Кіру
Құжат мәтініне өту

Об утверждении формы проверочного листа в сфере частного предпринимательства в сферах естественных монополий

Бұйрық · № 32-ОД · қабылданған 13.02.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-78821/on/2026-09-15/
Басып шығарылды 2026-09-15 · adilet.kz
Об утверждении формы проверочного листа в сфере частного предпринимательства в сферах естественных монополий Күшін жойған Бұйрық ·№ 32-ОД ·13.02.2014
27.06.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении формы проверочного листа в сфере частного предпринимательства в сферах естественных монополий

Күшін жойған Бұйрық ·№ 32-ОД · 15.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении формы проверочного листа в сфере частного предпринимательства в сферах естественных монополий
Атауы (қаз.)
Табиғи монополиялар салаларындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
32-ОД
Қабылданған күні
13.02.2014
Көрсетілген редакция
27.06.2015 AI78821_2.kaz
Соңғы өзгеріс
27.06.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1400009297
ЭКБ идентификаторы
78821
Редакция идентификаторы
AI78821_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:53

0 Табиғи монополиялар салаларындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы

«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-тармағына және 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар саласындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тексеру парағының нысаны бекітілсін.

2. «Табиғи монополиялар салаларындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012 жылғы 19 маусымдағы № 138-НҚ және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 205 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7776 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 540-545 (27618) нөмірінде) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Бақылау және талап қою жұмысы департаменті (А.Т. Жапсарбай):

1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) Заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін, кейін жарияланғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаментіне ұсынсын;

3) осы бірлескен бұйрық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін, оның Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (С.П. Базарбаев) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін:

1) күнтізбелік он күннен кешіктірмей көшірмені қағаз және электрондық жеткізгіште «Әділет» Ақпараттық – құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жіберсін;

2) бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жауапты хатшысы Р.Н. Ахметовке жүктелсін.

6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Өңірлік даму министрі
_______________ Б. Жәмішев
2014 жылғы 17 ақпан
Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды
реттеу агенттігінің төрағасы
______________ М. Оспанов
2014 жылғы 13 ақпан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрі
____________ Е. Досаев
2014 жылғы 4 наурыз

0 Табиғи монополиялар салаларындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тексеру парағы

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму
министрінің 2014 жылғы 17 ақпандағы № 41-НҚ
және Қазақстан Республикасы Табиғи
монополияларды реттеу агенттігі төрағасының
2014 жылғы 13 ақпандағы № 32-НҚ
бірлескен бұйрығымен бекітілген
Нысан
Табиғи монополиялар салаларындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тексеру парағы
Тексеруді тағайындаған орган ________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт _____________________________________
(№, күні, құқықтық статистика органында тіркелгені туралы мәлімет)
Тексеруді өткізу мерзімі ____________________________________________
Тексеру кезеңі ______________________________________________________
Тексерілетін субъектінің атауы ______________________________________
БСН (ЖСН) ___________________________________________________________
Орналасқан мекен жайы _______________________________________________
Тексерілетін субъект табиғи монополия субъектісі болып табылады және оған осы тексеру парағының 1-49 және ___ жолдарында көзделген талаптар қолданылады.
р/с

