Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил установления причины несоответствия подлинности электронных цифровых подписей электронных документов

Бұйрық · № 1012 · қабылданған 18.12.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-78816/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил установления причины несоответствия подлинности электронных цифровых подписей электронных документов Күшін жойған Бұйрық ·№ 1012 ·18.12.2013
05.02.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.02.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил установления причины несоответствия подлинности электронных цифровых подписей электронных документов

Күшін жойған Бұйрық ·№ 1012 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил установления причины несоответствия подлинности электронных цифровых подписей электронных документов
Атауы (қаз.)
Электрондық құжаттардың электрондық цифрлық қолтаңбасы түпнұсқалығының сәйкессіздігі себептерін анықтаудың қағидасын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1012
Қабылданған күні
18.12.2013
Көрсетілген редакция
05.02.2021 78816_509770.kaz
Соңғы өзгеріс
05.02.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300009282
ЭКБ идентификаторы
78816
Редакция идентификаторы
78816_509770
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:31

0 Электрондық құжаттардың электрондық цифрлық қолтаңбасы түпнұсқалығының сәйкессіздігі себептерін анықтаудың қағидасын бекіту туралы

«Электрондық құжат айналымы қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысымен бекітілген Электрондық құжат айналымы қағидасының 14-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Электрондық құжаттардың электрондық цифрлық қолтаңбасы түпнұсқалылығының сәйкессіздігі себептерін анықтаудың қағидасы бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясат департаменті (Қ.Б. Елеусізова):

1 1) осы бұйрықты белгіленген заңнамалық тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын, сондай-ақ оның мемлекеттік органдарының интранет-порталында орналасуын;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмесін жіберуді;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпараттық құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі С.С. Сарсеновке жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»:
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Кеңсесінің Басшысы
______________ Е.Ж. Қошанов
2014 жылғы 27 ақпан
«КЕЛІСІЛДІ»:
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
төрағасы
________________ Н.Ә. Әбіқаев
2013 жылғы 24 желтоқсан
«КЕЛІСІЛДІ»:
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
_____________ М.А. Құл-мұхаммед
2013 жылғы 19 желтоқсан

0 Электрондық құжаттардың электрондық цифрлық қолтаңбасы түпнұсқалығының сәйкессіздігі себептерін анықтау қағидасы

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2013 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 1012 бұйрығымен
бекітілді
Электрондық құжаттардың электрондық цифрлық қолтаңбасы түпнұсқалығының сәйкессіздігі себептерін анықтау қағидасы

1 1. Жалпы ереже

1 1. Осы Электрондық құжаттардың электрондық цифрлық қолтаңбасы түпнұсқалығының сәйкессіздігі себептерін анықтаудың қағидасы

(бұдан әрі – Қағида) «Электрондық құжат айналымы ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысымен бекітілген электрондық құжат айналымы қағидасының 14-тармағына сәйкес әзірленді және Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде (бұдан әрі ЭҚАБЖ), соның ішінде онымен байланысты электрондық құжат айналым жүйелерінде (бұдан әрі – ЭҚАЖ) электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжаттар түпнұсқалығы сәйкессіздігінің себептерін анықтау тәртібін анықтайды.

2 2. Қағида орталық мемлекеттік атқарушы мемлекеттiк органдарға, ведомстволарға және олардың аумақтық органдарына, сонымен қатар жергiлiктi атқарушы органдарға (бұдан әрі – МО) таралады.

3 3. Осы Қағидада келесі негізгі түсініктер мен қысқартылған сөздер пайдаланылады:

1 1) ақпаратты қорғау құралдары – ақпаратты қорғау үшін арналған немесе пайдаланылатын техникалық, криптографиялық, бағдарламалық және басқа да құралдар, заттар немесе материалдар;

2 2) жүйелік журнал – оқиғалардың қауіпсіздігімен байланысты жүйелерден және басқалардан кіру және шығу туралы жазбаларды қамтитын арнайы журнал;

3 3) пайдаланушы – оған қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшін ақпараттық жүйеге өтініш білдірген және оларды пайдаланатын субъект;

4 4) Оқиғаның пайда болу себебін анықтау комиссиясы (бұдан әрі - комиссия) – өкілетті органға қарасты консультативті-кеңесші орган, оқиғаның пайда болу себебін орнатады және тиісті ұсыныс қалыптастырады;

5 5) уәкілетті орган – ақпараттандыру саласында басшылық атқаратын мемлекеттік орган;

6 6) куәландыратын орталық – электрондық цифрлік қолтаңбаның жабық кілтіне электрондық цифрлік қолтаңба ашық кілттің сәйкестігін куәландыратын, сондай-ақ тіркеу куәліктің шынайлығын растайтын заңды тұлға.

