Құжат мәтініне өту

Об утверждении Положения о деятельности организаций здравоохранения, оказывающих гастроэнтерологическую и гепатологическую помощь населению Республики Казахстан

Бұйрық · № 78 · қабылданған 11.02.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-78813/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Положения о деятельности организаций здравоохранения, оказывающих гастроэнтерологическую и гепатологическую помощь населению Республики Казахстан Күшін жойған Бұйрық ·№ 78 ·11.02.2014
04.05.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.05.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Положения о деятельности организаций здравоохранения, оказывающих гастроэнтерологическую и гепатологическую помощь населению Республики Казахстан

Күшін жойған Бұйрық ·№ 78 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Положения о деятельности организаций здравоохранения, оказывающих гастроэнтерологическую и гепатологическую помощь населению Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының халқына гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
78
Қабылданған күні
11.02.2014
Көрсетілген редакция
04.05.2019 78813_404785.kaz
Соңғы өзгеріс
04.05.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1400009273
ЭКБ идентификаторы
78813
Редакция идентификаторы
78813_404785
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:55

0 Қазақстан Республикасының халқына гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 32-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының халқына гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халқына гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева):

1 1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Д.Е. Асайынова) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасының халқына гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже

­Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стрі­нің
2014 жы­л­ғы 11 ақ­пан­да­ғы
№ 78 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген
Қазақстан Республикасының халқына гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қазақстан Республикасының халқына гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 32-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына сәйкес әзірленді.

2 2. Ереже Қазақстан Республикасының халқына гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін реттейді.

3 3. Гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмекті денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган ұсынған диагностикалау және емдеу (клиникалық нұсқаулармен) хаттамаларына сәйкес "гастроэнтерология" мамандығы бойынша дәрігер мамандандырылған және жоғары мамандандырылған көмек түрінде көрсетеді.

4 4. Халыққа гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек амбулаториялық-емханалық, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек нысанында, сондай-ақ қалпына келтіре емдеу мен медициналық оңалту нысанында көрсетіледі.

5 5. Халыққа гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары гастроэнтерологиялық және гепатологиялық науқастарды анықтауға, емдеуге, медициналық оңалтуға бағытталған іс-шараларды уақтылы өткізу мақсатында құрылады.

6 6. Гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек "гастроэнтерология" мамандығы бойынша дәрігерлердің "хирургия", "онкология", "сәулелік диагностика", "инфекциялық аурулар" және басқа аралас мамандықтар бойынша дәрігерлермен пәнаралық өзара іс-қимыл жасаудың негізінде көрсетіледі.

7 7. Гастроэнтерология және гепатология саласындағы қызметті денсаулық сақтау ұйымдары бейінді және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.

8 8. Гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының жұмысын (республиканың, облыстың, қаланың, ауданның) штаттан тыс бас гастроэнтеролог-маманы үйлестіреді.

9

9. Қазақстан Республикасының халқына гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының штаттары шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда "Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгілік штаттарын және штаттық нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6173 болып тіркелген) бекітілген штаттық нормативтерге сәйкес белгіленеді (бұдан әрі- № 6173 бұйрық).

10

10. Қазақстан Республикасының халқына гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 10 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) (бұдан әрі – ҚР ДСМ № 907 бұйрығы) бастапқы медициналық құжаттаманы жүргізуді қамтамасыз етеді.

2 2. Стационарлық гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі

11 11. Стационарлық гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек стационарлық көмек көрсететін аудандық, қалалық, облыстық ауруханаларда, ведомстволық, республикалық, жеке денсаулық сақтау ұйымдарында ұсынылады.

12

12. Мамандандырылған стационарлық гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек асқорыту ағзаларының аурулары және олардың тәуліктік қадағалап – қарау үшін стационарларға емдеуге жатқызуды талап ететін нысандары кезінде гастроэнтерология (гастроэнтерология және гепатология) бөлімшелерінде көрсетіледі.
13 Жоғары мамандандырылған медициналық көмек (ЖММК) "Бейіндер бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмек түрлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 750 бұйрығымен (нормативтік және құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9086 тіркелген) бекітілген ЖММК технологиярының түрлеріне сәйкес асқорыту ағзаларының аурулары кезінде көрсетіледі.

14

14. Асқорыту ағзаларының функционалдық бұзылулары бар және ауруларының асқынбаған (компенсацияланған) нысандары бар, мамандандырылған гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмекті қажет етпейтін пациенттерге білікті медициналық көмекті стационарлық деңгейде "терапия", "педиатрия" мамандықтары бойынша дәрігер терапиялық және педиатриялық (соматикалық) бөлімшелерде немесе күндіз келу палаталары бар стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында көрсетеді.

15 15. Амбулаториялық деңгейде гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек аудандық емханада, қалалық емханада, консультациялық-диагностикалық орталықта ұсынылады.

16 16. Амбулаториялық-емханалық ұйымдарында гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмекті көрсету үшін гастроэнтеролог кабинеті ашылады.

3 3. Гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының негізгі функциялары мен қызметтері

17 17. Халыққа гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсететін ұйымдардың негізгі міндеттері:

1 1) асқорыту ағзалары ауруларының бастапқы профилактикасына бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу;

2 2) асқорыту ағзаларының ауруын диагностикалау;

3 3) барлық кезеңдерде сабақтастықты сақтаумен асқорыту ағзалары ауруларын емдеу;

4 4) асқорыту ағзалары ауруымен ауыратын пациенттерді динамикалық бақылау;

5 5) асқорыту ағзалары ауруының асқынуының күшеюі мен дамуының алдын алу;

6 6) асқорыту ағзаларының қатерлі ісіктерінің ерте диагностикасы;

7 7) асқорыту ағзалары аурулары бар науқастарды медициналық оңалту болып табылады.

