп­сіз­ді­гіне мы­на­дай жол­дар­мен ық­пал ете­ді:
1) ауа­ны шы­ға­ру, те­ре­зе­лер­ді ашу кө­ме­гі­мен - та­би­ғи және/неме­се со­ру-шы­ға­ру ар­қы­лы жа­сан­ды жел­де­ту;
2) жыл­дың суық мез­гіл­де­рін­де бар­лық үй-жай­лар­да ор­та­лық неме­се жер­гі­лік­ті жы­лу бе­ру­дің ти­ім­ді жұ­мыс іс­теп тұр­ған жүй­е­сі;
3) па­ци­ент­тер бо­ла­тын орын­дар­да та­би­ғи жа­рық бе­ру;
4) та­би­ғи жа­рық жоқ орын­дар­да лай­ық­ты жа­сан­ды жа­рық бе­ру.
9.6
До­нор­лар мен пер­со­нал­дың ги­ги­е­на­сын сақ­тау үшін жағ­дай­лар­ды Қан ор­та­лы­ғы қам­та­ма­сыз ете­ді:
1) ың­ғай­лы орын­дар­да ор­на­лас­қан, тү­сі­нік­ті түр­де бел­гі­лен­ген және қол­же­тім­ді әжет­ха­на­лар мен ги­ги­е­на­лық бөл­ме­лер­дің жет­кі­лік­ті са­нын;
2) бар­лық әжет­ха­на­лар­да пер­со­нал­ға ар­нал­ған жұ­мыс ай­мақ­та­рын­да қол жу­ғы­штар­ға, элек­тр­кеп­тір­гіш­тер­ге неме­се қа­ғаз сүл­гі­лер­ге қол же­тім­ді­лік­ті;
3) қол жу­ғы­штар жоқ жер­де қол­ды за­рар­сыздан­ды­ра­тын құ­рал­дар­ды ұсы­на­ды.
10
Тө­тен­ше жағ­дай­лар­ды және өрт­ке қар­сы қа­уіп­сіз­дік­ті бас­қа­ру
Қан ор­та­лы­ғы өрт­тің пай­да бо­лу қа­у­пін ба­рын­ша тө­мен­де­те­ді және тө­тен­ше және шек­ті оқи­ға­лар­ға дай­ын
10.1
Қан ор­та­лы­ғы өрт неме­се бас­қа тө­тен­ше оқи­ға­лар болған кез­де­гі іс-ша­ра­лар­дың нақ­ты жос­па­рын әзір­лей­ді, ол мы­на­лар­ды қам­ти­ды:
1) шұ­ғыл әре­кет ету ша­ра­ла­рын бас­қа­ру және үй­ле­сті­ру үшін жа­у­ап­кер­ші­лік;
2) апат­тық қыз­мет­тер мен пер­со­нал­ға ха­бар бе­ру про­це­сі;
3) шұ­ғыл бай­ла­ныс жүй­е­сі;
4) қа­жет болған кез­де адам­дар­ды ғи­ма­рат­тан эва­ку­а­ци­я­лау рә­сі­мі.
10.2
Эва­ку­а­ция ке­зін­де­гі бағ­дар та­бу рә­сі­мін қо­сқан­да пер­со­нал тө­тен­ше жағ­дай ке­зін­де­гі әре­кет ету жос­па­ры­на сәй­кес жыл сай­ын­ғы оқу­дан өте­ді және жы­лы­на кем де­ген­де бір рет оқу даб­ы­лы бой­ын­ша іс-ша­ра­лар­ға қа­ты­са­ды.
10.3
Қан ор­та­лы­ғы та­би­ғи апат­тар, жап­пай жа­ра­қат­та­ну­шы­лық, ау­ру­лар­дың пай­да бо­луы және әс­ке­ри агрес­сия си­яқ­ты тө­тен­ше жағ­дай­лар­ға же­дел әре­кет ету­ді қам­та­ма­сыз ете­тін әре­кет­тер жос­па­рын әзір­лей­ді және мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­мен, қо­ғам­дық қа­уіп­сіз­дік қыз­мет­те­рі­мен, ден­са­улық сақ­тау қыз­мет­те­рі­мен және бас­қа да қыз­мет­тер­мен ке­лі­се­ді.
10.4
Қан ор­та­лы­ғы қан­дай да бір сер­вис іс­тен шық­қан кез­де үз­дік­сіз жұ­мыс пен ком­му­ни­ка­ця­ны қам­та­ма­сыз ету­ді жос­пар­лай­ды және:
1) жаб­дық­тар­дың іс­тен шы­ғуы­на;
2) электр қу­а­ты мен те­ле­фон же­лі­сі­нің іс­тен шы­ғуы­на;
3) ор­та­лық қол же­тім­сіз болған жағ­дай­лар­да;
4) кө­лік­тің жа­рам­сызды­ғы­на;
5) ғи­ма­рат­та­ғы апат неме­се оның жа­бы­луы­на әре­кет ету жө­нін­де­гі оқу іс-ша­ра­ла­рын жыл сай­ын өт­кі­зе­ді.
10.5
Қиын жүй­е­лер және тір­ші­лік­ті қам­та­ма­сыз ете­тін жүй­е­лер ре­зерв­тік ге­не­ра­тор­мен және үз­дік­сіз электр қу­а­ты­мен қор­ғал­ған.
10.6
Қан ор­та­лы­ғы өрт шы­ғу қа­у­пін мы­на­дай жол­дар­мен тө­мен­де­те­ді:
1) от­қа тө­зім­ді бо­яу мен жи­һаз си­яқ­ты от­қа тө­зім­ді құ­ры­лыс ма­те­ри­ал­да­рын пай­да­ла­ну; ғи­ма­рат ішін­де­гі са­ты­лар және сырт­қы өрт са­ты­ла­ры си­яқ­ты қо­сал­қы кө­ші­ру жол­да­ры­мен қам­та­ма­сыз ету;
2) ти­іс­ті орын­дар­да ор­на­лас­қан және ти­іс­ті түр­де бел­гі­лен­ген өрт сөн­ді­ру жаб­дық­та­ры­мен (гид­рант­тар, өрт шлан­гі­ле­рі, өрт сөн­дір­гіш­тер, ав­то­мат­ты су­мен өрт сөн­ді­ру жүй­е­ле­рі) қам­та­ма­сыз ету;
3) өрт даб­ы­лы жүй­е­сін және ха­бар­лау жүй­е­сін ор­на­ту;
4) өрт­тің та­ра­луын шек­теу үшін тех­ни­ка және құ­ры­л­ғы­лар­ды пай­да­ла­ну (өрт­ке қар­сы ке­дер­гі­лер, өрт­ке қар­сы қа­быр­ға­лар, өрт есік­те­рі және апат­тық ажы­рат­қы­штар).