Та­лап­тар
1
«Та­би­ғи мо­но­по­ли­я­лар және рет­те­ле­тін на­рық­тар ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңын­да (бұ­дан әрі - Заң) рұқ­сат еті­л­ген, уәкі­лет­ті ор­ган­нан алын­ған ке­лі­сім­нің негі­зін­де өзге қыз­мет­тен бас­қа қыз­мет­тер­ді жү­зе­ге асы­ру­ға са­лын­ған тый­ым­ды сақ­тау. Осы бап­та көз­дел­ген шек­те­улер қу­ат­ты­лы­ғы аз та­би­ғи мо­но­по­ли­я­лар субъ­ек­тiлерiне және әу­е­жай­лар қыз­мет­те­рін көр­се­те­тін та­би­ғи мо­но­по­ли­я­лар субъ­ек­ті­ле­ріне қол­да­ныл­май­ды
2
Та­би­ғи мо­но­по­лия субъ­ек­тiсiнiң өн­дiрiспен және рет­телiп көр­сетiлетiн қыз­мет­тер­дi (та­у­ар­лар­ды, жұ­мыстар­ды) ұсы­ну­мен, сон­дай-ақ Заң­ға сәй­кес та­би­ғи мо­но­по­лия субъ­ек­тiсi үшiн рұқ­сат етiл­ген қыз­мет­тi жү­зе­ге асы­ру­мен бай­ла­ны­сы жоқ мен­шiк және (неме­се) ша­ру­а­шы­лық жүр­гi­зу құқы­ғы­на ие мү­лік­тің бол­мауы­на са­лын­ған тый­ым­ды сақ­тау. Осы бап­та көз­дел­ген шек­те­улер қу­ат­ты­лы­ғы аз та­би­ғи мо­но­по­ли­я­лар субъ­ек­тiлерiне қол­да­ныл­май­ды.
3
ерік­ті жи­нақ­та­у­шы зей­не­та­қы қор­ла­ры­нан, ар­найы қар­жы ком­па­ни­я­ла­ры­нан, жа­ңар­ты­ла­тын энер­гия көз­де­рін қол­дау жө­нін­де­гі қар­жы-есеп ай­ы­ры­су ор­та­лы­ғы­нан, сон­дай-ақ та­би­ғи мо­но­по­лия субъ­ек­тiсi үшiн Заң­да рұқ­сат етiл­ген қыз­мет­тi жү­зе­ге асы­ра­тын өзге де ұй­ым­дар­дан бас­қа, ком­мер­ци­я­лық ұй­ым­дар­дың ак­ци­я­ла­ры­ның (қа­ты­су үле­сте­рі­нің) бол­мауы­на неме­се олар­дың қыз­метiне өзге жол­мен қа­ты­суы­ның бол­мауы­на са­лын­ған тый­ым­ды сақ­тау. Осы бап­та көз­дел­ген шек­те­улер қу­ат­ты­лы­ғы аз та­би­ғи мо­но­по­ли­я­лар субъ­ек­тiлерiне қол­да­ныл­май­ды.
4
рет­телiп көр­сетiлетiн қыз­мет­тер (та­у­ар­лар, жұ­мыстар) үшiн уәкiлет­тi ор­ган бел­гiле­ген мөл­шер­ден астам ақы алу­ға са­лын­ған тый­ым­ды сақ­тау
5
Заң­да көз­дел­ме­ген қо­сым­ша ақы алу­ға неме­се өзі­нің маз­мұ­ны бой­ын­ша рет­те­ліп көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің мәніне қа­ты­сы жоқ (қар­жы қа­ра­жат­та­рын және өзге де мү­лік­ті, мү­лік­тік құқық­тар­ды және бас­қа­ны бе­ру) қо­сым­ша мін­дет­те­ме­лер­ді өзге түр­де кү­ш­теп та­ңу­ға жол бер­меу жө­нін­де­гі та­лап­ты сақ­тау
6
өңір­лік электр же­лі­лік ком­па­ни­я­ны, пай­да­ла­ны­ла­тын стра­те­ги­я­лық та­у­ар­лар­ға ар­нал­ған шы­ғы­стар­ды ұл­ғай­ту, сон­дай-ақ та­би­ғи және тех­но­ген­дік си­патта­ғы тө­тен­ше жағ­дай­лар­ды қо­с­па­ған­да, уәкі­лет­ті ор­ган бе­кіт­кен та­риф­тік сме­та­ның бап­та­рын­да көз­дел­ген қа­ра­жат­ты бес пай­ы­здан астам кө­тер­ме­у­ге са­лын­ған тый­ым­ды сақ­тау
7