18 18. Гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының негізгі функциялары:

1 1) жұмыста диспансерлік қағидаттарды сақтай отырып, тиімді медициналық технологияларды қолданумен стационарлық және амбулаторлық жағдайларда халыққа мамандандырылған консултациялық-диагностикалық және емдік-профилактикалық гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсету;

2 2) гастроэнтерологиялық және гепатологиялық қызметтің барлық түрлерінің нысаналы бағдарламаларын әзірлеу, жоспарлау және енгізу;

3 3) гастроэнтерологиялық және гепатологиялық бейіндегі аурулар кезінде халыққа консультациялық, диагностикалық, емдік және профилактикалық көмек көрсету мәселелері жөнінде медициналық ұйымдарға ұйымдастыру-әдістемелік және практикалық көмек көрсету;

4 4) денсаулық сақтау ұйымдарының гастроэнтерологиялық және гепатологиялық бейінді науқастарға медициналық көмек көрсету сапасын мониторингілеуді жүзеге асыру;

5 5) салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметімен бірлесіп Қазақстан Республикасы халқының арасында гастроэнтерологиялық және гепатологиялық бейінді ауруларды профилактикалау, саламатты өмір салтын насихаттау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;

6 6) гастроэнтерология және гепатология мәселелері бойынша ғылыми-практикалық іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу;

7 7) қалпына келтіріп емдеудің және медициналық-әлеуметтік оңалтудың жаңа әдістерін қоса отырып, гастроэнтерологиялық және гепатологиялық бейіндегі ауруларды медициналық оңалту;

8 8) халықтың арасында гастроэнтерологиялық және гепатологиялық бейінді ауруларды профилактикалау жөнінде санитариялық-гигиеналық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу, мерзімді және профилактикалық медициналық тексерулерді өткізу;

9 9) есепке алу және есеп беру құжаттарын жүргізу, қызмет туралы есепті ұсыну.

19 19. Гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсететін республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының қызметіне мыналар кіреді:

1 1) гастроэнтерология және гепатология саласындағы әдістемелік нұсқаулық;

2 2) гастроэнтерология және гепатология саласындағы медициналық білім беру мен ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру;

3 3) аурудың аса ауыр нысанымен ауыратын пациенттерге жоғары мамандандырылған және мамандандырылған көмек көрсету;

4 4) "гастроэнтерология /гепатология" маманды бойынша штаттан тыс бас маманмен бірлесіп статистикалық талдау жүргізу.

4 4. Гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымы

20 20. Гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда меншік құқығына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан, құрылымында оларға жүктелген функцияларға қарай:

1 1) қалалық, аудандық орталық/аудандық ауруханалардың, облыстық ауруханалардың және Астана және Алматы қалаларының қалалық ауруханаларының, республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының базасында гастроэнтерология (гастроэнтерология және гепатология) бөлімшесі;

2 2) амбулаториялық-емханалық ұйымдардың жанынан (бұдан әрі – АЕК) гастроэнтерологиялық кабинеттер;

3 3) гепатологиялық кабинет (орталық) ұйымдастырылады.

5 5. Гастроэнтерология (гастроэнтерология және гепатология) бөлімшесі

21 21. Бөлімшені осы Бөлімше құрылған ұйымның басшысы лауазымға тағайындайтын және лауазымынан босататын "гастроэнтерология" мамандығы бойынша меңгеруші – дәрігер басқарады.

22 22. Бөлімше дәрігерінің лауазымына "гастроэнтерология" мамандығы бойынша дәрігер тағайындалады.

23 23. Бөлімшенің негізгі функциялары:

1 1) асқорыту ағзаларының аурулары бар пациенттерді денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган ұсынған диагностикалау және емдеу хаттамаларына сәйкес (клиникалық нұсқауларға) айғақтар бойынша емдеуге жатқызу және стационарлық көмек көрсету;

2 2) пациенттерге, оның ішінде асқорыту ағзаларына операциялық араласуларды бастан өткерген пациенттерге оңалтудың емдеуге жатқызу кезеңін жүзеге асыру;

3 3) стационардың басқа бөлімшелерінің дәрігерлері мен пациенттеріне консультациялық көмек көрсету;

4 4) медициналық көмектің сапасын арттыру және асқорыту ағзаларының ауруларынан ауруханалық қайтыс болуды төмендету бойынша іс-шараларды әзірлеу және өткізу;

5 5) асқорыту ағзаларының аурулары бар пациенттерді профилактикалау және медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша медициналық ұйымның дәрігерлік және орта медициналық персоналының біліктілігін арттыруға қатысу;

6 6) асқорыту ағзаларының аурулары бар пациенттерді профилактикалаудың, диагностикалаудың, емдеу және оңалтудың жаңа әдістерін дәрігерлердің жүйелі түрде игеруі және клиникалық практикаға енгізу;

7 7) пациенттермен және олардың туыстарымен санитариялық – ағарту жұмысын жүргізу;

8 8) еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу;

9 9) емдеуге жатқызылған пациенттер бойынша ақпаратты жүйелі түрде талдау, есепке алу және есеп беру құжаттамасын жүргізу болып табылады.

24 24. Бөлімше құрылған медициналық ұйымның құрамында оның қызметін қамтамасыз ету үшін эндоскопия және сәулелік диагностика бөлімшесі де құрылады.

25 25. Бөлімше медициналық білім беру ұйымының клиникалық базасы ретінде пайдаланылуы мүмкін.

26 26. Құрамында Бөлімше құрылған денсаулық сақтау ұйымы осы Ережеге 1-қосымшада көрсетілген құрылымында гастроэнтерология (гастроэнтерология және гепатология) бөлімшесі бар денсаулық сақтау ұйымын жарақтандыру тізбесіне сәікес медициналық жабдықтармен жарақтандырылады.