10.7
Тез жа­на­тын заттар, газ бал­лон­да­ры және бас­қа аса қа­уіп­ті ма­те­ри­ал­дар мен хи­ми­я­лық заттар қа­уіп­сіз­дік тех­ни­ка­сы жө­нін­де­гі нұс­қа­улық­қа сәй­кес сақ­та­ла­ды және пай­да­ла­ны­ла­ды, мы­на­лар­ды қам­ти­ды:
1) жүй­е­лі ірік­теу мен таң­ба­ла­уды;
2) үй-жай­лар­ды және гер­ме­ти­ка­лық оқ­ша­у­ла­ғы­шты құлып­тап жа­бу;
3) газ бал­лон­да­рын сақ­та­у­ға ар­нал­ған, өкі­лет­ті адам­дар­дың ға­на кі­ру­іне бо­ла­тын құлып­тай­тын те­тікте­рі бар кон­тей­нер­лер неме­се қор­ша­у­лар;
4) зи­ян­ды хи­ми­кат­тар­ды жер­тө­ле­де­гі қой­ма­лар­да еден дең­гей­ін­де­гі ма­ман­дан­ды­ры­л­ған орын­дар­да сақ­тау.
11
Кө­лік құ­рал­да­рын, жаб­дық­тар мен шы­ғыс ма­те­ри­ал­да­рын қа­уіп­сіз пай­да­ла­ну
Қан ор­та­лы­ғы кө­лік құ­рал­да­рын, жаб­дық­тар­ды, шы­ғыс ма­те­ри­ал­да­рын қа­уіп­сіз, ти­ім­ді және ұтым­ды пай­да­ла­на­ды
11.1
Қан ор­та­лы­ғы кө­лік құ­рал­да­рын, ме­ди­ци­на­лық құ­рал­дар мен жаб­дық­тар­ды са­тып алу­ды, жа­ңар­ту­ды және ауы­сты­ру­ды жос­пар­лай­ды:
1) Қан ор­та­лы­ғы­ның қыз­мет көр­се­туі үшін;
2) тө­тен­ше жағ­дай­лар ке­зін­де қол­да бар ре­зерв­тің кө­ме­гі­мен әре­кет ету үшін;
3) бар­лық кө­лік құ­рал­да­ры­ның, жаб­дық­тар мен ас­пап­тар­дың үз­дік­сіз жұ­мыс іс­те­уін қам­та­ма­сыз ету үшін.
11.2
Құ­рал­дар мен жаб­дық­тар­ды про­фи­лак­ти­ка­лық тек­се­ру бағ­дар­ла­ма­сы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да құқық­тық та­лап­та­ры­на сәй­кес орын­да­ла­ды және құ­жат­та­ла­ды және мы­на­лар­ды көз­дей­ді:
1) жаб­дық­тар­ды үне­мі те­сті­леу, тек­се­ру және оған тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту кесте­сін;
2) өн­ді­ру­ші­нің пай­да­ла­ну бой­ын­ша нұс­қа­улы­ғы негі­зін­де­гі нұс­қа­улық­ты және, ти­іс­ті электр жаб­дық­та­ры жө­нін­де­гі стан­дарт­тар­ды, қа­уіп­ті заттар­мен жұ­мыс іс­теу жө­нін­де­гі стан­дарт­тар­ды және қа­уіп­сіз­дік стан­дарт­та­рын; та­лап­тар­ға сәй­кес ка­либр­ле­уді орын­дау және стан­дарт­тау және мет­ро­ло­гия ұй­ым­да­рын­да өл­шеу құ­рал­да­рын тек­се­ру.
11.3
Қан ор­та­лы­ғы мы­на­дай жол­дар­мен кө­лік құ­рал­да­рын ти­іс­ті жағ­дай­да кү­тіп-ұстай­ды:
1) өн­ді­ру­ші­нің ұсы­ным­да­ры­на сәй­кес кө­лік құ­рал­да­ры­ның та­за­лы­ғы мен жұ­мыс жағ­дай­ын қам­та­ма­сыз ету үшін сер­ви­стік қыз­мет көр­се­ту­ден және про­фи­лак­ти­ка­лық тек­се­ру­ден өт­кі­зу;
2) жа­ра­қат­тар мен қай­ғы­лы оқи­ға­лар­ға алып ке­луі мүм­кін ақа­у­лар­ды анық­тау үшін кө­лік құ­рал­да­рын жүй­е­лі тек­се­ру­ден өт­кі­зу;
3) кө­лік құ­рал­да­ры­ның жа­рам­сыздық­та­рын анық­тау және жою.
11.4
Кө­лік құ­рал­да­ры мен жаб­дық­тың ақа­у­ла­ры мен жа­рам­сыздық­та­ры ту­ра­лы ха­бар­лау және олар­ды жою жүй­е­сі бар, ол мы­на­лар­ды қам­ти­ды:
1) ақа­у­лар­ды және жа­рам­сыздық­тар­ды тір­кеу жур­на­лы;
2) кө­лік құ­рал­да­ры мен жаб­дық­ты жөн­де­у­ге неме­се ауы­сты­ру­ға бе­ру үшін пер­со­нал қол­да­на­тын бі­рың­ғай бланк;
3) ақа­у­лар­ды және жа­рам­сыздық­тар­ды тір­кеу жур­на­лын үне­мі тек­се­ру;
4) бел­гі­лен­ген кри­те­рий­лер­ге сәй­кес жөн­де­у­ге кел­мей­тін неме­се тоз­ған кө­лік құ­рал­да­ры мен жаб­дық­тар­ды жа­рам­сыз деп та­ну және шы­ғын­ға жа­зу ту­ра­лы ше­шім­дер;
5) жөн­де­у­ге бе­рі­л­ген бар­лық өті­нім­дер­ге, орын­дал­ған жұ­мыстар­ға, жү­зе­ге асы­ры­л­ған са­тып алу­лар мен олар­ды орын­дау уа­қы­ты­на мо­ни­то­ринг жүр­гі­зу және құ­жат­тау.
11.5
Ма­те­ри­ал­дар­ды жет­кі­зе­тін және тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­те­тін мер­ді­гер­лер­мен жа­сал­ған жа­з­ба­ша ке­лі­сім­дер, оның ішін­де кө­лік құ­рал­да­рын кү­тіп-ұстау, ме­ди­ци­на­лық және электр жабды­ғын про­фи­лак­ти­ка­лық тек­се­ріп-қа­рау және жаб­дық­ты жөн­деу бой­ын­ша қыз­мет­тер:
1) екі та­рап­тың мін­дет­те­рін және қа­уіп­сіз­дік пен са­па та­лап­та­рын;
2) жет­кі­зу мер­зім­де­рі мен құ­нын көз­дей­ді;
3) мер­ді­гер­лер­дің мін­дет­те­рін орын­да­уын мо­ни­то­рин­гі­леу үшін қол­да­ны­ла­ды.
11.6
Қан ор­та­лы­ғы кө­лік құ­рал­да­ры мен жаб­дық­тар­ды қа­уіп­сіз және дұ­рыс пай­да­ла­ну­ды мы­на­лар­ды қам­та­ма­сыз ету ар­қы­лы көз­дей­ді:
1) жа­ңа және бұ­рын­нан бар кө­лік құ­рал­да­ры­мен және жаб­дық­пен жұ­мыс іс­тей­тін бар­лық пер­со­нал олар­ды қа­уіп­сіз пай­да­ла­ну және кү­тіп-ұстау бой­ын­ша оқу­дан өте­ді;
2) ди­а­гно­сти­ка­лық және бас­қа ме­ди­ци­на­лық жаб­дық­тың қа­уіп­сіз­дік тех­ни­ка­сы жө­нін­де­гі қа­ғи­да­ла­ры мен нұс­қа­улық­та­ры бар­лық пер­со­нал үшін қол­же­тім­ді.