2 2. Электрондық құжаттардың электрондық цифрлық қолтаңбасы түпнұсқалығының сәйкессіздігі себептерін анықтау тәртібі

4. Электрондық құжаттардың (бұдан әрі - ЭҚ) электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) түпнұсқалығының сәйкессіздігі пайда болуы туралы ақпарат көздері болып табылады:
1) пайдаланушылар;
2) ақпаратты қорғау құралдары;
3) жүйелік журналдар;
4) куәландыратын орталықтың ақпараттық жүйесі.
5. ЭҚ ЭЦҚ түпнұсқалығының сәйкессіздігі пайда болған жағдайда ЭҚ мемлекеттік орган-алушы мемлекеттік орган – жолдаушыға, «қабылданбады» белгісі бар ЭҚ болып табылатын, құжатпен қамтамасыз ету бөлімшесі қызметкерімен қол қойылған, «Электрондық цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі - ЭЦҚ) түпнұсқалығын тексерудің теріс нәтижесі» себептерін көрсетумен хабарлама-түбіртекті жолдайды.
6) ЭҚ пайдалану немесе мұрағаттық сақтау кезеңде ЭҚ ЭЦҚ түпнұсқалығының сәйкессіздігі пайда болған жағдайда мемлекеттік орган-алушы уәкілетті лауазымды тұлғаның қолы қойылған оқиға (хат) туралы хабарландыруды мемлекеттік орган-жіберушіге жолдайды.
7. Пайдаланушы (мемлекеттік орган-жолдаушы) «қабылданбады» белгісі бар және «ЭЦҚ түпнұсқалығын тексерудің теріс нәтижесі» себебі көрсетілген хабарлама-түбіртек алған жағдайда немесе оқиға (хат) туралы хабарландыруды алған жағдайда мемлекеттік орган-жолдаушысының ТҚҚ-сына және қажет болған жағдайда мемлекеттік орган-алушысының ТҚҚ-сына жүгінеді.
8. ЭҚ ЭЦҚ түпнұсқалығының сәйкессіздігі себебін жойғаннан соң ТҚҚ мемлекеттік орган-жолдаушы мемлекеттік орган-алушыға ЭҚ-ты қайта жолдайды.
9. Егер екі тарап бір шешімге келмеген жағдайда мемлекеттік орган-жолдаушы, бастамашы тарап ретінде мемлекеттік орган-алушыға (бұдан әрі – жауап беруші тарап) нысан бойынша уәкілетті лауазымды тұлғамен қол қойылған нағыз Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес келіспеушілік туралы өтініш жолдайды (бұдан әрі – келіспеушілік туралы өтініш).
10. Келіспеушілік туралы өтінішке растайтын құжаттар қоса тіркеледі:
1) ЭҚ-сы бар файл;
2) ЭЦҚ ЭҚ-сы бар файл;
3) ЭЦҚ ЭҚ тіркеу куәлігі бар файл.
11. Жауап беруші тарап келіспеушілік туралы өтініш түскен күнінен бастап үш жұмыс күні өтпей бастамашы-тарапқа уәкілетті лауазымды тұлғамен қол қойылған әрбір талап бойынша жауап береді.
12. Жауап беруші тарап келіспеушілік туралы өтінішке жауабында әрбір талапқа құжатты түрде негізделген жауап болуы немесе комиссияның жұмыс барысында түсуі мүмкін болатын дәлелге сілтеме жасалуы тиіс.
13. Мемлекеттік орган–жіберуші мемлекеттік орган-алушыдан жауап алғаннан кейін Уәкілетті органға шағымданады.
14. Өкілетті орган мемлекеттік орган-жіберушіден өтініш алу туралы комиссияны хабарландырады және келесі материалдарды комиссияның қарауы үшін жолдайды:
1) мемлекеттік орган-жіберушінің келіспеушілік туралы өтінішті
2) мемлекеттік орган-алушының келіспеушілік туралы өтінішке әр талабы бойынша жауапты.
15. Комиссия уәкілетті органның басшы орынбасарымен басқарылып тұрақты болып табылады.
16. Комиссия құрамына:
1) уәкілетті органның;
2) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органының;
3) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің;
4) мемлекеттік техникалық қызметтің өкілдері кіреді.
17. Комиссия құрамы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.