27 27. Бөлімше, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарының аралас бөлімшелері ұсынатын гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көлеміндегі клиникалық-диагностикалық қызметтердің тізбесі Ережеге 2-қосымшада көзделген.

6 6. Гастроэнтеролог кабинеті

28 28. Гастроэнтеролог кабинетін құруды (бұдан әрі – Кабинет), оның құрылымын және штат бірлігін бекітуді базалық амбулаториялық-емханалық ұйымның басшысы жұмыстың, қызмет көрсетілетін халық санының және осы Штат нормативтерімен белгіленген көлеміне байланысты жүзеге асырады.

29 29. Кабинеттің штат нормативтері:

1 1) бекітілген (қызмет көрсетілетін) 50 000 ересек халыққа 1 дәрігер лауазымы;

2 2) әрбір гастроэнтеролог дәрігердің лауазымына 1 мейіргер лауазымы;

3 3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін үлгілік штаттарға және штат нормативтеріне сәйкес өзге лауазымдардың есебінен белгіленеді.

30 30. Кабинет дәрігерінің лауазымына "гастроэнтерология" мамандығы бойынша дәрігер тағайындалады.

31 31. Кабинет дәрігерінің консультациялық – диагностикалық қызметті (пациентті қабылдау) көрсетуге арналған уақыт нормативі 40 минутты құрайды.

32 32. Кабинеттің негізгі функциялары:

1 1) "терапия" мамандығы бойынша учаскелік дәрігерлердің "жалпы практика дәрігері" мамандығы бойынша дәрігерлердің жолдамасы бойынша асқорыту ағзаларының аурулары бар пациенттерге медициналық көмек көрсету;

2 2) асқорыту ағзаларының аурулары бар, оның ішінде асқорыту ағзаларында операциялық араласуларды бастан өткерген пациенттерді динамикалық бақылау және оңалту;

3 3) пациенттерді зертханалық және аспаптық зерттеп-қарауға жіберу;

4 4) пациенттерді "хирургия", "онкология", "инфекциялық аурулар" мамандықтары бойынша және басқа да аралас мамандықтар бойынша дәрігерлерге тексерілуге және консультация алуға жіберу;

5 5) асқорыту ағзаларының аурулары бар пациенттерді іріктеу және стационарлық емдеуге жіберу;

6 6) асқорыту ағзаларының аурулары бар пациенттерді іріктеуге және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге жіберуге қатысу;

7 7) уақытша еңбекке жарамсыздыққа сараптама жүргізу және пациенттерді медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясына жіберу;

8 8) асқорыту ағзаларының аурулары бар науқастарды профилактикалаудың, диагностикалауды және емдеудің жаңа әдістерін практикаға енгізу;

9 9) учаскелік дәрігерлерге, жалпы дәрігерлік практика мамандарына және өзге де мамандықтардың дәрігерлеріне гастроэнтерология және гепатология мәселелері бойынша жеке консультация жүргізу және біліктілікті арттыруға қатысу;

10 10) ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу;

11 11) тіркелген (қызмет көрсетілетін) халықтың арасында асқорыту ағзаларының аурулары бойынша статистикалық мәліметтерді талдау және есепке алу және есеп беру құжаттамасын жүргізу;

12 12) халықты санитариялық - гигиеналық ақпараттандыру бойынша іс-шараларды әзірлеу және өткізу, асқорыту азғаларының аурулары бар пациенттер үшін "мектептерді" өткізуге ұйымдастыру және қатысу болып табылады.

33

33. Кабинет құрылған медициналық ұйымның құрамында оның қызметін қамтамасыз ету үшін клиникалық-диагностикалық қызметтердің көлеміне байланысты гастроскопия кабинеті, ректоскопия кабинеті, эндоскоптарды, аспаптарды жууға және зарарсыздандыруға арналған кабинет, сәулелік диагностика кабинеті құрылады.

34 34. Құрамында кабинет құрылған денсаулық сақтау ұйымы, құрылымында гастроэнтеролог кабинеті бар денсаулық сақтау ұйымын жарақтандыру тізбесіне сәйкес осы Ережеге 3-қосымшада көрсетілген денсаулық сақтау ұйымын жарақтандыру тізбесіне сәйкес жарақтандырылады.

35 35. Гастроэнтеролог кабинеті ұсынған гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көлеміндегі клиникалық-диагностикалық қызметтердің тізбесі осы Ережеге 4-қосымшада көзделген.

36

36. Асқорыту ағзаларының функцияның бұзылыстары және аурудың асқынбаған (компенсацияланған) нысандары бар, мамандандырылған гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмекті қажет етпейтін пациенттерге білікті медициналық көмекті "терапия", "педиатрия" мамандығы бойынша дәрігер немесе "жалпы практика дәрігері" мамандығы бойынша дәрігер амбулаториялық, сондай-ақ АЕҰ күндізгі стационарларында көрсетеді.

7 7. Гепатологиялық кабинет (орталық)

37 37. Гепатологиялық кабинет (орталық) облысқа, республикалық маңызы бар қалаға және астанаға кемінде біреу есепбін АЕК немесе көп бейінді стационарлар кіретін көп бейінді медициналық ұйымның базасында денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары құрады.

38 38. Гепатологиялық кабинеттің (орталықтың) құрылымын және штат санын бекітуді жұмыс көлеміне, № 6173 бұйрықпен бекітілген штат нормативтеріне сәйкес қызмет көрсетілетін халықтың санына қарай базасында гепатологиялық кабинет (орталық) құрылатын денсаулық сақтау ұйымының басшысы жүзеге асырады.