11.7
Ма­те­ри­ал­дар­мен қам­та­ма­сыз ету жүй­е­сі қол­да­ны­ла­ды, ол мы­на­лар­ды көз­дей­ді:
1) ма­те­ри­ал­дар­дың қа­жет­ті­лі­гін ба­ға­лау;
2) ма­те­ри­ал­дық құ­рал­дар­дың қор­ла­рын және олар­ды кү­тіп-ұа­та­у­ға жұм­са­ла­тын шы­ғын­дар­ды азай­ту ке­зін­де қа­жет­ті­лік­тер­ді қа­на­ғат­тан­ды­ра­тын ма­те­ри­ал­дық құ­рал қор­ла­ры­ның оң­тай­лы кө­ле­мін бел­гі­леу;
3) қор­лар қоз­ға­лы­сын есеп­ке алу және қой­ма қор­ла­ры­ның кө­ле­мін ба­қы­лау;
4) қол­да­ныс мер­зі­мі аяқ­тал­ған­ға дей­ін қор­лар­ды уақ­ты­лы ауы­сты­ру;
5) қор­лар­ды сө­ре­лер­де, құр­ғақ және қа­уіп­сіз үй-жай­лар­да сақ­тау.
11.8
Жу­ғыш және за­рар­сыздан­ды­ру затта­ры­мен және бак­те­ри­я­ға қар­сы қол ге­лі­мен қам­та­ма­сыз ету ұй­ым­дар­дың са­ни­та­ри­я­лық та­лап­тар­ды ти­ім­ді сақ­та­уы және ау­ру­лар­дың про­фи­лак­ти­ка­сы үшін жет­кі­лік­ті бо­лып та­бы­ла­ды.
12
Ден­са­улық­қа қо­лай­лы ең­бек шар­тта­ры
Пер­со­нал үшін қа­уіп­сіз және са­ла­мат­ты ең­бек ету жағ­дай­ла­ры­на мүм­кін­дік ту­ғы­за­тын кә­сі­би ең­бек ги­ги­е­на­сы­ның бағ­дар­ла­ма­сы бар
12.1
Кә­сі­би ги­ги­е­на мә­се­ле­ле­рін ше­шу және қыз­мет­кер­лер­дің ден­са­улы­ғын қам­та­ма­сыз ету бой­ын­ша құ­жат­тал­ған про­це­сте­рі бар кә­сі­би ең­бек ги­ги­е­на­сы­ның бағ­дар­ла­ма­сы бар, ол мы­на­лар­ды қам­ти­ды:
1) био­ло­ги­я­лық скри­нинг және В және С ге­па­ти­ті тә­р­із­ді ви­ру­стар­дан және қан­мен жа­на­су­дан қор­ғау;
2) ине­мен жа­ра­қат алу және көз­ді за­қым­дау про­фи­лак­ти­ка­сы;
3) ау­ру­дан неме­се жа­ра­қат­тан кей­ін пер­со­нал­ды жұ­мысқа орал­ту;
4) жұ­мыс орын­да­ры­ның эр­го­но­ми­ка­лық жай­лы­лы­ғын қам­та­ма­сыз ету;
5) пер­со­нал­ды жа­ра­қат­та­ну қа­у­пін азай­ту­ға үй­ре­ту.
12.2
Қан ор­та­лы­ғы пер­со­нал­дың ден­са­улы­ғын сақ­тау мақ­са­тын­да қа­ра­жат бе­ре­ді және қыз­мет­тер­ді ұсы­на­ды, оның ішін­де:
1) ал­ғаш­қы ме­ди­ци­на­лық кө­мек көр­се­ту;
2) ине­мен шан­шып алу және көз­ді за­қым­да­уды қо­сқан­да өн­ді­рі­стік жа­ра­қат­ты же­дел тек­се­ру және ем­деу;
3) стресті ба­рын­ша тө­мен­де­ту және стресті бас­қа­ру мақ­са­тын­да жұ­мыс жүк­те­ме­сін және пси­хо­ло­ги­я­лық қол­да­уды мо­ни­то­ринг­гі­леу.
12.3
Пер­со­нал өз ден­са­улы­ғы мен қа­уіп­сіз­ді­гі үшін жа­у­ап­кер­ші­лік бой­ын­ша оқу­дан өте­ді, олар мы­на­лар­ды қам­ти­ды:
1) ден­са­улық пен жұ­мыс ор­нын­да­ғы қа­уіп­сіз­дік­ке қа­ты­сты са­я­сат пен рә­сім­дер;
2) жұ­мыс ор­нын­да­ғы қа­уіп­тер­ді анық­тау және бас­қа­ру;
3) до­нор­лар­ға, пер­со­нал­ға неме­се бас­қа тұ­лға­лар­ға жұ­мыс ор­нын­да неме­се қыз­мет­тік мін­дет­те­рін орын­дау ке­зін­де зи­ян кел­тір­ген неме­се зи­ян кел­ті­руі мүм­кін оқи­ға­лар­ды, апат­тар, қай­ғы­лы жағ­дай­лар­ды неме­се жа­ғым­сыз оқи­ға­лар­ды анық­тау және олар ту­ра­лы ха­бар­лау.
12.4
Қан ор­та­лы­ғы жы­лы­на ке­мін­де бір рет пер­со­нал­дың ең­бек жағ­дай­ла­ры­на қа­на­ғат­та­нуын ба­ға­лай­ды, бұл рет­те:
1) са­у­ал­на­ма­ның неме­се жүр­гі­зі­л­ген ба­ға­лау бой­ын­ша аудит­тің нәти­же­ле­рін пер­со­нал­дың на­за­ры­на жет­кі­зе­ді;
2) анық­тал­ған про­бле­ма­лар­ды ше­шу үшін алын­ған нәти­же­лер бой­ын­ша ша­ра­лар қа­был­дай­ды.
12.5
Әр­бір бө­лім мы­на­дай мақ­сат­тар­да жүй­е­лі про­це­сті пай­да­ла­на­ды:
1) нақ­ты және әле­ует­ті қа­уіп­тер­ді үне­мі анық­тау және қа­уіп­тер­ді тір­кеу жур­на­лын­да құ­жат тү­рін­де есеп­ке алу (жы­лы­на ке­мін­де бір рет);
2) анық­тал­ған қа­уіп­тер­дің дең­гейі мен сал­да­рын ба­ға­лау және олар­ды қа­уіп дә­ре­же­сі бой­ын­ша са­ты­лау;
3) ед­әу­ір қа­уіп ту­ғы­за­тын қа­уіп­тер­ді ба­қы­лау, жою, оқ­ша­у­лау неме­се олар­дың әсе­рін ба­рын­ша тө­мен­де­ту те­тікте­рін ен­гі­зу;
4) оқ­ша­у­лан­ған неме­се ба­рын­ша азай­ты­л­ған, бі­рақ бел­гі­лен­ген кесте­ге сәй­кес жой­ыл­ма­ған еле­улі қа­уіп­тер­ді шо­лу.
