Кіру
Құжат мәтініне өту

Об утверждении формы проверочного листа в сфере частного предпринимательства в сферах регулируемых рынков

Бұйрық · № 31/ОД · қабылданған 13.02.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-78824/on/2026-09-15/
Басып шығарылды 2026-09-15 · adilet.kz
Об утверждении формы проверочного листа в сфере частного предпринимательства в сферах регулируемых рынков Күшін жойған Бұйрық ·№ 31/ОД ·13.02.2014
27.06.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении формы проверочного листа в сфере частного предпринимательства в сферах регулируемых рынков

Күшін жойған Бұйрық ·№ 31/ОД · 15.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении формы проверочного листа в сфере частного предпринимательства в сферах регулируемых рынков
Атауы (қаз.)
Реттелетін нарықтар салаларындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
31/ОД
Қабылданған күні
13.02.2014
Көрсетілген редакция
27.06.2015 AI78824_2.kaz
Соңғы өзгеріс
27.06.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1400009300
ЭКБ идентификаторы
78824
Редакция идентификаторы
AI78824_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:53

0 Реттелетін нарықтар салаларындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы

«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-тармағына және 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Қоса беріліп отырған реттелетін нарық саласындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тексеру парағының нысаны бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Бақылау және талап қою жұмысы департаменті (А.Т. Жапсарбай):

1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) Заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін, кейін жарияланғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаментіне ұсынсын;

3) осы бірлескен бұйрық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін, оның Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (С.П. Базарбаев) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін:

1) күнтізбелік он күннен кешіктірмей көшірмені қағаз және электрондық жеткізгіште «Әділет» Ақпараттық – құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жіберсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жауапты хатшысы Р.Н. Ахметовке жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Өңірлік даму министрі
_______________ Б. Жәмішев
2014 жылғы 17 ақпан
Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды
реттеу агенттігінің төрағасы
______________ М. Оспанов
2014 жылғы 13 ақпан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрі
____________ Е. Досаев
2014 жылғы 4 наурыз

0 Реттелетін нарықтар салаларындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тексеру парағы

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму
министрінің 2014 жылғы 17 ақпандағы № 42-НҚ
және Қазақстан Республикасы Табиғи
монополияларды реттеу агенттігі төрағасының
2014 жылғы 13 ақпандағы № 31-НҚ
бірлескен бұйрығымен бекітілген
Нысан
Реттелетін нарықтар салаларындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тексеру парағы
Тексеруді тағайындаған орган ________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт _____________________________________
(№, күні, құқықтық статистика органында тіркелгені туралы мәлімет)
Тексеруді өткізу мерзімі ____________________________________________
Тексеру кезеңі ______________________________________________________
Тексерілетін субъектінің атауы ______________________________________
БСН (ЖСН) ___________________________________________________________
Орналасқан мекен жайы _______________________________________________
Тексерілетін субъект нарық субъектісі болып табылады және оған осы тексеру парағының 1-10 және ___ жолдарында көзделген талаптар қолданылады.
р/с