39 39. Гепатологиялық кабинет (орталықтың) дәрігері лауазымына гепатология мәселелері бойынша қосымша кәсіби білім беру бағдарламасын сәтті игерген маман тағайындалады:

1 1) "гастроэнтерология" мамандығы бойынша дәрігер;

2 2) "гастроэнтерология" мамандығы бойынша қосымша кәсіби білім алған "инфекциялық аурулар" мамандығы бойынша дәрігер.

40 40. Гепатологиялық кабинеттің (орталықтың) негізгі функциялары:

1

1) "терапия" мамандығы бойынша учаскелік дәрігерлердің, "жалпы практика дәрігері" мамандығы бойынша дәрігерлердің, сондай-ақ "гастроэнтерология" және "инфекциялық аурулар" мамандықтары бойынша дәрігерлердің жолдамасы бойынша созылмалы бауыр және өт шығару жолдарының аурулары бар пациенттерге медициналық көмек көрсету;

2 2) созылмалы бауыр және өт шығару жолдарының аурулары, оның ішінде созылмалы бауыр және өт шығару жолдарында операциялық араласуларды бастан өткерген пациенттерді динамикалық бақылау және оңалту;

3 3) созылмалы бауыр және өт шығару жолдарының аурулары бар пациенттерді зертханалық және аспаптық зерттеп-қарауға жіберу;

4 4) пациенттерді "хирургия", "онкология", "инфекциялық аурулар" мамандықтары бойынша және басқа да аралас мамандықтар бойынша дәрігерлерге тексерілуге және консультация алуға жіберу;

5 5) созылмалы бауыр және өт шығару жолдарының аурулары бар пациенттерді іріктеу және стационарлық емдеуге жіберу;

6 6) созылмалы бауыр және өт шығару жолдарының аурулары бар пациенттерді іріктеуге және ЖММК көрсетуге жіберуге қатысу;

7 7) еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама өткізу және бауыр және өт шығару жолдарының аурулары бар пациенттерді медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясына жіберу;

8 8) созылмалы бауыр және өт шығару жолдарының аурулары бар пациенттерді профилактикалаудың, диагностикалау мен емдеудің жаңа әдістерін практикаға енгізу;

9 9) учаскелік дәрігерлерге, жалпы дәрігерлік практика мамандарына және өзге де мамандықтардың дәрігерлеріне гепатология мәселелері бойынша жеке консультация жүргізу және біліктілікті арттыруға қатысу;

10 10) ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу;

11 11) тіркелген (қызмет көрсетілетін) халықтың арасында бауыр және өт шығару жолдарының аурулары бойынша статистикалық мәліметтерді талдау және ҚР ДСМ № 907 бұйрығына сәйкес есепке алу және есеп беру құжаттамасын жүргізу;

12 12) халықты санитариялық - гигиеналық ағарту бойынша іс-шараларды әзірлеу және өткізу;

13 13) созылмалы бауыр және өт шығару жолдарының аурулары бар пациенттер үшін "мектептерді" өткізуге ұйымдастыру және қатысу;

14 14) созылмалы вирустық гепатит жағдайларында:

аурудың белсенділігі мен сатысын диагностикалау;
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган ұсынған диагностикалау және емдеу (клиникалық нұсқау) хаттамаларына сәйкес вирусқа қарсы терапияға айғақтарды және қарсы айғақтарды айқындау;
қиын жағдайларда вирусқа қарсы терапияға айғақтарды және қарсы айғақтарды белгілеу үшін стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына пациенттерді бағыттау;
вирусқа қарсы терапияны жүргізу туралы хаттамалық шешімді қабылдауға қатысу;
вирусқа қарсы терапияны жүргізу және мониторинг;
тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде вирусқа қарсы терапия жүргізілген жағдайда пациенттерді күту парағына енгізу;
пациенттердің дәрілік заттарды, оның ішінде вирусқа қарсы дәрілік заттарды алуына рецепттер беру;
пациенттерді, оның ішінде созылмалы вирустық гепатиті бар пациенттерге вирусқа қарсы терапияның бастапқы кезеңін өткізу үшін амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына немесе стационарлық көмек көсететін денсаулық сақтау ұйымдарының күндізгі стационарларына емдеуге жатқызу;
бауыр ауруларының асқынған (жылжыған) нысандары бар пациенттерді республикалық денсаулық сақтау ұйымдарына жіберу;
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган ұсынған диагностикалау және емдеу хаттамаларына (клиникалық нұсқауларға) сәйкес вирусқа қарсы терапияның тиімділігін бағалау, режимін модификациялау, сондай-ақ оның жанама әсерлерін түзету;
пациенттерді немесе олардың заңды өкілдерін вирусқа қарсы терапияны жүргізудің алдында "Созылмалы вирустық гепатитті емдеуге пациенттің ақпараттық келісімі" нысанымен таныстыру;
вирусқа қарсы терапияға алынған пациенттердің саны туралы және тиімсіздігіне немесе вирусқа қарсы терапияның жанама әсерлерінің дамуына байланысты терапия тоқтатылған пациенттердің саны туралы ақпаратты дайындау және талдау;
вирусқа қарсы терапия көрсетілген немесе қарсы айғақтары бар пациенттерді динамикалық бақылау;
созылмалы вирустық гепатиттермен ауыратындардың инфекцияны одан әрі тарату қаупінің алдын алу тәсілдерін түсіндіру болып табылады.

41 41. Құрамында гепатологиялық кабинет (орталық) құрылған денсаулық сақтау ұйымы құрылымында гепатологиялық кабинеті (орталығы) бар денсаулық сақтау ұйымын жарақтандыру тізбесіне сәйкес осы Ережеге 5-қосымшада көрсетілген медициналық жабдықтармен жарақтандырылады.

42 42. Гепатологиялық кабинет (орталық) ұсынатын гепатологиялық көмек көлеміндегі клиникалық-диагностикалық қызметтер тізбесі осы Ережеге 6-қосымшада көзделген.