12.6
Қа­уіп­тер ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қо­са ал­ған­да, пер­со­нал­дың ден­са­улы­ғы мен қа­уіп­сіз­ді­гі­нің өзек­ті мә­се­ле­ле­рі ту­ра­лы ақ­па­рат кө­рі­не­тін жер­ге ілін­ген және пер­со­нал мен шарт негі­зін­де жұ­мыс іс­тей­тін қыз­мет­кер­лер­дің на­за­ры­на жет­кі­зі­л­ген.
12.7
Жұ­мысы әле­ует­ті қа­уіп­пен бай­ла­ны­сты пер­со­нал қор­ғау құ­рал­да­ры­мен қам­та­ма­сыз еті­л­ген: ти­іс­ті қор­ғау ки­і­мі және жаб­дық­тар, ар­найы ки­ім, ал­жап­қыш, бет­пер­де, қол­ғап, бас ки­ім­дер, қор­ғау кө­зіл­ді­рік­те­рі.
Қақ­тығ­ы­стар, қай­ғы­лы жағ­дай­лар және жа­ғым­сыз оқи­ға­лар
12.8
Жұ­мыс уа­қы­тын­да­ғы жа­за­тай­ым жағ­дай­лар мен ау­ру­лар­ды қо­са ал­ған­да­ғы бар­лық қақ­тығ­ы­стар, қай­ғы­лы оқи­ға­лар және қо­лай­сыз жағ­дай­лар:
1) бар­лық бө­лім­ше­лер­де бар ти­іс­ті блан­кі­лер­де бел­гі­лен­ген мер­зім­де ха­бар­ла­на­ды;
2) жа­за­тай­ым жағ­дай­да жа­за­тай­ым оқи­ға­лар­ды тір­кеу жур­на­лын­да тір­ке­ле­ді;
3) қыз­мет­кер қа­уіп­ті жа­ра­қат ал­ған кез­де ти­іс­ті би­лік ор­га­ны­на ха­бар­ла­на­ды;
4) тал­дау мақ­са­тын­да ор­та­лық­тан­ды­ры­ла­ды.
12.9
Бар­лық ха­бар­лан­ған қақ­тығ­ы­стар, жа­за­тай­ым жағ­дай­лар мен қай­ғы­лы оқи­ға­лар бел­гі­лен­ген рә­сім­ге сәй­кес шұ­ғыл түр­де тек­се­рі­ле­ді.
12.10
Қақ­тығ­ы­стар­ды, жа­за­тай­ым оқи­ға­лар­ды және қо­лай­сыз жағ­дай­лар­ды тек­се­ру нәти­же­ле­рі:
1) оқи­ға се­беп­те­рін анық­тау мақ­са­тын­да тал­да­на­ды;
2) әкім­ші­лік­ке ба­ян­да­ла­ды және про­це­стер­ді жақ­сар­ту неме­се пер­со­нал үшін қо­сым­ша бі­лім бе­ру мақ­са­тын­да пай­да­ла­ны­ла­ды;
3) осы оқи­ға­ға тар­ты­л­ған пер­со­нал­ға және до­нор­ға (па­ци­ент­ке) жет­кі­зі­ле­ді.
12.11
Қақ­тығ­ы­стар, қай­ғы­лы оқи­ға­лар және жа­ғым­сыз жағ­дай­лар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер тен­ден­ци­я­лар­ды анық­тау мақ­са­тын­да жы­лы­на ке­мін­де бір рет тал­да­на­ды және жа­ра­қат­тың неме­се ден­са­улық­қа кел­ті­рі­ле­тін зи­ян­ның ал­дын алу мақ­са­тын­да бас­шы­лық­қа және қыз­мет­кер­лер­ге ұсы­ны­ла­ды.
Қал­дық­тар­ды бас­қа­ру
12.12
Үй-жай­лар та­за күй­ін­де сақ­та­ла­ды, он­да та­за­ла­нып тұ­ра­тын, жет­кі­лік­ті мөл­шер­де­гі жа­бы­ла­тын та­за қо­қыс кон­тей­нер­ле­рі бар олар үне­мі боса­ты­лып оты­ра­ды.
12.13
Қал­дық­тар жи­на­ла­ды, анық сұ­рып­та­ла­ды және са­нат­та­ры бой­ын­ша кон­тей­нер­лер­де сақ­та­ла­ды, сон­дай-ақ ден­са­улық счақ­тау са­ла­сын­да­ғы қыз­мет­тер­ді рет­тей­тін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­ріне сәй­кес жой­ы­ла­ды. Кон­тей­нер­лер:
1) ай­қын таң­ба­ла­на­ды және қал­дық­тар­дың әр түр­лі са­нат­та­рын тез ай­ы­ру үшін әр түр­лі тү­стер­мен бел­гі­ле­не­ді;
2) тығ­ыз жа­бы­ла­тын қақ­па­ла­ры бо­ла­ды;
3) био­ло­ги­я­лық қал­дық­тар­ға ар­нал­ған же­ке үй-жай­лар­да сақ­та­ла­ды;
4) үне­мі боса­ты­ла­ды, та­за­ла­на­ды және дез­ин­фек­ци­я­ла­на­ды.
12.14
Зи­ян­ды заттар­мен және био­ло­ги­я­лық қал­дық­тар­мен жұ­мыс іс­тей­тін қыз­мет­кер­лер:
1) осы қа­уіп­ті заттар­мен және қал­дық­тар­мен жұ­мыс іс­те­умен бай­ла­ны­сты қа­уіп­тер ту­ра­лы ти­іс­ті түр­де та­ны­сты­рыл­ды, оқу­дан өт­ті және ақ­па­рат ал­ды;
2) қал­дық­тар­мен қа­уіп­сіз жұ­мыс іс­теу жө­нін­де­гі құ­жат тү­рін­де ре­сім­дел­ген са­я­сат пен рә­сім­дер­ге сүй­е­не­ді;
3) ти­іс­ті жаб­дық­тар­мен және қор­ғау ки­ім­де­рі­мен қам­та­ма­сыз еті­л­ген.