та­би­ғи мо­но­по­ли­я­лар субъ­ек­тiлерiнiң рет­телiп көр­сетiлетiн қыз­мет­терiне (та­у­ар­ла­ры­на, жұ­мыста­ры­на) қол жет­кi­зу шар­тта­рын кү­ш­теп та­ңу­ға неме­се тұ­ты­ну­шы­лар­ды кем­сiту­ге алып ке­ле­тін өзге де iс-әре­кет­тер жа­са­у­ға жол бер­ме­у­ге са­лын­ған тый­ым­ды сақ­тау
8
рет­телiп көр­сетiлетiн қыз­мет­тер­дi (та­у­ар­лар­ды, жұ­мыстар­ды) өн­дiр­ген және (неме­се) ұсын­ған кез­де тех­но­ло­ги­я­лық цик­л­да пай­да­ла­ны­ла­тын же­ке мен­шiк құқы­ғы­мен неме­се заң­ды негiз­де өзге­ше ти­есiлi мүлiк­тi, ли­зинг­тi қо­са ал­ған­да, сенiм­гер­лiк бас­қа­ру­ға, мүлiк­тiк жал­да­у­ға (жал­ға бе­ру­ге) бе­ру­ге са­лын­ған тый­ым­ды сақ­тау. Осы бап­та көз­дел­ген шек­те­улер те­ле­ком­му­ни­ка­ци­я­лар желiлерiн ор­тақ пай­да­ла­ну­да­ғы те­ле­ком­му­ни­ка­ци­я­лар желiлерiне қо­су­ға тех­но­ло­ги­я­лық жа­ғы­нан бай­ла­ны­сты кәбiл­дiк кәрiз­дер мен өзге де негiз­гi құ­рал­дар­ды мүлiк­тiк жал­да­у­ға (жал­ға) неме­се пай­да­ла­ну­ға бе­ру жөнiн­де­гi қыз­мет­те­рін көр­се­те­тін та­би­ғи мо­но­по­ли­я­лар субъ­ек­ті­ле­ріне қол­да­ныл­май­ды
9
ар­найы қар­жы ком­па­ни­я­сы­ның жо­ба­лық қар­жы­лан­ды­ру және се­кью­ри­ти­лен­ді­ру ту­ра­лы мәмі­ле­ле­рі бой­ын­ша та­лап ету құқық­та­рын бе­ру­ді қо­с­па­ған­да, ұсы­ны­ла­тын рет­те­ліп көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ге (та­у­ар­лар­ға, жұ­мыстар­ға) бай­ла­ны­сты та­лап ету құқы­ғын бе­ру­ге са­лын­ған тый­ым­ды сақ­тау
10
рет­телiп көр­сетiлетiн қыз­мет­тер­дi (та­у­ар­лар­ды, жұ­мыстар­ды) пай­да­ла­ны­л­ған кө­ле­мiне жо­сық­сыз тұ­ты­ну­шы­лар­дың ақы тө­ле­ме­уiне бай­ла­ны­сты адал тұ­ты­ну­шы­лар­ға рет­телiп көр­сетiлетiн қыз­мет­тер­ді (та­у­ар­лар­ды, жұ­мыстар­ды) ұсы­ну­дан бас тар­ту­ға жол бер­ме­у­ге са­лын­ған тый­ым­ды сақ­тау
11
рет­телiп көр­сетiлетiн қыз­мет­тер­ге (та­у­ар­лар­ға, жұ­мыстар­ға) ұсы­ну­ға бай­ла­ны­сты емес шы­ғын­дар­ды олар­дың та­риф­терiне (ба­ға­ла­ры­на, алым­дар мөл­шер­ле­ме­ле­ріне) неме­се олар­дың шек­тi дең­гей­iне ен­гiз­беу жө­нін­де са­лын­ған тый­ым­ды сақ­тау
12
ин­ве­сти­ци­я­лық бағ­дар­ла­ма­лар­да (жо­ба­лар­да) көз­дел­ген қа­ра­жат­ты мақ­сат­ты пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі та­лап­ты сақ­тау
13
мем­ле­кет­тiк ор­ган­дар өздерiнiң құ­зы­ретi ше­гiн­де бел­гiле­ген рет­телiп көр­сетiлетiн қыз­мет­тер­дiң (та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың) са­па­сы­на қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ға сәй­кес кел­мей­тiн рет­телiп көр­сетiлетiн қыз­мет­тер­ге (та­у­ар­лар­ға, жұ­мыстар­ға) ақы та­лап ету­ге са­лын­ған тый­ым­ды сақ­тау
14