1 Өз құрылымында гастроэнтерология (гастроэнтерология және гепатология) бөлімшесі бар денсаулық сақтау ұйымын жарақтандыру тізбесі

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның хал­қы­на
га­стро­эн­те­ро­ло­ги­я­лық және ге­па­то­ло­ги­я­лық
кө­мек көр­се­те­тін ден­са­улық сақ­тау
ұй­ым­да­ры­ның қыз­ме­ті ту­ра­лы ере­же­ге
1-қо­сым­ша
Өз құрылымында гастроэнтерология (гастроэнтерология және гепатология) бөлімшесі бар денсаулық сақтау ұйымын жарақтандыру тізбесі
Р/с №
Са­ны
Эн­до­ско­пия бө­лім­ше­сі
Га­стро­ско­пия ка­би­не­ті
1
Бей­не­оэн­до­ско­пи­я­лық жүйе (про­цес­сор, мо­ни­тор, сор­ғыш)
1
2
Бей­не­га­стро­скоп
2
3
Биоп­си­я­лық қы­сқаш­тар
2
4
Эн­до­ско­пи­я­лық жа­рық бе­ру­ші неме­се про­цес­сор
1
5
Элек­тро­сор­ғыш
1
6
Па­ци­ент­ті тек­се­ріп-қа­ра­у­ға ар­нал­ған ку­шет­ка неме­се үстел
1
7
Ас­пап­тық үстел
2
8
Ме­ди­ци­на­лық шкаф
1
9
Бак­те­ри­цид­ті шам
1
10
Мор­фо­ло­ги­я­лық зерт­те­у­ге ар­нал­ған ма­те­ри­ал­ды алу үшін фор­ма­ли­ні бар шы­ны­лар мен құ­ты­лар
Жұ­мыс кө­ле­міне бай­ла­ны­сты
Ко­лон­на­лық – және рек­то­ско­пия ка­би­не­ті
11
Бей­не­оэн­до­ско­пи­я­лық жүйе (про­цес­сор, мо­ни­тор, сор­ғыш)
1
12
Бей­не­га­стро­скоп
2
13
Рек­то­скоп
2
14
Рек­то­скоп­қа ар­нал­ған биоп­си­я­лық қы­сқаш­тар
2
15
Эн­до­ско­пи­я­лық жа­рық бе­ру­ші неме­се про­цес­сор
1
16
Па­ци­ент­ті тек­се­ріп-қа­ра­у­ға ар­нал­ған ку­шет­ка неме­се үстел
1
17
Ас­пап­тық үстел
1
18
Ме­ди­ци­на­лық шкаф
2
19
Бак­те­ри­цид­ті шам
1
20
Мор­фо­ло­ги­я­лық зерт­те­у­ге ар­нал­ған ма­те­ри­ал­ды алу үшін фор­ма­ли­ні бар шы­ны­лар мен құ­ты­лар
Жұ­мыс кө­ле­міне бай­ла­ны­сты
Ренг­т­ге­нэн­до­ско­пи­я­лық опе­ра­ци­я­лық бө­лім
21
Бей­не­оэн­до­ско­пи­я­лық жүйе (про­цес­сор, мо­ни­тор, сор­ғыш)
1
22
Бей­не­дуо­де­но­скоп
1
23
Элек­тро­оп­ти­ка­лық қай­та түр­лен­дір­гі­ші неме­се С-до­ға­сы бар ста­ци­о­нар­лық рент­ге­но­ло­ги­я­лық ап­па­рат
1
24
Нар­коз­ды-ты­ныс алу ап­па­ра­ты
1
25
Па­ци­ент мо­ни­то­ры
1
26
Элек­тро­хи­рур­ги­я­лық қон­дыр­ғы
1
27
ЭРХ­ПГ ар­нал­ған ка­тетр
2
28
Па­пил­ло­том
2
29
Га­стро­ско­пи­я­ға ар­нал­ған іл­мек
2
30
Ко­ло­но­ско­пи­я­ға ар­нал­ған іл­мек
2
31
Га­стро­ско­пи­я­ға ар­нал­ған ин­жек­тор­лар
2
32
Ко­ло­но­ско­пи­я­ға ар­нал­ған ин­жек­тор­лар
2
33
Дор­миа се­бе­ті
2
34
га­стро - және ко­ло­но­ско­пи­я­ға ар­нал­ған клипс жиын­тығы бар кли­па­тор
Жұ­мыс кө­ле­міне бай­ла­ны­сты
35
Бө­тен затты жо­ю­ға ар­нал­ған ас­пап­тар
Жұ­мыс кө­ле­міне бай­ла­ны­сты
36
Эн­до­ско­пи­я­лық жа­рық бе­ру­ші неме­се про­цес­сор
1
37
Па­ци­ент­ті тек­се­ріп-қа­ра­у­ға ар­нал­ған ку­шет­ка неме­се үстел
1
38
Ме­ди­ци­на­лық шкаф
1
39
Ас­пап­тық үстел
2
40
Бак­те­ри­цид­ті шам
1
41
Мор­фо­ло­ги­я­лық зерт­те­у­ге ар­нал­ған ма­те­ри­ал­ды алу үшін фор­ма­ли­ні бар шы­ны­лар мен құ­ты­лар
Жұ­мыс кө­ле­міне бай­ла­ны­сты
Эн­до­скоп­тар мен ас­пап­тар­ды жу­у­ға және за­рар­сыздан­ды­ру­ға ар­нал­ған ка­би­нет
42
Эн­до­скоп­тар­ды ав­то­мат­ты жу­у­ға және за­рар­сыздан­ды­ру­ға ар­нал­ған ап­па­рат *
1
43
Эн­до­скоп­тар­ды құр­ға­ту мен сақ­та­у­ға ар­нал­ған шкаф
1
Сәу­ле­лі ди­а­гно­сти­ка­ның бө­лім­ше­сі
44
Стай­и­о­нар­лық рент­ге­но­ло­ги­я­лық қон­дыр­ғы
1
45
До­ппле­ро­га­фи­я­лық кар­та­ла­уы функ­ци­я­сы бар уль­тра­ды­быст­ық ди­а­гно­сти­ка­ға ар­нал­ған ап­па­рат
1
46
Ба­уыр­дың сер­пін­ді­лі­гін (эла­сто­мет­ри­я­лы­ғын) өл­ше­у­ге ар­нал­ған ап­па­рат
1
47
Ком­пью­тер­лік (маг­нит­ті ре­зо­нан­сты) то­мо­гра­фия
1
48
Кон­тра­сты заттар­ды ен­гізу­ге ар­нал­ған ин­жек­тор
1
Өзге жаб­дық­тар
49
Ба­уыр­дың пунк­ци­я­лық биоп­си­я­сы­на ар­нал­ған жи­нақ­тар
Жұ­мыс кө­ле­міне бай­ла­ны­сты
50
Ас­қа­зан іші­лік рН-мет­рия жүр­гізу­ге ар­нал­ған құ­ры­л­ғы
1
51
Ты­ныс алу те­стін жүр­гізу­ге ар­нал­ған құ­ры­л­ғы
1