«D» До­нор­ды кү­тіп қа­рау
13
До­нор­дың құқық­та­ры
Қан ор­та­лы­ғы өз до­нор­ла­ры­ның құқық­та­рын қор­ғай­ды және қам­та­ма­сыз ете­ді
13.1
До­нор­дың құқық­та­ры мен мін­дет­те­рі ту­ра­лы ақ­па­рат мем­ле­кет­тік және орыс тіл­де­рін­де до­нор­лар ке­ле­тін жер­лер­де ор­на­ла­сты­ры­л­ған және «Ха­лық ден­са­улы­ғы және ден­са­улық сақ­тау жүй­е­сі ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның 2009 жы­л­ғы 18 қыр­күй­ек­те­гі № 193-IV ҚРЗ Ко­дек­сі­мен бе­кі­ті­л­ген құқық­тар мен мін­дет­тер­ді, сон­дай-ақ:
1) өз қа­си­е­тін ба­ға­лау және құр­мет­теу;
2) қы­сым­нан, пай­да­ла­ну­дан және тәни зор­лық­тан бо­стан­дық;
3) же­ке өмір­ге ара­лас­пау;
4) құ­пи­я­лы­лық;
5) кү­зет және қа­уіп­сіз­дік;
6) то­лық ақ­па­рат алу;
7) ақ­па­рат­тан­ды­ры­л­ған ше­шім қа­был­дау;
8) ша­ғым/өті­ніш бе­ру құқы­та­рын қам­ти­ды.
13.2
Қан ор­та­лы­ғын­да рә­сім­дер бар:
1) пер­со­нал­ды до­нор­дың құқық­та­ры ту­ра­лы оқы­ту;
2) бі­лім мо­ни­то­рин­гі және пер­со­нал­дың до­нор құқық­та­рын сақ­та­уы;
3) до­нор құқық­та­ры­ның бұ­зы­лу жағ­дай­ла­рын шұ­ғыл және ти­ім­ді тек­се­ру және ше­шу.
13.3
Қан ор­та­лы­ғы до­нор ту­ра­лы ақ­па­рат­тың ре­сми еме­сті­гін және құ­пи­я­лы­ғын мы­на­дай жол­дар­мен:
1) пер­со­нал­ды құ­пи­я­лы­лық­ты сақ­тау жа­у­ап­кер­ші­лі­гі ту­ра­лы оқы­ту;
2) до­нор ту­ра­лы ақ­па­рат­қа қол­же­тім­ді­лік­ті тек уәкі­лет­ті тұ­лға­лар­ға неме­се заң­ды негіз­дел­ген сұ­ра­ту­лар бой­ын­ша бе­ру;
3) же­ке ақ­па­рат­ты от­ба­сы­на және бас­қа ұй­ым­дар­ға ха­бар­ла­у­ға до­нор­дың ке­лі­сі­мін алу;
4) тек­се­ру­ді өт­кі­зу үшін до­нор­дың және ре­ци­пи­ент­тің ке­лі­сі­мін алу ар­қы­лы қам­та­ма­сыз ете­ді.
До­нор­дың ақ­па­рат­тан­ған ке­лі­сі­мі
13.4
Пер­со­нал қан тап­сы­ру­ға дей­ін­гі до­нор­дың ақ­па­рат­тан­ған ке­лі­сі­мін алу ке­зін­де мы­на­дай рә­сім­дел­ген са­я­сат­тар мен рә­сім­дер­ді орын­дай­ды:
1) до­нор­ға қан алу рә­сі­мі тү­сін­ді­рі­ле­ді;
2) до­нор­ға рә­сім­ге бай­ла­ны­сты қа­уіп­тер тү­сін­ді­рі­ле­ді;
3) до­нор қа­ны те­сті­ле­не­ді;
4) до­нор­ға сұ­рақ­тар мен жа­у­ап­тар үшін уа­қыт бе­рі­ле­ді;
5) до­нор­ға қан тап­сы­ру не тап­сыр­мау құқы­ғы бе­рі­ле­ді;
6) қан тап­сы­ру­ға ке­лі­сім бер­ген кез­де до­нор­дың қо­лын қой­ды­ру.
13.5
До­нор­лар­ды қан тап­сы­ру рә­сі­мі ке­зін­де­гі өзге­рі­стер ту­ра­лы уақ­ты­лы ақ­па­рат­тан­ды­ру.
13.6
Сұх­бат­та­су ке­зін­де­гі ақ­па­рат­ты жи­нау есік жа­бық болған­да жүр­гі­зі­ле­ді, ал до­нор­дан алын­ған ақ­па­рат құ­пия сақ­та­ла­ды.
Ша­ғым бе­ру про­це­сі
13.7
Қан ор­та­лы­ғын­да до­нор­лар­дан неме­се бас­қа да мүд­де­лі та­рап­тар­дан (мы­са­лы: ау­ру­ха­на­лар­дан) өті­ніш алу про­це­сі бар және ол қол­да­г­ны­ла­ды:
1) до­нор­лар­ға және олар­дың от­ба­сы­ла­ры­на ұй­ым­ға, сон­дай-ақ па­ци­ент­тер­дің құқық­та­рын қор­ғау қо­ға­мы­на неме­се сот­қа қа­лай өті­ніш бе­ру ту­ра­лы ақ­па­рат бе­ру қам­та­ма­сыз еті­ле­ді;
2) өті­ніш­тер үшін дай­ын блан­кі­лер бе­ру неме­се өті­ніш­ті ер­кін не ауыз­ша түр­де қа­был­дау ар­қы­лы ша­ғым бе­ру рә­сі­мі же­ңіл­де­ті­ле­ді;
3) өті­ніш­ті жа­у­ап­ты тұл­ға­ға тап­сы­ру­ға мүм­кін­дік бе­ре­ді.
13.8
Өті­ніш­тер­ді жи­нау, ба­сым­дау, тек­се­ру­дің сон­дай-ақ әділ және уақ­ты­лы қа­на­ғат­тан­ды­ру­дың құ­жат­тал­ған тәр­ті­бі бар, ол мы­на­лар­ды қам­ти­ды:
1) жа­з­ба­ша рас­тау (егер өті­ніш бой­ын­ша до­нор­дың және оның от­ба­сы­ның ша­ғы­мын қа­на­ғат­тан­ды­ру­ға ша­ра­лар қа­был­дан­ба­ған бол­са);
2) өті­ніш­тер­ді тек­се­ру, тар­ты­л­ған қыз­мет­кер­лер­ге сұ­рау жүр­гі­зу;
3) өті­ніш­тің негіз­ді­лі­гі ту­ра­лы ше­шім шы­ға­ру;
4) егер өті­ніш негіз­ді бол­са ша­ра­лар қа­был­дау;
5) өті­ніш бер­ген тұл­ға­ға және бас­қа да тар­ты­л­ған тұ­лға­лар­ға нәти­же ту­ра­лы ақ­па­рат бе­ру.
13.9
Өті­ніш­тер тір­кеу жур­на­лы­на ен­гі­зі­ле­ді, өті­ніш­тер­мен жұ­мыс іс­теу про­це­сіне мо­ни­то­ринг жүр­гі­зі­ле­ді және оның нәти­же­ле­рі са­па­ны арт­ты­ру үшін қол­да­ны­ла­ды.