та­риф­тiк сме­та­да қам­ты­ла­тын; рет­телiп көр­сетiлетiн ком­му­нал­дық қыз­мет­тер­дiң есеп­теу ас­пап­та­рын са­тып алу мен ор­на­ту шы­ғын­да­ры және ақы алу тетi­гi, рет­телiп көр­сетiлетiн ком­му­нал­дық қыз­мет­тер­дiң есеп­теу ас­пап­та­рын са­тып алу және ор­на­ту ту­ра­лы; ұсы­ны­ла­тын рет­телiп көр­сетiлетiн ком­му­нал­дық қыз­мет­тер (та­у­ар­лар, жұ­мыстар) ту­ра­лы ақ­па­рат­ты ком­мер­ци­я­лық құ­пия деп та­ну­ға са­лын­ған тый­ым­ды сақ­тау
15
Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар өзде­рі­нің құ­зы­ре­ті ше­гін­де бел­гі­ле­ген, ұсы­ны­ла­тын рет­те­ліп көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің са­па­сы­на қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ға сәй­кес рет­те­ліп көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді (та­у­ар­лар­ды жұ­мыстар­ды) тұ­ты­ну­шы­лар­ға жал­пы­ға бір­дей қыз­мет көр­се­ту­ді қам­та­ма­сыз ету
16
рет­те­ліп көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді (та­у­ар­лар­ды, жұ­мыстар­ды) уәкі­лет­ті ор­ган бе­кіт­кен та­риф­тер (ба­ға­лар, алым­дар мөл­шер­ле­ме­ле­рі) бой­ын­ша ұсы­ну
17
тұ­ты­ну­шы­лар­дан ұсы­ны­л­ға­ны рет­телiп көр­сетiлетiн ком­му­нал­дық қыз­мет­тер (та­у­ар­лар, жұ­мыстар) үшiн өз кас­са­ла­ры, сон­дай-ақ банк­тер және банк опе­ра­ци­я­ла­ры­ның же­ке­ле­ген түр­лерiн жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар ар­қы­лы тө­лем­дер қа­был­да­уды қам­та­ма­сыз ету. Осы тар­мақ­тың та­лап­та­ры қу­ат­ты­лы­ғы аз та­би­ғи мо­но­по­ли­я­лар субъ­ек­тiлерiне қол­да­ныл­май­ды.
18
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гi­лен­ген жеңiл­дiк­тер мен ар­тық­шы­лық­тар ес­керi­ле оты­рып, рет­телiп көр­сетiлетiн қыз­мет­тер­ді (та­у­ар­лар­ды, жұ­мыстар­ды) ұсы­ну жағ­дай­ла­ры­нан бас­қа, рет­телiп көр­сетiлетiн қыз­мет­тер­дi (та­у­ар­лар­ды, жұ­мыстар­ды) тұ­ты­ну­шы­лар­ға тең жағ­дай­лар­мен ұсы­ну, оның iшiн­де «Та­би­ғи мо­но­по­ли­я­лар са­ла­сын­да­ғы рет­телiп көр­сетiлетiн қыз­мет­тер­ге (та­у­ар­лар­ға, жұ­мыстар­ға) қол жет­кi­зудiң тең жағ­дай­ла­рын ұсы­ну қа­ғи­да­ла­рын бекiту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкi­метiнiң 2012 жы­л­ғы 19 қаң­тар­да­ғы № 107 қа­улы­сы­мен бе­кі­ті­л­ген тәр­тіп­пен рет­телiп көр­сетiлетiн қыз­мет­тер­ге (та­у­ар­лар­ға, жұ­мыстар­ға) қол жет­кі­зудiң тең жағ­дай­ла­рын ұсы­ну
19
та­риф­тiң (ба­ға­ның, алым мөл­шер­ле­ме­сі­нің) шек­тi дең­гейi бе­кі­ті­л­ген жағ­дай­да, бар­лық тұ­ты­ну­шы­лар үшiн рет­телiп көр­сетiлетiн қыз­мет­тер­дi (та­у­ар­лар­ды, жұ­мыстар­ды) та­риф­тiң (ба­ға­ның, алым мөл­шер­ле­ме­сі­нің) шек­тi дең­гей­i­нен ас­пай­тын та­риф­тер­дің (ба­ға­лар­дың, алым мөл­шер­ле­ме­ле­рі­нің) бі­рың­ғай дең­гей­лерi бой­ын­ша ұсы­ну
20