2 Бөлімше, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарының аралас бөлімшелері ұсынатын гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көлеміндегі клиникалық-диагностикалық қызметтер тізбесі *

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның хал­қы­на
га­стро­эн­те­ро­ло­ги­я­лық және ге­па­то­ло­ги­я­лық
кө­мек көр­се­те­тін ден­са­улық сақ­тау
ұй­ым­да­ры­ның қыз­ме­ті ту­ра­лы ере­же­ге
2-қо­сым­ша
Бөлімше, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарының аралас бөлімшелері ұсынатын гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көлеміндегі клиникалық-диагностикалық қызметтер тізбесі *
Р/с №
Са­ны
1
қан­ның, несеп­тің және зәр­дің жал­пы кли­ни­ка­лық тал­да­уы
ай­ғақ­тар бой­ын­ша қай­та­ла­ма 1 рет тал­дау
2
қан­ның то­лық био­хи­ми­я­лық тал­да­уы
ай­ғақ­тар бой­ын­ша қай­та­ла­ма 1 рет тал­дау
3
қан­ның ұй­ы­ту жүй­е­сін зерт­теу
4
ин­фек­ци­я­ға се­ро­ло­ги­я­лық және ви­ру­со­ло­ги­я­лық зерт­теу
5
им­му­но­ло­ги­я­лық зерт­теу (ауто­ан­ти­де­не­нің, іс­ік мар­кер­ле­рі­нің бо­луы­на)
6
биоп­си­я­сы бар га­стро­ско­пи­я­ға
7
биоп­си­я­сы бар дуо­де­но­ско­пи­я­ға
8
биоп­си­я­сы бар ко­ло­но­ско­пи­я­ға
9
ба­уыр­дың пунк­ци­я­лық биоп­си­я­сы
10
ци­то­ло­ги­я­лық и ги­сто­ло­ги­я­лық зерт­теу
11
эн­до­ско­пи­я­лық па­пил­лос­финк­те­ро­то­мия
12
эн­до­ско­пи­я­лық ре­тро­градн­ды пан­кре­а­то­хо­лан­гио­гра­фия
13
по­лип­тер­дің эн­до­ско­пи­я­лық экс­ци­зи­я­сы
14
өңе­ш­тің, аз­қа­зан­ның ври­коз­ды ке­ңей­ті­л­ген та­мыр­ла­рын ли­гир­леу (скле­ро­зир­леу)
15
ас­қа­зан іші­лік рН-мет­рия
16
До­ппле­ро­гра­фи­я­лық кар­та­ла­уы бар ішпер­де қуы­сы ағ­за­сын уль­тра­ды­быст­ық зерт­теу
17
ба­уыр­дың сер­пін­ді­лі­гі (эла­сто­мет­ри­я­лы­ғы)
18
рент­ге­но­ло­ги­я­лық, оның ішін­де ас­қа­зан-ішек жол­да­ры ағ­за­ла­ры­на кон­тра­стық зерт­те­улер
19
уре­аз­ды ты­ныс алу те­сті
20
ком­пью­тер­лік (маг­нит­ті ре­зо­нан­сты) то­мо­гра­фия
ай­ғақ­тар бой­ын­ша
* Гастроэнтерология бөлімшесі ұсынатын гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көлеміндегі клиникалық-диагностикалық қызметтер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жүзеге асырылады.
** Ас қорыту ағзаларының аурулары бар пациенттерге клиникалық-диагностикалық қызметтерді толық көлемде көрсету мүмкін болмаған кезде аталған қызметтерді өзге денсаулық сақтау ұйымдары тиісті шарттардың негізінде көрсетеді.

