Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества села Шили Джангельдинского района Костанайской области

Ереже · № 158 · қабылданған 28.02.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-78851/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества села Шили Джангельдинского района Костанайской области Күшін жойған Ереже ·№ 158 ·28.02.2014
27.03.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества села Шили Джангельдинского района Костанайской области

Күшін жойған Ереже ·№ 158 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества села Шили Джангельдинского района Костанайской области
Атауы (қаз.)
Қостанай облысы Жангелдин ауданының Шилі ауылында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
158
Қабылданған күні
28.02.2014
Көрсетілген редакция
27.03.2020 78851_450812.kaz
Соңғы өзгеріс
27.03.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14NI004591
ЭКБ идентификаторы
78851
Редакция идентификаторы
78851_450812
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:38

0 Қостанай облысы Жангелдин ауданының Шилі ауылында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабы 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Жангелдин ауданының Шилі ауылында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қостанай облысы Жангелдин ауданының Шилі ауылының жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Жангелдин ауданының
Шилі ауылының әкімі
_______ К. Жетписбаев

4 Мәслихаттың

2014 жылғы 28 ақпандағы
№ 158 шешіміне
қосымша
Қостанай облысы Жангелдин ауданының Шилі
ауылының жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл
тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы
Қостанай облысы Жангелдин ауданының Шилі ауылы тұрғындары өкілдерінің саны
1
Қостанай облысы Жангелдин ауданының Шилі ауылы
6

5 Мәслихаттың

2014 жылғы 28 ақпандағы
№ 158 шешімімен
бекітілген
Қостанай облысы Жангелдин ауданының Шилі
ауылында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын
өткізудің қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Қостанай облысы Жангелдин ауданының Шилі ауылы (бұдан әрі – Шилі ауылы) тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

2 2. Шилі ауылының аумағындағы ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

3 3. Бөлек жиынды Шилі ауылының әкімі шақырады.

Жангелдин ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

4 4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

5 5. Шилі ауылы шегінде бөлек жиынды өткізуді Шилі ауылының әкімі ұйымдастырады.

6 6. Бөлек жиынды ашудың алдында Шилі ауылының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

7 7. Бөлек жиынды Шилі ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Шилі ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

8 8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Шилі ауылының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Жангелдин аудандық мәслихатымен бекітілген сандық құрамына сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

9 9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

10 10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және Шилі ауылы әкімінің аппаратына беріледі.

Қолданыстағы