са­лы­стыр­ма­лы тал­дау әді­сі қол­да­на оты­рып та­риф қол­да­ны­сқа ен­гі­зі­л­ген кү­ні­нен ба­стап өңір­лік электр же­лі­лік ком­па­ни­я­ны қо­с­па­ған­да, Заң­да және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның өзге де заң­на­ма­лық ак­ті­ле­рін­де бел­гi­лен­ген тәр­тiп­пен шы­ғын­да­ры та­би­ғи мо­но­по­лия субъ­ек­тiсiнiң рет­телiп көр­сетiлетiн қыз­мет­терiне (та­у­ар­ла­ры­на, жұ­мыста­ры­на) та­риф­тi (ба­ға­ны, алым мөл­шер­ле­ме­сін) неме­се оның шек­тi дең­гей­iн және та­риф­тiк сме­та­лар­ды бе­кі­ту кезiн­де ес­керiлетiн қыз­мет­тер­дi (тaуapлap­ды, жұ­мыстар­ды) са­тып алу­ды жү­зе­ге асы­ру
21
үш жыл­да бір рет мiн­дет­тi аудит жүр­гi­зетiн қу­ат­ты­лы­ғы аз та­би­ғи мо­но­по­ли­я­лар субъ­ек­тiлерiн қо­с­па­ған­да, ауди­тор­лық ұй­ым­дар­дың жыл сай­ын­ғы мiн­дет­тi аудит жүр­гi­зу және ауди­тор­лық есеп­тің және жыл­дық қар­жы есеп­тiлi­гi­нің мер­зім­ді бас­па­сөз ба­сы­лым­да­рын­да жа­ри­я­ла­нуы
22
рет­телiп көр­сетiлетiн қыз­мет­тер­дiң (та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың) әр­бір түрi бой­ын­ша және тұ­та­стай ал­ған­да өзге де қыз­мет бой­ын­ша кiрiстер­дiң, шы­ғын­дар мен қол­да­ны­сқа ен­гiзiл­ген ак­тив­тер­дiң бө­лек есебiн уәкiлет­тi ор­ган бекiт­кен тәр­тiп­пен жүр­гi­зу
23
та­риф­тiк сме­та­ны орын­дау, та­риф­тiк сме­та­ның орын­да­луы ту­ра­лы есеп­ті уақ­ты­лы ұсы­ну
24
«Тұ­ты­ну­шы­лар­ға және өзге де мүд­де­лі тұ­лға­лар­ға рет­те­ліп көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді (та­у­ар­лар­ды, жұ­мыстар­ды) ұсы­ну жө­нін­де­гі та­би­ғи мо­но­по­лия субъ­ек­ті­сі­нің қыз­ме­ті ту­ра­лы жыл сай­ын­ғы есеп­ті өт­кі­зу қа­ғи­да­ла­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2011 жы­л­ғы 31 қа­зан­да­ғы № 1246 қа­улы­сы­мен бе­кі­ті­л­ген тәр­тiп­пен рет­телiп көр­сетiлетiн қыз­мет­тер­дi (та­у­ар­лар­ды, жұ­мыстар­ды) ұсы­ну жөнiн­де­гi та­би­ғи мо­но­по­лия субъ­ек­ті­сі­нің қыз­ме­ті ту­ра­лы тұ­ты­ну­шы­лар­ға және өзге де мүд­делi тұ­лға­лар­ға есеп бе­ру­ді жыл сай­ын өт­кі­зу
25
«Та­би­ғи мо­но­по­лия са­ла­сы­на жа­та­тын, ұсы­ны­ла­тын қыз­мет­тер­ге (та­у­ар­лар­ға, жұ­мыстар­ға) ар­нал­ған үл­гi шар­ттар­ды бекiту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2003 жы­л­ғы 28 қа­ра­ша­да­ғы № 1194 қа­улы­сы­мен бекiті­л­ген үл­гi шар­ттар­ға сәй­кес рет­телiп көр­сетiлетiн ком­му­нал­дық қыз­мет­тер­дiң (та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың) әр­бiр түрiне, сон­дай-ақ рет­телiп көр­сетiлетiн өзге де қыз­мет­тер­дiң (та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың) әр­бiр түрiне және (неме­се) жиын­тығ­ы­на тұ­ты­ну­шы­лар­мен же­ке шар­ттар жа­са­су
26
