Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача разрешения на размещение объектов наружной (визуальной) рекламы в полосе отвода автомобильных дорог общего пользования областного и районного значения, а также в населенных пунктах"

Қаулы · № 509 · қабылданған 06.03.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-78884/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача разрешения на размещение объектов наружной (визуальной) рекламы в полосе отвода автомобильных дорог общего пользования областного и районного значения, а также в населенных пунктах" Күшін жойған Қаулы ·№ 509 ·06.03.2014
13.11.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.11.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача разрешения на размещение объектов наружной (визуальной) рекламы в полосе отвода автомобильных дорог общего пользования областного и районного значения, а также в населенных пунктах"

Күшін жойған Қаулы ·№ 509 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача разрешения на размещение объектов наружной (визуальной) рекламы в полосе отвода автомобильных дорог общего пользования областного и районного значения, а также в населенных пунктах"
Атауы (қаз.)
Облыстық және аудандық маңызы бар, сондай-ақ елді мекендердегі жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
509
Қабылданған күні
06.03.2014
Көрсетілген редакция
13.11.2014 AI78884_2.kaz
Соңғы өзгеріс
13.11.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14L0004636
ЭКБ идентификаторы
78884
Редакция идентификаторы
AI78884_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:34

0 Облыстық және аудандық маңызы бар, сондай-ақ елді мекендердегі жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған "Облыстық және аудандық маңызы бар, сондай-ақ елді мекендердегі жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.Н. Әлібаевқа жүктелсін.

3 "Облыстық және аудандық маңызы бар, сондай-ақ елді мекендердегі жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ "Автомобиль жолдары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 ақпандағы N 64 қаулысы қолданысқа енгізілгеннен бұрын емес.
Қы­зы­лор­да об­лы­сы­ның әкі­мі
Қ. Кө­шер­ба­ев
Қы­зы­лор­да об­лы­сы әкім­ді­гі­нің
2014 жы­л­ғы "6" на­уры­зда­ғы
N 509 қа­улы­сы­мен бе­кі­ті­л­ген
"Облыстық және аудандық маңызы бар, сондай-ақ елді мекендердегі жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер

1

1. Қызмет берушiнің атауы: сәулет және қала құрылысы автомобиль жолдары саласында қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар ("Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі, аудандық, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдері) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)).
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

1 1) көрсетілетін қызметті беруші;

2 2) Қызылорда облысы бойынша "Халыққа қызмет көрсету орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы, оның бөлімдері мен бөлімшелері (бұдан әрі – Орталық);

3 3) "электрондық үкіметтің" www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) немесе "Е-лицензиялау" www.elicense.kz порталы арқылы жүзеге асырылады.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) немесе облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға паспорт (бұдан әрі – паспорт).

4 4. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

5

5. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме: көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) көрсетілетін қызметті берушіге, Орталыққа немесе портал арқылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 ақпандағы N 64 қаулысымен бекітілген "Облыстық және аудандық маңызы бар, сондай-ақ елді мекендердегі жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 1, 2-қосымшаларына сәйкес өтініш ұсынуы.

6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

паспорт беру кезінде:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;

2

2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға (не сенімхат бойынша оның өкіліне) құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген өтініш көшірмесін береді және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (он бес минуттан аспайды);
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және орындаушыға жолдайды (он бес минуттан аспайды);

4 4) орындаушы паспортты дайындайды және "Қызылорда облысының Ішкі істер департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – әкімшілік полиция басқармасы) жолдайды (екі жұмыс күні ішінде);

5 5) әкімшілік полиция басқармасы паспортқа келісім береді және көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды (екі жұмыс күні ішінде);

6 6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы паспортқа қол қояды және кеңсе қызметкеріне жолдайды (он бес минуттан аспайды);

7 7) кеңсе қызметкері паспортты тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға (не сенімхат бойынша оның өкіліне) береді (он бес минуттан аспайды);

рұқсат беру кезінде:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген өтініш көшірмесін береді және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (он бес минуттан аспайды);

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және орындаушыға жолдайды (он бес минуттан аспайды);

4 4) орындаушы рұқсатты дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (үш жұмыс күні ішінде);

5 5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы рұқсатқа қол қояды және кеңсе қызметкеріне жолдайды (он бес минуттан аспайды);

6 6) кеңсе қызметкері рұқсатты тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға (не сенімхат бойынша оның өкіліне) береді (он бес минуттан аспайды).

