О льготном проезде на общественном транспорте (кроме такси) учащихся очной формы обучения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О льготном проезде на общественном транспорте (кроме такси) учащихся очной формы обучения
- Атауы (қаз.)
- Күндізгі оқу нысанындағы оқушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 224
- Қабылданған күні
- 31.03.2014
- Көрсетілген редакция
- 26.02.2015 78863_164029.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.02.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14KF002586
- ЭКБ идентификаторы
- 78863
- Редакция идентификаторы
- 78863_164029
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:16
0 Күндізгі оқу нысанындағы оқушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына және "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Заңына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. 2014 жылы қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүру Сәтбаев қаласының төмендегі оқушылар санаттарына белгіленсін:
1 1) жалпы білім беру оқу орындарының біріншіден сегізінші сыныпқа дейінгі оқушыларын қосып алғанда – тегін жол жүру (каникул кезеңдерін және әр аптаның демалыс күндерін қоспағанда);
2 2) жалпы білім беру оқу орындарының тоғызыншыдан он бірінші сыныпқа дейінгі оқушыларын қосып алғанда – белгіленген тарифтің 50 % төлеумен (каникул кезеңдерін және әр аптаның демалыс күндерін қоспағанда);
3 3) кәсіби мектептердің, колледждердің, жоғары оқу орындарының оқушыларын – белгіленген тарифтің 50 % төлеумен (каникул кезеңдерін және әр аптаның демалыс күндерін қоспағанда);
4
4) әлеуметтік көмек көрсетілетін мына азаматтар санатына жалпы білім беру оқу орындарының біріншіден он бірінші сыныпқа дейінгі оқушыларын қосып алғанда, кәсіби мектептердің, колледждердің, жоғары оқу орындарының оқушыларына – тегін жол жүру (каникул кезеңдерін және әр аптаның демалыс күндерін қоспағанда):
жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
даму мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар;
көп балалы отбасылардың балалары;
кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарындағы балалар;
жалпы және санаторийлік үлгідегі мектеп-интернаттарында, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын балалар;
дарынды балаларға арналған мамандандырылған интернаттық білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балалар;
интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілері;
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар;
денсаулық жағдайына байланысты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша ұзақ уақыт бойы үйде немесе стационарлық көмек, сондай-ақ қалпына келтіру емін және медициналық оңалту көрсететін ұйымдарда оқитын балалар;
толық емес отбасынан шыққан балалар.
2
2. "Күндізгі оқу нысанындағы оқушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруі туралы" Сәтбаев қалалық мәслихатының 2013 жылғы 20 ақпандағы № 113 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2238 болып тіркелген және "Шарайна" газетінің 2013 жылғы 29 наурыздағы 13 (2048) нөмірінде ресми жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (төрайымы Қоңырова Әлия Мешітбайқызы) жүктелсін.
4 4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
"Сәтбаев қаласының білім, дене
шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Ш. Жанасылова
2014 жылғы 31 наурыз