14
До­нор кар­та­ла­ры
До­нор кар­та­ла­ры­ның өзек­ті­лі­гі, нақ­ты­лы­ғы және жан-жақ­ты­лы­ғы сақ­та­ла­ды
14.1
Пер­со­нал па­ци­ент­тер ту­ра­лы ме­ди­ци­на­лық жа­з­ба­лар­ды бас­қа­ру­дың құ­жат­тал­ған про­це­сін орын­дай­ды, ол мы­на­лар­ды қам­ти­ды:
1) кар­та­лар­ды ашу, оның ішін­де бі­ре­гей сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рін бе­ру;
2) тек жал­пы­ға бел­гі­лі сим­вол­дар мен қы­сқар­ту­лар­ды ға­на пай­да­ла­ну;
3) ме­ди­ци­на­лық жа­з­ба­лар­да­ғы ақ­па­рат­ты із­де­уді же­ңіл­де­ту мақ­са­тын­да стан­дарт­тал­ған фор­мат­ты сақ­тау;
4) ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­кер­лер­дің ме­ди­ци­на­лық құ­жат­тар­ды уақ­ты­лы ре­сім­де­уі;
5) до­нор­дың ме­ди­ци­на­лық құ­жат­та­рын сақ­тау, қор­ғау, қал­пы­на кел­ті­ру және мұ­ра­ғат­тау.
14.2
До­нор­дың ме­ди­ци­на­лық кар­та­сын­да­ғы өзге­рі­стер­ді қо­са ал­ған­да­ғы жа­з­ба­лар­ды тек уә­ке­лет­ті тұ­лға­лар ға­на ен­гі­зе­ді:
1) жа­з­ба­лар тү­сі­нік­ті;
2) жа­з­ба­лар элек­трон­дық неме­се қа­ғаз тү­рін­де жүр­гі­зі­ле­ді;
3) жа­з­ба­лар объ­ек­тив­ті, шын­дық­ты көр­се­те­ді және жал­пы­ға бел­гі­лі қы­сқар­ту­лар ға­на пай­да­ла­ны­ла­ды;
4) жа­з­ба­лар уақ­ты­лы жүр­гі­зі­ле­ді;
5) жа­з­ба­лар Т.А.Ә. көр­се­ті­ліп қол қой­ы­ла­ды;
6) өт­кі­зі­ле­тін іс-ша­ра­лар­дың кү­ні мен уа­қы­ты қо­сы­ла­ды.
14.3
Тол­ты­ру­дың то­лық­тығ­ын, нақ­ты­лы­ғын және уақ­ты­лы­ғын қа­рау мақ­са­тын­да, ме­ди­ци­на­лық құ­жат­тар­ды жос­пар­лы тек­се­ру үне­мі жүр­гі­зі­ліп оты­ра­ды.
15
До­нор­лар­ға қа­ты­сты ауыт­қу­лар, сәй­кес­сіз­дік­тер және жа­ғым­сыз оқи­ға­лар бой­ын­ша есеп­ті­лік
Қан ор­та­лы­ғы нор­ма­тив­тік та­лап­тар­ға сәй­кест­ікті­гін қам­та­ма­сыз ету мақ­са­тын­да до­нор­лар­ға қа­ты­сты ауыт­қу­лар, сәй­кес­сіз­дік­тер және жа­ғым­сыз оқи­ға­лар бой­ын­ша есеп­ті­лік­ті зерт­тей­ді
15.1
Қан ор­та­лы­ғы ауыт­қу­лар, сәй­кес­сіз­дік­тер және жа­ғым­сыз оқи­ға­лар бой­ын­ша есеп­ті­лік­ті зерт­теу жө­нін­де­гі са­я­сат­ты, про­це­стер мен рә­сім­дер­ді әзір­лей­ді.
15.2
Ақ­па­рат­ты жи­нау, кез кел­ген ауыт­қу­лар­ды ба­ға­лау, зерт­теу және мо­ни­то­ринг жүр­гі­зу құ­жат­та­ла­ды.
15.3
Қан ор­та­лы­ғы кез кел­ген ауыт­қу­лар, сәй­кес­сіз­дік­тер және жа­ғым­сыз оқи­ға­лар­ды қа­ра­у­ға және бе­кі­ту­ге құқы­ғы бар жа­у­ап­ты тұ­лға­лар­ды бел­гі­лей­ді.
15.4
Қан ком­по­нент­те­рі сәй­кес кел­ме­ген жағ­дай­да осы қан бір­лі­гі оқ­ша­у­ла­на­ды, ал оның жой­ы­луы ба­ға­лау мен зерт­теу нәти­же­ле­рі негі­зін­де ше­ші­ле­ді.
15.5
Сәй­кес­сіз­дік­тер­мен жұ­мыс іс­теу про­це­сі мы­на­лар­ды қам­ти­ды:
1) сәй­кес кел­мей­тін ком­по­нент­тер­ді анық­тау, уа­қыт­ша тый­ым са­лу, ірік­теу және ке­рі қай­та­ру;
2) жи­нау, өн­ді­ру неме­се қан құю ке­зін­де­гі сәй­кес кел­мей­тін қыз­мет­тер­ді анық­тау және тек­се­ру;
3) та­лап­тар­ға сәй­кес пай­да­ла­ну­шы­лар­ға, бас­қа қан ор­та­лық­та­ры­на және ор­ган­дар­ға ха­бар бе­ру.
15.6
Өнім са­па­сы­ның ба­ға­сы құ­жат­та­ла­ды. Өн­ді­рі­стік про­це­стер мен рә­сім­дер­дің сәй­кес­сіз­ді­гі анық­тал­ған кез­де қан ком­по­нент­те­рі­нің са­па­сы олар шы­ға­ры­л­ған­ға дей­ін ба­ға­ла­на­ды. Қан ком­по­нен­ті шы­ға­ры­л­ған­нан кей­ін сәй­кес­сіз­дік­тер анық­тал­ған кез­де ол ке­рі қай­та­ры­лып алы­на­ды, ал тұ­ты­ну­шы ұй­ым­ға әле­ует­ті қа­уіп­тер ту­ра­лы ха­бар­ла­на­ды.
15.7
Қан тап­сы­ру ке­зін­де до­нор­ға қа­ты­сты орын ал­ған кез кел­ген жа­ғым­сыз оқи­ға ба­ға­ла­на­ды, тек­се­рі­ле­ді және мо­ни­то­ринг жүр­гі­зі­ле­ді.
15.8
До­нор­ға қа­ты­сты жа­ғым­сыз оқи­ға­лар бой­ын­ша рә­сім­дер­ге до­нор­дың өлім­мен аяқ­тал­ған жағ­дай­ла­рын уәкі­лет­ті ор­ган­дар­ға ха­бар­лау кі­ре­ді.
15.9
Қан ор­та­лы­ғы уәкі­лет­ті ор­ган­дар­ға қа­нын­да қан құю ар­қы­лы транс­мис­си­я­лық ау­ру­лар анық­тал­ған до­нор­лар ту­ра­лы ха­бар­лау рә­сі­мін әзір­ле­у­ге жа­у­ап­ты.
«E» Про­це­стер­ді ба­қы­лау
16
Жал­пы ере­же­лер
Қан ор­та­лы­ғы қан­ды қа­уіп­сіз жи­нау және өн­ді­рі­ле­тін қан ком­по­нент­те­рі­нің са­па­сын қам­та­ма­сыз ете­ді
16.1
Қан ор­та­лы­ғы қан ком­по­нент­те­рін жи­нау, өн­ді­ру са­я­са­тын, про­це­сте­рі мен рә­сім­де­рін қа­ғаз және элек­трон­дық нұс­қа­да әзір­лей­ді.