18. Комиссия ЭҚ ЭЦҚ түпнұсқалығының сәйкессіздігі пайда болу себебін анықтау үшін келесі материалдарды (бұдан әрі - материалдар) төменде көрсетілген мемлекеттік орган-жіберуші және мемлекеттік орган-алушы қызметтерден сұратады:
1) ЭҚАБЖ әкімшілендіру қызметі немесе онымен байланысты ЭҚАЖ және куәландыру орталықтың ақпараттық жүйені әкімшілендіру қызметі ұсынатын ЭҚ ЭЦҚ түпнұсқалығының сәйкессіздігі пайда болған күнге ЭЦҚ түпнұсқалылығының сәйкессіздігі табылған ЭҚА пайдаланушының әрекеттері туралы қорытынды және ЭҚ ЭЦҚ түпнұсқалығының сәйкессіздігі пайда болған күнге (логтарды қоса) ЭЦҚ қалыптастыру және тексеру қызметтерінің жөндемдігі туралы қорытынды;
2) Жергілікті есептеу желісінің жөндемдігі немесе ЭҚ ЭЦҚ түпнұсқалығының сәйкессіздігі пайда болған күнге шалыстар болу туралы желгілікті-есептік желіге және пайдаланушылардың жұмыс станцияларына ЭҚАБЖ әкімшілендіру қызметімен немесе онымен байланысты ЭҚАЖ бірлесіп қызмет көрсететін ұйым қызметімен ұсынылатын қорытынды;
3) Серверлерді басқару қызметімен берілетін ЭҚ ЭЦҚ түпнұсқалығының сәйкессіздігі туындаған күн ішінде ЭҚАБЖ немесе онымен байланысты ЭҚАЖ ЭҚЖ серверлік құрал-жабдықтардың дұрыстығы туралы немесе іркілістердің болуы туралы қорытынды;
4) ЭҚ ЭЦҚ түпнұсқалығының сәйкессіздігі туындаған күн ішінде ЭҚАБЖ Орталығының дұрыс жұмыс істеуі туралы қортынды (логтардың қосымшаларымен) ақпараттандыру саласындағы операторында;
5) куәландыру орталықтың ақпараттық жүйесі жабдығының жөндемдігі туралы, немесе куәландыратын орталықта ЭҚ ЭЦҚ түпнұсқалығының сәйкессіздігі пайда болған күнге шалыстардың бар болуы туралы қорытынды;
6) МО БКО жөндемдігі немесе ЭҚ ЭЦҚ түпнұсқалығының сәйкессіздігі болған күнге шалыстар МО БКО әкімшілендіру қызметінде болуы туралы қорытынды.
19. Материалдар комиссиядан сауал түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.
20. Егер сауалды беру үшін қосымша уақыт қажет болса, сауалды орындау уақыты мемлекеттік техникалық қызметімен он бес жұмыс күніне ұзартыла алады. Сонымен үш жұмыс күнінің ішінде комиссияны уақытты ұзарту себебін нұсқап хабардар ету керек.
21. Комиссия талқылау барысында комиссия белгіленген мерзім ішінде бірақ үш жұмыс күнінен кемірек емес қажетті құжаттар мен материалдарды (заттай айғақтарды немесе басқа дәлелдерді) талап ете алады.
22. Мемлекеттік техникалық қызметтің Куәландыратын орган өз тарабынан осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес ЭЦҚ пайдаланушының тіркеу куәлігін (сертификаттың) жарамдылығы не жарамсыздығы туралы қорытындысын және ЭЦҚ тану (тексеру) бойынша Куәландыратын орталықтың өзге мәліметтерін даярлайды.
23. Комиссия материалдарды алған уақыттан бастап жеті жұмыс күнінің ішінде оқиғаның пайда болу себебін анықтау саралау, ЭЦҚ тану (тексеру) жұмысын жүзеге асырады және осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес оқиғаның пайда болу себебін анықтау бойынша комиссия жұмысының хаттамасын (бұдан әрі - хаттама) жасайды.
24. Хаттама жеті нұсқада жасалады (уәкілетті органға, ұлттық қауіпсіздік органына, мемлекеттік органдардың техникалық қызметтеріне, мемлекеттік техникалық қызметіне, мемлекеттік орган-жіберушіге және мемлекеттік орган-алушыға біреуден).
25. Хаттама үш жұмыс күндік уақыт ішінде тараптарға тапсырылады.

