Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества села Милисай Джангельдинского района Костанайской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества села Милисай Джангельдинского района Костанайской области
- Атауы (қаз.)
- Қостанай облысы Жангелдин ауданының Милісай ауылында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 157
- Қабылданған күні
- 28.02.2014
- Көрсетілген редакция
- 13.03.2020 78850_448581.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.03.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14NI004590
- ЭКБ идентификаторы
- 78850
- Редакция идентификаторы
- 78850_448581
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:38
0 Қостанай облысы Жангелдин ауданының Милісай ауылында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабы 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Жангелдин ауданының Милісай ауылында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
2 2. Қостанай облысы Жангелдин ауданының Милісай ауылының жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Жангелдин ауданының
Милісай ауылының әкімі
_____________ А. Талпаков
4 Мәслихаттың
2014 жылғы 28 ақпандағы
№ 157 шешіміне қосымша
Қостанай облысы Жангелдин ауданының Милісай
ауылының жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл
тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
№
Елді мекеннің атауы
Қостанай облысы Жангелдин ауданының Милісай ауылы тұрғындары өкілдерінің саны
1
Қостанай облысы Жангелдин ауданының Милісай ауылы
4
5 Мәслихаттың
2014 жылғы 28 ақпандағы
№ 157 шешімімен бекітілген
Қостанай облысы Жангелдин ауданының Милісай
ауылында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын
өткізудің қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Қостанай облысы Жангелдин ауданының Милісай ауылы (бұдан әрі – Милісай ауылы) тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2 2. Милісай ауылының аумағындағы ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3 3. Бөлек жиынды Милісай ауылының әкімі шақырады.
Жангелдин ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4 4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5 5. Милісай ауылы шегінде бөлек жиынды өткізуді Милісай ауылының әкімі ұйымдастырады.
6 6. Бөлек жиынды ашудың алдында Милісай ауылының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7 7. Бөлек жиынды Милісай ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Милісай ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8 8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Милісай ауылының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Жангелдин аудандық мәслихатымен бекітілген сандық құрамына сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.