16.2
Қан ор­та­лы­ғы қан ор­та­лы­ғы­ның апат­тық жағ­дай оқи­ға­ла­ры­на дай­ынды­ғы бой­ын­ша са­я­сат­ты, про­це­стер мен рә­сім­дер­ді әзір­лей­ді.
16.3
Қан ор­та­лы­ғы сы­ни ма­ңы­зды­лы­ғы бар жаб­дық­тар бой­ын­ша са­я­са­тын, про­це­сте­рі мен рә­сім­де­рін әзір­лей­ді, олар мы­на­лар­ды қам­ти­ды:
1) өте ма­ңы­зды­лы­ғы бар жаб­дық­тар ті­зі­мі;
2) ірік­теу қа­ғи­дат­та­ры;
3) ерекше­лі­гі, оның ішін­де ор­на­ты­луы, пай­да­ла­ны­луы және өнім­ді­лі­гі;
4) сәй­кестен­ді­ру және қол­да­ну;
5) тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту;
6) ка­либр­леу;
7) даб­ыл жүй­е­ле­рі, егер ол қол­да­ныл­са;
8) ком­пью­тер­лік жүй­е­лер, оның ішін­де элек­трон­дық жа­з­ба жүй­е­ле­рі.
16.4
Қан ор­та­лы­ғы та­лап­тар­ды қам­ти­тын са­я­сат­ты, про­це­стер мен рә­сім­дер­ді әзір­лей­ді:
1) қан ком­по­нент­те­рі өн­ді­рі­сін жи­нау, те­сті­леу рә­сім­де­рін өзгер­ту­ге;
2) до­нор­дың қа­ны­на тал­дау жүр­гі­зі­ле­тін зерт­ха­на­ның кә­сі­би жа­рам­ды­лы­ғы­на;
3) қан ком­по­нент­те­рі­нің са­па­сын, оның ішін­де қан бір­лі­гі­нің за­рар­сызды­ғын те­сті­ле­у­ге қой­ы­ла­тын
16.5
Қан ор­та­лы­ғы та­лап­тар­ды қам­ти­тын са­я­сат­ты, про­це­стер мен рә­сім­дер­ді әзір­лей­ді:
1) қан бір­лі­гін жи­на­удан ба­стап құ­ю­ға дей­ін­гі ба­қы­ла­уды қам­та­ма­сыз ету үшін до­нор­ды сәй­кестен­ді­ру­ге;
2) Қан ор­та­лы­ғын­да­ғы до­нор­дың қан бір­лі­гін таң­ба­ла­у­ға қой­ы­ла­тын.
16.6
Қан ор­та­лы­ғы қан ком­по­нент­те­рі мен қан бір­лі­гі бел­гі­лен­ген рә­сім­дер­ге сәй­кес әр түр­лі ба­қы­лау нүк­те­ле­рін­де, оның ішін­де қан ком­по­нент­те­рін мак­ро­ба­ға­лау өн­ді­рі­стің әр­бір ке­зе­ңін­де және ден­са­улық сақ­тау ұй­ым­да­ры­на бер­ген­ге дей­ін тек­се­рі­ле­тін құ­жат­тал­ған про­це­сті әзір­лей­ді. Қан ком­по­нент­те­рі­нің таң­ба­ла­нуы про­це­стің ба­ры­сын­да және ақыр­ғы өнім­нің шы­ға­ры­луы­на дей­ін тек­се­рі­ле­ді.
16.7
Қан ор­та­лы­ғын­да жа­рам­ды­лық мер­зі­мі өт­кен қан өнім­де­рін жою және де ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған жет­кі­зу­лер ке­зін­де та­сы­мал­дау бой­ын­ша са­я­сат­тар, про­це­стер мен рә­сім­дер бар.
17
Қан­ды жи­нау
Қан ор­та­лы­ғы қан жи­на­удың ти­ім­ді және ұтым­ды жүй­е­сін ен­гі­зе­ді
17.1
Қан ор­та­лы­ғын­да до­нор қа­нын жи­нау бой­ын­ша са­я­сат, про­це­стер мен рә­сім­дер бар.
17.2
Қан тап­сы­ру ке­зін­де до­нор­ды сәй­кестен­ді­ру жүр­гі­зі­ле­ді.
17.3
Қан бір­лі­гі тап­сы­ру ке­зе­ңі­нен бе­ру ке­зе­ңіне дей­ін неме­се бар­лық өн­ді­рі­л­ген ком­по­нент­тер­дің соң­ғы жой­ы­луы­на дей­ін ба­қы­ла­на­ды. Ерекше иден­ти­фи­ка­тор қол­да­ны­ла­ды.
17.4
Қан ор­та­лы­ғы бе­кі­ті­л­ген рә­сім­дер­ге сәй­кес бар­лық ке­зең­дер­де алын­ған қан ком­по­нент­те­рін бө­лек сақ­та­уды қам­та­ма­сыз ете­ді.
17.5
Осы стан­дарт­тар­дың 13.4 - 13.6 - кри­те­рий­ле­ріне сәй­кес әр­бір до­нор­дан ақ­па­рат­тан­ған ке­лі­сім алы­на­ды.
17.6
Пер­со­нал бел­гі­лен­ген рә­сім­ге сәй­кес бел­гі­лі бір уа­қыт ішін­де қан тап­сы­ру ке­зін­де және қан тап­сыр­ған­нан кей­ін до­нор­ды ба­қы­ла­уды жү­зе­ге асы­ру­ға оқы­ты­л­ған.
17.7
Қан ор­та­лы­ғы әле­ует­ті до­нор­лар­ды ал­ло­ген­ді до­на­ци­я­ға дай­ын­дау жө­нін­де­гі са­я­сат­ты, про­це­стер мен рә­сім­дер­ді бар, оның ішін­де:
1) до­нор­дың эрит­ро­цит­те­рін жо­ғал­туы бел­гі­лен­ген уа­қыт кө­ле­мін­де лай­ық­ты мөл­шер­де бо­луы ти­іс;
2) қан­ның жа­рам­ды­лы­ғын анық­тау мақ­са­тын­да до­нор­да транс­мис­си­я­лық ау­ру­лар­ды анық­тау ар­қы­лы ре­ци­пи­ент­ті қор­ғау;
3) до­нор­дың ден­са­улы­ғы­на зи­ян кел­ті­ру қа­у­пін тө­мен­де­ту.
17.8
Қан ор­та­лы­ғы афе­рез­ді (плаз­ма, тром­бо­цит­тер, гра­ну­ло­цит­тер және эрит­ро­цит­тер) до­на­ция бой­ын­ша ти­ім­ді кри­те­рий­лер­ді қа­рау жө­нін­де­гі са­я­сат, про­це­стер мен рә­сім­дер­ді бар.
17.9
Қан бір­лі­гі за­рар­сыздан­ған жа­бық жүй­е­ге жи­на­ла­ды.
