Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества села Карасу Джангельдинского района Костанайской области

Ереже · № 155 · қабылданған 28.02.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-78848/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества села Карасу Джангельдинского района Костанайской области Күшін жойған Ереже ·№ 155 ·28.02.2014
17.05.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.05.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества села Карасу Джангельдинского района Костанайской области

Күшін жойған Ереже ·№ 155 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества села Карасу Джангельдинского района Костанайской области
Атауы (қаз.)
Қостанай облысы Жангелдин ауданының Қарасу ауылында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
155
Қабылданған күні
28.02.2014
Көрсетілген редакция
17.05.2018 78848_330066.kaz
Соңғы өзгеріс
17.05.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14NI004588
ЭКБ идентификаторы
78848
Редакция идентификаторы
78848_330066
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:38

0 Қостанай облысы Жангелдин ауданының Қарасу ауылында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабы 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Жангелдин ауданының Қарасу ауылында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудіңқағидалары бекітілсін.

2 2. Қостанай облысы Жангелдин ауданының Қарасу ауылының жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Жангелдин ауданының
Қарасу ауылының әкімі
_____________ С. Оразбаев

4 Мәслихаттың

2014 жылғы 28 ақпандағы
№ 155 шешіміне қосымша
Қостанай облысы Жангелдин ауданының Қарасу
ауылының жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл
тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы
Қостанай облысы Жангелдин ауданының Қарасу ауылы тұрғындары өкілдерінің саны
1
Қостанай облысы Жангелдин ауданының Қарасу ауылы
7

5 Мәслихаттың

2014 жылғы 28 ақпандағы
№ 155 шешімімен бекітілген
Қостанай облысы Жангелдин ауданының Қарасу
ауылында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын
өткізудің қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Қостанай облысы Жангелдин ауданының Қарасу ауылы (бұдан әрі – Қарасу ауылы) тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

2 2. Қарасу ауылының аумағындағы ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

3 3. Бөлек жиынды Қарасу ауылының әкімі шақырады.

Жангелдин ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

4 4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

5 5. Қарасу ауылы шегінде бөлек жиынды өткізуді Қарасу ауылының әкімі ұйымдастырады.

6 6. Бөлек жиынды ашудың алдында Қарасу ауылының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

7 7. Бөлек жиынды Қарасу ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Қарасу ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

8 8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Қарасу ауылының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Жангелдин аудандық мәслихатымен бекітілген сандық құрамына сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

9 9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

10 10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және Қарасу ауылы әкімінің аппаратына беріледі.

Қолданыстағы