«Кон­до­ми­ни­ум объ­ек­ті­сін бас­қа­ру ор­га­ны мен түп­кі тұ­ты­ну­шы­лар­ға ком­му­нал­дық қыз­мет­тер­ді жет­кі­зу­ші на­рық субъ­ек­ті­ле­рі ара­сын­да­ғы ын­ты­мақ­та­стық­тың үл­гі шар­тта­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2009 жы­л­ғы 11 жел­тоқ­сан­да­ғы № 2081 қа­улы­сы­мен бе­кі­ті­л­ген үл­гі ын­ты­мақ­та­стық шар­тта­ры­на сәй­кес кон­до­ми­ни­ум объ­ек­ті­сін бас­қа­ру ор­га­ны­мен оған ұсы­ны­ла­тын рет­те­ліп көр­се­ті­ле­тін ком­му­нал­дық қыз­мет­тер­дің (та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың) әр­бір тү­ріне ар­нал­ған ын­ты­мақ­та­стық шар­тта­рын жа­са­су
27
тұ­ты­ну­шы­лар­мен жа­сал­ған шар­ттар­ға сәй­кес рет­телiп көр­сетiлетiн ком­му­нал­дық қыз­мет­тер­дi (та­у­ар­лар­ды, жұ­мыстар­ды) есеп­теу ас­пап­та­рын са­тып алу және олар­ды тұ­ты­ну­шы­лар­ға ор­на­ту
28
есеп­теу ас­па­бы iстен шық­қан жағ­дай­да рет­телiп көр­сетiлетiн ком­му­нал­дық қыз­мет­тер (та­у­ар­лар, жұ­мыстар) үшін есеп­теу ас­пап­та­ры­ның ор­та­ша ай­лық көр­сет­кi­ш­терi бой­ын­ша ақы алу
29
негiз­гi құ­рал­дар­ға қай­та ба­ға­лау жүр­гi­зудi уәкiлет­тi ор­ган­мен келi­су
30
рет­телiп көр­сетiлетiн қыз­мет­тер (та­у­ар­лар, жұ­мыстар) ұсы­ну­ға шар­ттар жа­са­су кезiн­де тұ­ты­ну­шы­лар құқық­та­ры­ның бұ­зы­луы­на жол бер­меу та­ла­бын сақ­тау
31
та­риф­тер­дiң (ба­ға­лар­дың, алым­дар мөл­шер­ле­ме­ле­рі­нің) тө­мен­де­уі ту­ра­лы олар­ды қол­да­ны­сқа ен­гiз­ген­ге дей­iн уәкiлет­тi ор­ган мен тұ­ты­ну­шы­лар­ды он күн­нен ке­шiк­тiр­мей ха­бар­дар ету
32
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның са­лық заң­на­ма­сы тиiсiн­ше өзгер­тiл­ген, со­ның нәти­же­сiн­де та­би­ғи мо­но­по­лия субъ­ек­тiсi шы­ғын­да­ры­ның құ­ны азай­ған жағ­дай­да, бар­лық тұ­ты­ну­шы­лар үшiн рет­телiп көр­сетiлетiн қыз­мет­тер­ге (та­у­ар­лар­ға, жұ­мыстар­ға) та­риф­тер­дi (ба­ға­лар­ды, алым мөл­шер­ле­ме­ле­рін) неме­се олар­дың шек­тi дең­гей­лерiн атал­ған өзгерiстер қол­да­ны­сқа ен­гiзiл­ген кү­ні­нен ба­стап уәкiлет­тi ор­ган бекiт­кен тәр­тiп­пен тө­мен­де­ту
33
мүлiк­тi мем­ле­кет мен­шi­гiне бе­ру жағ­дай­ла­рын қо­с­па­ған­да, өн­дiрiс­ке және рет­телiп көр­сетiлетiн қыз­мет­тер­дi (та­у­ар­лар­ды, жұ­мыстар­ды) ұсы­ну­ға ар­нал­ған мүлiк­тi тен­дер ны­са­нын­да­ғы са­уда-сат­тық­та иелiк­тен ай­ы­ру
34
та­би­ғи мо­но­по­ли­я­лар субъ­ек­тiлерiнiң рет­те­ліп көр­се­ті­ле­тін қыз­мет түр­лерi бой­ын­ша кiрiстер­дiң, шы­ғын­дар мен қол­да­ны­сқа ен­гі­зі­л­ген ак­тив­тер­дiң бө­лек есе­бін жүр­гі­зу әдiсте­месiн әзiр­леу және ке­лі­су
35
бе­кі­ті­л­ген ин­ве­сти­ци­я­лық бағ­дар­ла­ма­лар­ды (жо­ба­лар­ды) орын­дау
36
уәкі­лет­ті ор­ган бе­кіт­кен рет­те­ліп көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді (та­у­ар­лар­ды, жұ­мыстар­ды) көр­се­ту үшін ті­ке­лей пай­да­ла­ны­ла­тын ши­кі­зат, ма­те­ри­ал­дар, отын, энер­гия шы­ғы­сы­ның тех­ни­ка­лық және тех­но­ло­ги­я­лық нор­ма­ла­рын бес пай­ы­здан астам кө­тер­меу та­ла­бын сақ­тау