17.10
Қан ор­та­лы­ғы ве­не­пунк­ция ке­зін­де кон­та­ми­на­ци­ядан қор­ғау про­це­сін әзір­лей­ді.
17.11
Қан ор­та­лы­ғы зерт­ха­на­лық тал­дау жүр­гі­зу үшін до­нор қа­ны­нан алын­ған үл­гі­лер­ді жи­нау жө­нін­де­гі са­я­сат­ты, про­це­стер мен рә­сім­де­рі бар.
17.12
Қан ор­та­лы­ғы жи­нал­ған қан кө­ле­мі­нің қан жи­нау қа­бын­да­ғы ан­ти­ко­а­гу­лянт са­ны­на не/неме­се сүр­лен­ген ері­т­ін­ді мөл­шер­ле­сті­гін қам­та­ма­сыз ете­ді.
17.13
Қан ор­та­лы­ғы кө­шпе­лі жағ­дай­да қан ком­по­нент­те­рін дай­ын­да­уда жи­нау орын­да­ры­нан өн­ді­ру орын­да­ры­на дей­ін та­сы­мал­дау жө­нін­де­гі са­я­сат­ты, про­це­стер мен рә­сім­дер­ді әзір­лей­ді. Олар­да пай­да­ла­ны­ла­тын кон­тей­нер­лер­дің ерекше­лік­те­рі, қа­жет­ті тем­пе­ра­ту­ра­сы мен кон­тей­нер­де қан­ды сақ­тау ұз­ақ­тығы көр­се­ті­ле­ді.
17.14
Афе­рез жағ­дай­ын­да рә­сім­дер­де мы­на­лар­ды:
1) қа­уіп­сіз ре­ин­фу­зи­я­ны қам­та­ма­сыз ету үшін фле­бо­то­мия және қан­ды өң­деу про­це­сін;
2) фе­рез про­це­сін және қо­сал­қы агент­тер­ді мөл­шер­леу мен ен­гі­зу кри­те­ри­ле­рін көр­се­ту қа­жет. Жи­нау бой­ын­ша ме­ке­ме ең үл­кен мөл­шер­ді анық­тай­ды.
18
Қан ком­по­нент­те­рін өн­ді­ру
Қан ор­та­лы­ғы қан ком­по­нент­те­рі­нің са­па­сы мен қа­уіп­сіз­ді­гін қам­та­ма­сыз ету үшін озық прак­ти­ка­ны пай­да­ла­на оты­рып, қан ком­по­нент­те­рін өн­ді­ре­ді
18.1
Қан ор­та­лы­ғы қан ком­по­нент­те­рін, оның ішін­де аликвот­тар­ды (бө­лік­тер­ге бө­лін­ген), бі­рік­ті­рі­л­ген және сәу­ле­лен­ген ком­по­нент­тер­ді алу үшін қан­ды дай­ын­дау және өң­деу жө­нін­де­гі са­я­сат­ты, про­це­стер мен рә­сім­дер­ді әзір­лей­ді.
18.2
Гер­ме­ти­за­ция және тігі­стер­ді қо­су көр­се­ті­л­ген рә­сім­дер­ге сәй­кес жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. Жа­бық жүйе бұ­зы­л­ған жағ­дай­да бұл ашық жүйе бо­лып есеп­те­ле­т­ін­дік­тен рә­сім ком­по­нент­тің ана­ғұр­лым қы­сқа қол­да­ныс мер­зі­мін та­лап етуі ти­іс.
18.3
Эрит­ро­цит­тер­ді кей­ін үй­ле­сім­ді­лік­ке те­сті­леу үшін по­ли­мер­лік кон­тей­нер­лер­дің бі­рік­ті­ру же­лі­ле­рі­нің сег­мент­те­рі қол­да­ны­ла­ды.
18.4
Рә­сім­дер­де анық­тал­ған әді­стер:
1) лей­ко­цит­тер­ді азай­ту әді­сте­рі, оның ішін­де азай­ту­дың ең тө­мен­гі ше­гі;
2) сәу­ле­лен­ді­ру, оның ішін­де ир­ра­ди­а­ци­я­ны қам­та­ма­сыз ету­ге ар­нал­ған ра­ди­а­ция ин­ди­ка­то­ры, сәу­ле­лен­ді­ру­дің қол­да­ны­ла­тын до­за­сы және сәу­ле­лен­ді­ру уа­қы­ты;
3) бі­рік­ті­ру әді­сі таң­ба­ла­у­ға қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ды қам­туы ти­іс.
18.5
Қан ор­та­лы­ғы бе­кі­ті­л­ген ком­по­нент­тер но­мен­кла­ту­ра­сы­на сәй­кес ар­найы ком­по­нент­тер­ді да­яр­лау жө­нін­де­гі рә­сім­дер­ді әзір­лей­ді.
18.6
Қан ор­та­лы­ғы:
1) қан то­бы мен ре­зус фак­тор­ды;
2) ал­ло­ген­дік до­нор­лық үшін эрит­ро­цит ан­ти­ген­де­ріне тұ­рақ­сыз ан­ти­де­не­лер­ді;
3) рет­те­у­ші ор­ган­дар­дың та­лап­та­ры­на сәй­кес ау­ру­лар­дың ал­ло­ген­ді және ауто­ло­ги­я­лық до­нор­лық ар­қы­лы бе­рі­лу­ін бол­дыр­мау үшін ви­ру­стық және бак­те­ри­я­лық ин­фек­ци­я­лар­ды анық­тау үшін.
18.7
Қан ор­та­лы­ғы қан құю ке­зін­де транс­мис­си­я­лық ау­ру­лар анық­тал­ған до­нор­лар­дың бар­лық қан ком­по­нент­те­рін ке­рі қай­та­ру және жою рә­сі­мін әзір­ле­у­ге жа­у­ап бе­ре­ді.
18.8
Қан ор­та­лы­ғы қан құю ар­қы­лы транс­мис­си­я­лық ау­ру­лар­ды та­ра­ту­ға ті­ке­лей қа­ты­сы бар до­нор­лар­ды тек­се­ру­де уәкі­лет­ті ор­ган­дар­ға жәр­дем­де­су рә­сі­мін әзір­ле­уі қа­жет.
18.9
Қан ор­та­лы­ғы соң­ғы таң­ба­лау бой­ын­ша құ­жат тү­рін­де ре­сім­дел­ген про­це­сі бар, ол ком­по­нент­тер­ді шы­ға­ру ал­дын­да қой­ы­л­ған бар­лық та­лап­тар­дың орын­да­луын қам­та­ма­сыз ете­ді:
1) тал­дау орын­дал­ды;
2) ком­по­нент­тің жа­рам­ды­лы­ғы­на тек­се­ру жүр­гі­зіл­ді;
3) шы­ға­ру ал­дын­да­ғы соң­ғы тек­се­ру жүр­гі­зіл­ді;
4) қан то­бы мен ре­зус фак­тор өт­кен ке­зең­де­гі де­ректер­мен (бар бол­са) са­лы­сты­рып тек­се­ріл­ді және рас­тау алын­ды.

Қолданыстағы