3 Өз құрылымында гастроэнтеролог кабинеті бар денсаулық сақтау ұйымын жарақтандыру тізбесі

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның хал­қы­на
га­стро­эн­те­ро­ло­ги­я­лық және ге­па­то­ло­ги­я­лық
кө­мек көр­се­те­тін ден­са­улық сақ­тау
ұй­ым­да­ры­ның қыз­ме­ті ту­ра­лы ере­же­ге
3-қо­сым­ша
Өз құрылымында гастроэнтеролог кабинеті бар денсаулық сақтау ұйымын жарақтандыру тізбесі
Р/с №
Са­ны
Га­стро­ско­пия ка­би­не­ті
1
Фиб­ро­га­стро­скоп неме­се бей­не­га­стро­скоп
2
2
Биоп­си­я­лық қы­сқаш­тар
2
3
Эн­до­ско­пи­я­лық жа­рық бе­ру­ші неме­се про­цес­сор
1
4
Элек­тро­сор­ғыш
1
5
Па­ци­ент­ті тек­се­ріп-қа­ра­у­ға ар­нал­ған ку­шет­ка неме­се үстел
1
6
Ас­пап­тық үстел
2
7
Ме­ди­ци­на­лық шкаф
1
8
Бак­те­ри­цид­ті шам
1
9
Мор­фо­ло­ги­я­лық зерт­те­у­ге ар­нал­ған ма­те­ри­ал­ды алу үшін фор­ма­ли­ні бар шы­ны­лар мен құ­ты­лар
Жұ­мыс кө­ле­міне бай­ла­ны­сты
Рек­то­ско­пия ка­би­не­ті
10
Рек­то­скоп
2
11
Ре­то­скоп­қа ар­нал­ған биоп­си­я­лық қы­сқаш­тар
2
12
Эн­до­ско­пи­я­лық жа­рық бе­ру­ші неме­се про­цес­сор
1
13
Па­ци­ент­ті тек­се­ріп-қа­ра­у­ға ар­нал­ған ку­шет­ка неме­се үстел
1
14
Ме­ди­ци­на­лық шкаф
1
15
Ас­пап­тық үстел
1
16
Бак­те­ри­цид­ті шам
1
17
Мор­фо­ло­ги­я­лық зерт­те­у­ге ар­нал­ған ма­те­ри­ал­ды алу үшін фор­ма­ли­ні бар шы­ны­лар мен құ­ты­лар
Жұ­мыс кө­ле­міне бай­ла­ны­сты
Эн­до­скоп­тар­ды және ас­пап­тар­ды жу­у­ға және за­рар­сыздан­ды­ру­ға ар­нал­ған ка­би­нет
18
Эн­до­скоп­тар­ды ав­то­мат­ты жу­у­ға және за­рар­сыздан­ды­ру­ға ар­нал­ған ап­па­рат *
1
Сәу­ле­лік ди­а­гно­сти­ка ка­би­не­ті
19
Рент­ге­но­ло­ги­я­лық қон­дыр­ғы
1
20
Уль­тра­ды­бысық ди­а­гно­сти­ка­ға ар­нал­ған ап­па­рат
1
Өзге жаб­дық­тар
21
Ты­ныс алу уре­аз­ды тест жүр­гізу­ге ар­нал­ған құ­рал
1
* Жуу үшін автомат болмаған кезде дезинфекатанттарды және дистиллирленген суды қолдана отырып пластик ыдыстардағы эндоскоптарды қолмен тазалауды ұйымдастыру

4 Гастроэнтеролог кабинеті ұсынатын гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көлеміндегі клиникалық-диагностикалық қызметтер тізбесі *

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның хал­қы­на
га­стро­эн­те­ро­ло­ги­я­лық және ге­па­то­ло­ги­я­лық
кө­мек көр­се­те­тін ден­са­улық сақ­тау
ұй­ым­да­ры­ның қыз­ме­ті ту­ра­лы ере­же­ге
4-қо­сым­ша
Гастроэнтеролог кабинеті ұсынатын гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көлеміндегі клиникалық-диагностикалық қызметтер тізбесі *
Р/с №
Са­ны
1
қан­ның, несеп­тің және зәр­дің жал­пы кли­ни­ка­лық тал­да­уы
ай­ғақ­тар бой­ын­ша қай­та­ла­ма 1 рет тал­дау
2
қан­ның био­хи­ми­я­лық тал­да­уы
ай­ғақ­тар бой­ын­ша қай­та­ла­ма 1 рет тал­дау
3
ин­фек­ци­я­ға се­ро­ло­ги­я­лық және ви­ру­со­ло­ги­я­лық зерт­теу
4
им­му­но­ло­ги­я­лық зерт­теу (ауто­ан­ти­де­не­нің, іс­ік мар­кер­ле­рі­нің бо­луы­на)
5
биоп­си­я­сы бар га­стро­ско­пи­я­ға
6
биоп­си­я­сы бар рек­то­ско­пи­я­ға
7
ци­то­ло­ги­я­лық және ги­сто­ло­ги­я­лық зерт­теу
8
ішпер­де ағ­за­ла­ры­на уль­тра­ды­быст­ық зерт­те­улер
9
ішпер­де ағ­за­ла­ры­на уль­тра­ды­быст­ық зерт­те­улер
10
рент­ге­но­ло­ги­я­лық, оның ішін­де ас­қа­зан-ішек жол­да­ры ағ­за­ла­ры­на кон­тра­стық зерт­те­улер
11
ты­ныс алу уре­аз­ды тест
12
ком­пью­тер­лік (маг­нит­ті ре­зо­нан­сты) то­мо­гра­фия
* Гастроэнтеролог кабинеті ұсынатын гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көлеміндегі клиникалық-диагностикалық қызметтер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жүзеге асырылады.
** Ас қорыту ағзаларының аурулары бар пациенттерге клиникалық-диагностикалық қызметтерді толық көлемде көрсету мүмкін болмаған кезде аталған қызметтерді өзге денсаулық сақтау ұйымдары тиісті шарттардың негізінде көрсетеді.