37
нор­ма­тив­тен тыс ысы­рап­тар болған жағ­дай­да олар­ды жою жө­нін­де іс-ша­ра­лар жос­па­рын әзір­леу және іс­ке асы­ру
38
нор­ма­тив­тік тех­ни­ка­лық ысы­рап­тар­дың дең­гей­ін уәкі­лет­ті ор­ган бел­гі­ле­ген ша­ма­ға және мер­зім­де тө­мен­де­ту
39
нор­ма­тив­тен тыс ысы­рап­тар болған кез­де олар­ды жою жө­нін­де­гі іс-ша­ра­лар жос­па­рын іс­ке асы­ру ту­ра­лы есеп­ті уақ­ты­лы уәкі­лет­ті ор­ган­ға уақ­ты­лы ұсы­ну
40
өңір­лік электр же­лі­лік ком­па­ни­я­ның көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің нақ­ты (өт­кен күн­тіз­бе­лік жыл үшін) және жос­пар­ла­нып отыр­ған (ал­да­ғы күн­тіз­бе­лік үш жы­л­ға ар­нал­ған) шы­ғын­да­ры мен кө­лем­де­рі ту­ра­лы, сон­дай-ақ негіз­де­у­ші ма­те­ри­ал­дар­ды қо­са бе­ре оты­рып, қыз­мет­тің тех­ни­ка­лық-эко­но­ми­ка­лық көр­сет­кіш­те­рі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты уақ­ты­лы ұсы­нуы
41
са­лы­стыр­ма­лы тал­дау әді­сін қол­да­на оты­рып та­риф бе­кі­ті­л­ген жағ­дай­да тоқ­сан (жыл) қо­ры­тын­ды­ла­ры бой­ын­ша қыз­мет ту­ра­лы ақ­па­рат­ты есеп­ті тоқ­сан­нан (жыл­дан) кей­ін­гі ай­дың соң­ғы кү­ні­нен ке­шік­тір­мей уәкі­лет­ті ор­ган бе­кіт­кен ны­сан бой­ын­ша ұсы­ну
42
жа­ңа­дан құ­ры­л­ған та­би­ғи мо­но­по­лия субъ­ек­тiсiнiң рет­телiп көр­сетiлетiн қыз­мет­терiне (та­у­ар­ла­ры­на, жұ­мыста­ры­на) та­риф­тер­дi (ба­ға­лар­ды, алым­дар мөл­шер­ле­ме­ле­рін) және та­риф­тiк сме­та­лар­ды жал­пы тәр­тiп­пен қай­та қа­рау үшiн ал­ты ай­дан ке­шiк­тiр­мей өтiнiм­ді уәкі­лет­ті ор­ган­ға ұсы­ну
43
Заң­ның 18-1-ба­бын­да көз­дел­ген iс-әре­кет­тер­дi жү­зе­ге асы­ру­ға келiсiм бе­ру ту­ра­лы өтiнi­ш­ті уәкiлет­тi ор­ган­ға уақ­ты­лы ұсы­ну не ал­дын ала ха­бар­ла­ма жол­дау
44
та­би­ғи мо­но­по­лия субъ­ек­тiсi­нің тұ­ты­ну­шы­ның на­за­ры­на та­риф­тер­дiң (ба­ға­лар­дың, алым­дар мөл­шер­ле­ме­ле­рі­нің) неме­се олар­дың шек­тi дең­гей­лерiнiң өзгер­ген­ді­гі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты олар кү­шiне ен­гiзiл­ген­ге дей­iн ке­мін­де отыз күн бұ­рын, ал қу­ат­ты­лы­ғы аз та­би­ғи мо­но­по­лия субъ­ек­ті­сі­нің олар қол­да­ны­сқа ен­гі­зі­л­ген­ге дей­ін ке­мін­де үш күн бұ­рын жет­кі­зу мiн­де­тін сақ­та­уы
45
өңір­лік электр же­лі­лік ком­па­ни­я­ның тұ­ты­ну­шы­ның на­за­ры­на та­риф­тің өзге­руі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты оны қол­да­ны­сқа ен­гіз­ген­ге дей­ін күн­тіз­бе­лік отыз күн­нен ке­шік­тір­мей жет­кі­зу мін­де­тін сақ­та­уы
46