1 №____ келіспеушілік туралы өтініш

Электрондық құжаттардың электрондық цифрлық
қолтаңбасы түпнұсқалығының сәйкессіздігі
себептерін анықтаудың қағидасына
1-қосымша
№____ келіспеушілік туралы өтініш
Келіспеушілік орыны _________________________________________________
Күні ________________________________________________________________
Ба­ста­ма­шы­ның де­ректе­ме­ле­рі
Жа­у­ап бе­ру­ші­нің де­ректе­ме­ле­рі
Өзі­мен бір­ге кел­іс­пе­у­ші­лі­гін кел­ті­ре­тін жағ­дай­лар
Өзі­мен бір­ге кел­іс­пе­у­ші­лі­гін кел­ті­ре­тін мә­лі­мет­тер
Заң­на­ма­лық және құқық­тық ак­ті­лер­дің нор­ма­сы
Дәлел­дік ба­за­ны құ­рай­тын қо­са бе­рі­л­ген құ­жат­тар­дың тіз­бе­сі
ТАӘ _____________________________             Қолы _________________
Күні ____________________________

2 Куәландырушы орталығының қорытындысы

Электрондық құжаттардың электрондық цифрлық
қолтаңбасы түпнұсқалығының сәйкессіздігі
себептерін анықтаудың қағидасына
2-қосымша
Куәландырушы орталығының қорытындысы
20 жылғы «___» _________
Тіркеу куәлігінің мәліметі № ________________________________________
1. Тіркеу куәлігі Баспасының аты:
_____________________________________________________________________
2. Тіркеу куәлігінің жарамдылық мерзімі:
___________________________ бастап __________________ бойынша жарамды
3. Тіркеу куәлігі иегерінің аты:
_____________________________________________________________________
4. Кілтті белгілеу:
_____________________________________________________________________
5. ЭЦҚ құралы:
_____________________________________________________________________
Тіркеу куәлігі электрондық құжат қол қойған күніне жарамды.
Қорытындыны берді:
ТАӘ _______________________________ Қолы ____________________________
Күні ______________________________

3 Электрондық құжаттардың электрондық цифрлық қолтаңбасы түпнұсқалығының сәйкессіздігі пайда болуының себебін анықтау жөніндегі комиссия жұмысының Хаттамасы

Электрондық құжаттардың электрондық цифрлық
қолтаңбасы түпнұсқалығының сәйкессіздігі
себептерін анықтаудың қағидасына
3-қосымша
Электрондық құжаттардың электрондық цифрлық қолтаңбасы түпнұсқалығының сәйкессіздігі пайда болуының себебін анықтау жөніндегі комиссия жұмысының Хаттамасы
Акті жасалған орын:                          Актінің жасалған күні:
______________                               20 жылғы «___» _________
Комиссия мүшелері: __________________________________________________
__________________________________________________
__________________________________________________
__________________________________________________
__________________________________________________
__________________________________________________
__________________________________________________
__________________________________________________
__________________________________________________
Жұмыстардың басталу күні және уақыты ________________________________
Жұмыстардың аяқталу күні және уақыты ________________________________
Іс- шаралардың қысқаша тізбесі ______________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Электрондық құжаттардың электрондық цифрлық қолтаңбасы түпнұсқалығының сәйкессіздігі пайда болу себебі
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Алдағы осындай электрондық құжаттардың электрондық цифрлық қолтаңбасы түпнұсқалығының сәйкессіздігі пайда болуын жою бойынша комиссияның кеңес ұсыныстары
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Комиссия мүшелерінің өздерінің жеке қолдарымен қойылған қолтаңбасы:
ТАӘ
Қо­лы
Мүшенің немесе комиссия мүшелерінің ерекше пікірлері (болған жағдайда)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
ТАӘ
Қо­лы

Қолданыстағы