5 Өз құрылымында гепатологиялық кабинеті (орталығы) бар денсаулық сақтау ұйымын жарақтандыру тізбесі

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның хал­қы­на
га­стро­эн­те­ро­ло­ги­я­лық және ге­па­то­ло­ги­я­лық
кө­мек көр­се­те­тін ден­са­улық сақ­тау
ұй­ым­да­ры­ның қыз­ме­ті ту­ра­лы ере­же­ге
5-қо­сым­ша
Өз құрылымында гепатологиялық кабинеті (орталығы) бар денсаулық сақтау ұйымын жарақтандыру тізбесі
Р/с №
Са­ны
Га­стро­ско­пия ка­би­не­ті
1
Фиб­ро­га­стро­скоп неме­се бей­не­га­стро­скоп
2
2
Биоп­си­я­лық қы­сқаш­тар
2
3
Эн­до­ско­пи­я­лық жа­рық бе­ру­ші неме­се про­цес­сор
1
4
Элек­тро­сор­ғыш
1
5
Па­ци­ент­ті тек­се­ріп-қа­ра­у­ға ар­нал­ған ку­шет­ка неме­се үстел
1
6
Ас­пап­тық үстел
2
7
Ме­ди­ци­на­лық шкаф
1
8
Бак­те­ри­цид­ті шам
1
9
Мор­фо­ло­ги­я­лық зерт­те­у­ге ар­нал­ған ма­те­ри­ал­ды алу үшін фор­ма­ли­ні бар шы­ны­лар мен құ­ты­лар
Жұ­мыс кө­ле­міне бай­ла­ны­сты
Рек­то­ско­пия ка­би­не­ті
10
Рек­то­скоп
2
11
Ре­то­скоп­қа ар­нал­ған биоп­си­я­лық қы­сқаш­тар
2
12
Эн­до­ско­пи­я­лық жа­рық бе­ру­ші неме­се про­цес­сор
1
13
Па­ци­ент­ті тек­се­ріп-қа­ра­у­ға ар­нал­ған ку­шет­ка неме­се үстел
1
14
Ме­ди­ци­на­лық шкаф
1
15
Ас­пап­тық үстел
1
16
Бак­те­ри­цид­ті шам
1
17
Мор­фо­ло­ги­я­лық зерт­те­у­ге ар­нал­ған ма­те­ри­ал­ды алу үшін фор­ма­ли­ні бар шы­ны­лар мен құ­ты­лар
Жұ­мыс кө­ле­міне бай­ла­ны­сты
Эн­до­скоп­тар­ды және ас­пап­тар­ды жу­у­ға және за­рар­сыздан­ды­ру­ға ар­нал­ған ка­би­нет
18
Эн­до­скоп­тар­ды ав­то­мат­ты жу­у­ға және за­рар­сыздан­ды­ру­ға ар­нал­ған ап­па­рат *
1
Сәу­ле­лік ди­а­гно­сти­ка ка­би­не­ті
19
Рент­ге­но­ло­ги­я­лық қон­дыр­ғы
1
20
До­ппле­ро­га­фи­я­лық кар­та­ла­уы функ­ци­я­сы бар уль­тра­ды­быст­ық ди­а­гно­сти­ка­ға ар­нал­ған ап­па­рат
1
21
Ба­уыр­дың сер­пін­ді­лі­гін (эла­сто­мет­ри­я­лы­ғын) өл­ше­у­ге ар­нал­ған ап­па­рат
1
* Жуу үшін автомат болмаған кезде дезинфекатанттарды және дистиллирленген суды қолдана отырып пластик ыдыстардағы эндоскоптарды қолмен тазалауды ұйымдастыру

6 Гепатологиялық кабинет (орталық) ұсынатын гепатологиялық көмек көлеміндегі клиникалық-диагностикалық қызметтер тізбесі *

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның хал­қы­на
га­стро­эн­те­ро­ло­ги­я­лық және ге­па­то­ло­ги­я­лық
кө­мек көр­се­те­тін ден­са­улық сақ­тау
ұй­ым­да­ры­ның қыз­ме­ті ту­ра­лы ере­же­ге
6-қо­сым­ша
Гепатологиялық кабинет (орталық) ұсынатын гепатологиялық көмек көлеміндегі клиникалық-диагностикалық қызметтер тізбесі *
Р/с №
Са­ны
1
қан­ның, несеп­тің және зәр­дің жал­пы кли­ни­ка­лық тал­да­уы
ай­ғақ­тар бой­ын­ша қай­та­ла­ма 1 рет тал­дау
2
қан­ның био­хи­ми­я­лық тал­да­уы
ай­ғақ­тар бой­ын­ша қай­та­ла­ма 1 рет тал­дау
3
ин­фек­ци­я­ға се­ро­ло­ги­я­лық және ви­ру­со­ло­ги­я­лық зерт­теу
4
им­му­но­ло­ги­я­лық зерт­теу (ауто­ан­ти­де­не­нің, іс­ік мар­кер­ле­рі­нің бо­луы­на)
5
биоп­си­я­сы бар га­стро­ско­пи­я­ға
6
биоп­си­я­сы бар рек­то­ско­пи­я­ға
7
ци­то­ло­ги­я­лық және ги­сто­ло­ги­я­лық зерт­теу
8
ішпер­де ағ­за­ла­ры­на уль­тра­ды­быст­ық зерт­те­улер
9
ба­уыр­дың сер­пін­ді­лі­гі (эла­сто­мет­ри­я­лы­ғы)
10
рент­ге­но­ло­ги­я­лық, оның ішін­де ас­қа­зан-ішек жол­да­ры ағ­за­ла­ры­на кон­тра­стық зерт­те­улер
11
уре­аз­ды ты­ныс алу те­сті
12
ком­пью­тер­лік (маг­нит­ті ре­зо­нан­сты) то­мо­гра­фия
* Гепатологиялық кабинеті ұсынатын гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көлеміндегі клиникалық-диагностикалық қызметтер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жүзеге асырылады.
Ас қорыту ағзаларының аурулары бар пациенттерге клиникалық-диагностикалық қызметтерді толық көлемде көрсету мүмкін болмаған кезде аталған қызметтерді өзге денсаулық сақтау ұйымдары тиісті шарттардың негізінде көрсетеді.

Қолданыстағы