Уәкiлет­тi ор­ган­ның ба­ста­ма­сы бой­ын­ша та­риф­тер (ба­ға­лар, алым­дар мөл­шер­ме­ле­рі) неме­се олар­дың шек­тi дең­гей­лерi және та­риф­тiк сме­та­лар қай­та қа­рал­ған жағ­дай­да, та­би­ғи мо­но­по­лия субъ­ек­тiсi ти­іс­ті та­лап­ты ал­ған кү­ні­нен ба­стап эко­но­ми­ка­лық жа­ғы­нан негiз­дел­ген есеп­тер­дi және өзге де ақ­па­рат­ты бір ай мерзiм­де жа­ңа та­риф­тi (ба­ға­ны, алым мөл­шер­ме­ле­рін) бе­кі­ту үшiн өтiнiм бе­ру ке­зін­де­гі кө­лем­де та­быс ету мiн­детiн сақ­тау
47
ин­ве­сти­ци­я­лық бағ­дар­ла­ма­ны (жо­ба­ны) іс­ке асы­ру ке­зе­ңін­де жыл сай­ын, есеп­ті ке­зең­нен кей­ін­гі жыл­дың 1 ма­мы­ры­нан ке­шік­тір­мей, «Та­би­ғи мо­но­по­лия субъ­ек­ті­сі­нің ин­ве­сти­ци­я­лық бағ­дар­ла­ма­ның (жо­ба­ның) орын­да­луы ту­ра­лы ақ­па­рат ны­са­нын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2012 жы­л­ғы 7 жел­тоқ­сан­да­ғы № 1568 қа­улы­сы­мен бе­кі­ті­л­ген ны­сан бой­ын­ша ин­ве­сти­ци­я­лық бағ­дар­ла­ма­ның (жо­ба­ның) орын­да­луы ту­ра­лы ақ­па­рат бе­ру және осы ақ­па­рат­ты та­би­ғи мо­но­по­лия субъ­ек­ті­сі өз қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ра­тын әкім­ші­лік-аумақ­тық бір­лік­тің ти­іс­ті ау­ма­ғын­да та­ра­ты­ла­тын бұ­қа­ра­лық ақ­па­рат құ­рал­да­рын­да ор­на­ла­сты­ру мiн­детiн сақ­тау
48
өңір­лік электр же­лі­лік ком­па­ни­я­ны қо­с­па­ған­да, та­риф­тік сме­та­ның орын­да­луы ту­ра­лы есеп­ті жыл сай­ын есеп­ті ке­зең­нен кей­ін­гі жыл­дың 1 ма­мы­ры­нан ке­шік­тір­мей та­быс ету мiн­детiн сақ­тау
49
ке­лесi күн­тiз­белiк жы­л­ға рет­телiп көр­сетiлетiн қыз­мет­тер­ге та­риф­тер­ді (ба­ға­лар­ды, алым­дар мөл­шер­ме­ле­рін) неме­се олар­дың шек­тi дең­гей­лерiн және та­риф­тiк сме­та­лар­ды бекiту кезiн­де шы­ғын­да­ры ес­керiлетiн та­би­ғи мо­но­по­лия субъ­ек­тiсi са­тып ала­тын та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар мен қыз­мет­тер­дiң тiз­бе­сін жыл сай­ын 31 жел­тоқ­сан­ға дей­ін уәкiлет­тi ор­ган­ға мәлi­мет үшiн жi­бе­ру мiн­детiн сақ­тау
ли­цен­зи­ат үшін
50
кә­сіп­кер­лік неме­се өзге қыз­мет­пен ай­на­лы­су, сон­дай-ақ ли­цен­зи­я­ла­у­ға жа­та­тын іс-әре­кет­тер­ді ти­іс­ті ли­цен­зия негі­зін­де жү­зе­ге асы­ру
51
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген ли­цен­зи­я­лау нор­ма­ла­рын, со­ның iшiн­де ли­цен­зи­я­ла­на­тын қыз­мет түр­лерiне қой­ы­ла­тын бiлiк­тiлiк та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гін сақ­тау
52
ли­цен­зи­я­ның қол­да­ны­сын тоқ­та­та тұ­ру мер­зі­мі аяқ­тал­ған­нан кей­ін әкім­ші­лік жа­у­ап­кер­ші­лік­ке алып кел­ген ли­цен­зи­я­лау нор­ма­ла­рын бұ­зу­ды жою
Тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлға:
____________________________________________ ________________________
(лауазымы) (қолы, А.Ә.Т.)
Тексерілетін субъектінің өкілі:
____________________________________________ ________________________
(лауазымы) (қолы, А.Ә.Т.)

Қолданыстағы