та­лап­тар
1
ал­да­ғы уа­қыт­та та­у­ар­лар­дың (жұ­мыстар­дың, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің) ба­ға­ла­ры шек­ті ба­ға­дан жо­ға­ры өсе­ті­ні және олар­дың өсу се­бе­бін рас­тай­тын негіз­де­ме­лік ма­те­ри­ал­дар­ды та­быс ете оты­рып, өсу се­беп­те­рі ту­ра­лы жа­з­ба­ша түр­де уәкі­лет­ті ор­ган­ға ке­мін­де күн­тіз­бе­лік отыз күн бұ­рын ха­бар­лау та­ла­бын сақ­тау
2
рет­те­ле­тін на­рық­тар­да ба­ға бел­гі­леу тәр­ті­біне сәй­кес шек­ті ба­ға­лар­да ес­ке­рі­л­ген ин­ве­сти­ци­я­лық бағ­дар­ла­ма­лар­ды (жо­ба­лар­ды) орын­дау та­ла­бын сақ­тау
3
шек­ті ба­ға­лар­да ес­ке­рі­л­ген ин­ве­сти­ци­я­лық бағ­дар­ла­ма­лар­ды (жо­ба­лар­ды) іс­ке асы­ру­ға алын­ған және пай­да­ла­ныл­ма­ған та­бысты ті­ке­лей тұ­ты­ну­шы­лар­ға не тұ­ты­ну­шы­лар­дың то­лық тіз­бе­сін бел­гі­леу мүм­кін бол­ма­ған жағ­дай­да, рет­те­ле­тін на­рық­тар­да ба­ға бел­гі­леу тәр­ті­біне сәй­кес ал­да­ғы ке­зең­ге шек­ті ба­ға­ның дең­гей­ін тө­мен­де­ту ар­қы­лы қай­та­ру та­ла­бын сақ­тау
4
шек­ті ба­ға­ны негіз­сіз кө­те­ру нәти­же­сін­де алын­ған та­бысты ті­ке­лей тұ­ты­ну­шы­лар­ға не тұ­ты­ну­шы­лар­дың то­лық тіз­бе­сін бел­гі­леу мүм­кін бол­ма­ған жағ­дай­да рет­те­ле­тін на­рық­тар­да ба­ға бел­гі­леу тәр­ті­біне сәй­кес ал­да­ғы ке­зең­ге шек­ті ба­ға­ның дең­гей­ін тө­мен­де­ту жо­лы­мен қай­та­ру та­ла­бын сақ­тау
5
уәкі­лет­ті ор­ган­ға ба­ға­лар­ға мем­ле­кет­тік рет­теу ен­гі­зі­л­ген неме­се өнім­дер­дің, та­у­ар­лар­дың және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің но­мен­кла­ту­ра­сы­на ен­гі­зі­л­ген кү­ні­нен ба­стап ба­ға дең­гей­ін рас­тай­тын негіз­де­ме­лік ма­те­ри­ал­дар­ды қо­са бе­ре оты­рып, боса­ту ба­ға­ла­ры ту­ра­лы ақ­па­рат­ты күн­тіз­бе­лік отыз күн­нен ке­шік­тір­мей ұсы­ну
6
уәкі­лет­ті ор­ган­ға Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бух­гал­тер­лік есеп пен қар­жы­лық есеп­ті­лік ту­ра­лы заң­на­ма­сы­на сәй­кес есеп­ті тоқ­сан­нан кей­ін­гі ай­дың соң­ғы кү­ні­нен ке­шік­тір­мей тоқ­сан сай­ын­ғы қар­жы­лық есеп­ті­лік­ті ұсы­ну
7
уәкі­лет­ті ор­ган бе­кіт­кен ны­сан бой­ын­ша есеп­ті ай­дан кей­ін­гі ай­дың соң­ғы кү­ні­нен ке­шік­тір­мей өн­ді­ру (өт­кі­зу) кө­лем­де­рі, та­быст­ы­лық дең­гейі және өн­ді­рі­ле­тін (өт­кі­зі­ле­тін) та­у­ар­лар­ды (жұ­мыстар­ды, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді) боса­ту ба­ға­ла­ры ту­ра­лы ай сай­ын­ғы ақ­па­рат­ты уәкі­лет­ті ор­ган­ға ұсы­ну
8
уәкі­лет­ті ор­ган­ға оның та­лап ету­і­мен ба­ға­ға са­рап­та­ма жүр­гі­зу үшін қа­жет­ті ақ­па­рат­ты уәкі­лет­ті ор­ган бел­гі­ле­ген мер­зім­де қа­ғаз және (неме­се) элек­трон­дық жет­кіз­гіш­тер­де ұсы­ну
9
уәкі­лет­ті ор­ган­ға шек­ті ба­ға­да ес­ке­рі­л­ген, кей­ін­нен бұ­қа­ра­лық ақ­па­рат құ­рал­да­рын­да ор­на­ла­сты­ры­ла­тын ин­ве­сти­ци­я­лық бағ­дар­ла­ма­ның (жо­ба­ның) орын­да­луы не орын­дал­мауы ту­ра­лы тоқ­сан сай­ын­ғы ақ­па­рат­ты уәкі­лет­ті ор­ган бе­кіт­кен ны­сан бой­ын­ша есеп­ті тоқ­сан­нан кей­ін­гі ай­дың жиыр­ма бе­сін­ші кү­ні­нен ке­шік­тір­мей ұсы­ну
10
ба­ға­ның негіз­ді бо­луы­на әсер ете­тін қа­жет­ті ақ­па­рат­ты уәкі­лет­ті ор­ган­ға бе­ру
ли­цен­зи­ат үшін
11
кә­сіп­кер­лік неме­се өзге қыз­мет­пен ай­на­лы­су, сон­дай-ақ ли­цен­зи­я­ла­у­ға жа­та­тын іс-әре­кет­тер­ді ти­іс­ті ли­цен­зия негі­зін­де жү­зе­ге асы­ру
12
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген ли­цен­зи­я­лау нор­ма­ла­рын, со­ның iшiн­де ли­цен­зи­я­ла­на­тын қыз­мет түр­лерiне қой­ы­ла­тын бiлiк­тiлiк та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гін сақ­тау
13
ли­цен­зи­я­ның қол­да­ны­сын тоқ­та­та тұ­ру мер­зі­мі аяқ­тал­ған­нан кей­ін әкім­ші­лік жа­у­ап­кер­ші­лік­ке әкеп соқ­қан ли­цен­зи­я­лау нор­ма­ла­рын бұ­зу­ды жою
Тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлға:
____________________________________________ ________________________
(лауазымы) (қолы, А.Ә.Т.)
Тексерілетін субъектінің өкілі:
____________________________________________ ________________________
(лауазымы) (қолы, А.Ә.Т.)

Қолданыстағы