Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества Астраханского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества Астраханского района
- Атауы (қаз.)
- Астрахан ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 5С-27-2
- Қабылданған күні
- 11.03.2014
- Көрсетілген редакция
- 23.12.2016 78874_141706.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.12.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14BF004089
- ЭКБ идентификаторы
- 78874
- Редакция идентификаторы
- 78874_141706
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:32
0 Астрахан ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы 3аңының 39-3-бабының 6 тармағына, «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Астрахан ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.
2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Астрахан ауданының әкімі Т.Ерсейітов
11.03.2014
3 Астрахан аудандық мәслихатының
2014 жылғы 11 наурыздағы
№ 5С-27-2 шешіміне
қосымша
Астрахан ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Астрахан ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына» сәйкес әзірленді және Астрахан ауданының ауылдық округтердің, көшенің, көп пәтерлі тұрғын үйлердің ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2 2. Астрахан ауданының, ауылдардың, ауылдық округтердің аумағындағы ауылдың, көшенің, көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3 3. Бөлек жиынды ауылдың, ауылдық округтің әкімі шақырады. Астрахан ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге өз шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4 4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы аудандық «Маяк» газеті арқылы олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5 5. Ауыл, көше, көп пәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді ауылдың, ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.
6 6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдың, көшенің, көп пәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7 7. Бөлек жиынды ауыл, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Ауыл, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Астрахан ауданының ауылдың, ауылдық округтің аумағындағы ауылдың, көшенің, көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындарының жалпы санының 1 % мөлшерінде ұсынады. Жергілікті қоғамдастық жиыны мен жергілікті қоғамдастық жиналысына кәмелетке толмаған адамдардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот өкімімен бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың қатысуға құқығы жоқ.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тек өкілдік ету қағидасы негізінде айқындалады.