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету жүйесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3 3) орындаушы;

4 4) Орталық қызметкері;

5 5) Орталықтың жинақтау бөлімінің қызметкері;

6 6) әкімшілік полиция басқармасы.

8 8. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) реттілігі мен ұзақтығы көрсетілген рәсімдер (іс-қимылдар) сипаттамасы осы регламенттің 1, 2–қосымшаларында келтірілген.

9 9. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 3, 4-қосымшаларына сәйкес әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) өту блок-схемасында келтірілген.

4 4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

10 10. Қызметті Орталық арқылы көрсету кезіндегі қызмет көрсетуші мен көрсетілетін қызметті алушының әрекеттерінің кезектілігі мен жүгіну тәртібінің сипаттамасы:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) Орталыққа стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;

2 2) Орталық қызметкері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға (не сенімхат бойынша оның өкіліне) тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді, қолхатта мыналар:

сұрау салуды қабылдау нөмірі мен күні;
сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;
қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;
құжаттарды ресімдеуге өтініш қабылдаған көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының не Орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлғалар үшін) немесе атауы (заңды тұлғалар үшін), байланыс деректері көрсетіледі немесе көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Орталық қызметкері мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
Паспорт беру кезінде:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) Орталыққа стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;

2 2) Орталық қызметкері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға (не сенімхат бойынша оның өкіліне) тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді (он бес минуттан аспайды);

3 3) Орталықтың жинақтау бөлімінің қызметкері құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге қайта жолдайды (бір жұмыс күні ішінде);

4 4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (он бес минуттан аспайды);

5 5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және орындаушыға жолдайды (он бес минуттан аспайды);

6 6) орындаушы паспортты дайындайды және әкімшілік полиция басқармасына жолдайды (бір жұмыс күні ішінде);

7 7) әкімшілік полиция басқармасы паспортқа келісім береді және көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды (екі жұмыс күні ішінде);

8 8) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы паспортқа қол қояды және кеңсе қызметкеріне жолдайды (он бес минуттан аспайды);

9 9) кеңсе қызметкері паспортты тіркейді және Орталыққа жолдайды (бір жұмыс күні ішінде);

10 10) Орталық қызметкері паспортты тіркеп, көрсетілетін қызметті алушыға (не сенімхат бойынша оның өкіліне) береді (он бес минуттан аспайды).

Рұқсат беру кезінде:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) Орталыққа стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;

2 2) Орталық қызметкері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға (не сенімхат бойынша оның өкіліне) тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді (он бес минуттан аспайды);

3 3) Орталықтың жинақтау бөлімінің қызметкері құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге қайта жолдайды (бір жұмыс күні ішінде);

4 4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (он бес минуттан аспайды);

5 5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарап, орындаушыға жолдайды (он бес минуттан аспайды);

6 6) орындаушы рұқсатты дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (екі жұмыс күні ішінде);

7 7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы рұқсатқа қол қояды және кеңсе қызметкеріне жолдайды (он бес минуттан аспайды);

8 8) кеңсе қызметкері рұқсатты тіркейді және Орталыққа жолдайды (бір жұмыс күні ішінде);

9 9) Орталық қызметкері рұқсатты тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға (не сенімхат бойынша оның өкіліне) береді (он бес минуттан аспайды);

11 11. Қызметті портал арқылы көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының әрекеттерінің кезектілігі мен жүгіну тәртібінің сипаттамасы:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) порталда тіркелуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті алушының электрондық–цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған өтініш пен стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды жолдайды;

2

2) орындаушы электрондық өтініш пен құжаттарды қабылдайды, көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) "жеке кабинетіне" құжаттардың қабылданғаны және қызмет нәтижесін алу күні көрсетілген хабарлама-есеп жолданады және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (он бес минуттан аспайды);

3

3) электрондық өтініш пен құжаттарды қабылданғаннан кейін мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы паспорт беру кезінде осы регламенттің 6-тармағының 3-6 тармақшаларына (төрт жұмыс күні ішінде) және рұқсат беру кезінде 6-тармағының 3-5 тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылады (үш жұмыс күні ішінде);

4 4) орындаушы мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) "жеке кабинетіне" жолдайды (он бес минуттан аспайды).

Мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған графикалық нысандағы ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы регламенттің 5-қосымшасында берілген.

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

12 12. Көрсетілетін қызметті беруші мен Орталық басшылары (бұдан әрі – лауазымды тұлғалар) мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге жауапты тұлғалар болып табылады.

Лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапкершілікте болады.

13 13. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша әрекеттерге (әрекетсіздікке) шағымдану стандарттың 3-бөліміне сәйкес жүргізіледі.

14 Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) реттілігі мен ұзақтығы көрсетілген рәсімдер (іс-қимылдар) сипаттамасы

14. Қызмет көрсету жөнінде ақпарат алуға, сондай-ақ, оның сапасын бағалау (оның ішінде шағымдану) қажет болған жағдайда ақпарат алу үшін байланыс телефондарының нөмірі: 8 (7242) 27-42-47, 26-30-46, бірыңғай байланыс орталығы (1414).
"Об­лы­стық және аудан­дық ма­ңы­зы бар,
сон­дай-ақ ел­ді ме­кен­дер­де­гі
жал­пы пай­да­ла­ным­да­ғы ав­то­мо­биль
жол­да­ры­ның бө­лін­ген бел­де­уін­де
сырт­қы (көр­не­кі) жар­на­ма объ­ек­ті­ле­рін
ор­на­ла­сты­ру­ға рұқ­сат бе­ру"
мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет
ре­гла­мен­тіне 1-қо­сым­ша
Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) реттілігі мен ұзақтығы көрсетілген рәсімдер (іс-қимылдар) сипаттамасы
Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге паспорт алу үшін жүгінген кезде
1
Іс-әре­кет­тің (ба­ры­сы, жұ­мыстар ағы­ны) нө­мі­рі
1
2
3
4
5
6
2
Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­лер­дің ата­уы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се қыз­мет­ке­рі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы
Орын­да­у­шы
Әкім­ші­лік по­ли­ция бас­қар­ма­сы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се қыз­мет­ке­рі
3
Іс-әре­кет­тер­дің (үде­рі­стің, опе­ра­ция рә­сі­мі­нің) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
құ­жат­тар­ды тір­кей­ді, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға (не се­нім­хат бой­ын­ша оның өкі­ліне) өті­ніш кө­шір­ме­сін бе­ре­ді
құ­жат­тар­ды қа­рай­ды
пас­порт­ты дай­ын­дай­ды
пас­порт­қа ке­лі­сім бе­ре­ді
пас­порт­қа қол қо­яды
пас­порт­ты тір­кей­ді
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру-өкім­дік ше­шім)
құ­жат­тар­ды көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы­на ұсы­на­ды
құ­жат­тар­ды орын­да­у­шы­ға жол­дай­ды
пас­порт­ты әкім­ші­лік по­ли­ция бас­қар­ма­сы­на жол­дай­ды
пас­порт­ты көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге жол­дай­ды
пас­порт­ты кең­се қыз­мет­ке­ріне жол­дай­ды
пас­порт­ты көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға (не се­нім­хат бой­ын­ша оның өкі­ліне) бе­ре­ді
5
Орын­да­лу мер­зі­мі
15 ми­нут­тан ас­пай­ды
15 ми­нут­тан ас­пай­ды
2 жұ­мыс кү­ні ішін­де
2 жұ­мыс кү­ні ішін­де
15 ми­нут­тан ас­пай­ды
15 ми­нут­тан ас­пай­ды
Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) реттілігі мен ұзақтығы көрсетілген рәсімдер (іс-қимылдар) сипаттамасы
Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге рұқсат алу үшін жүгінген кезде
1
Іс-әре­кет­тің (ба­ры­сы, жұ­мыстар ағы­ны) нө­мі­рі
1
2
3
4
5
2
Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­лер­дің ата­уы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се қыз­мет­ке­рі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы
Орын­да­у­шы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се қыз­мет­ке­рі
3
Іс-әре­кет­тер­дің (үде­рі­стің, опе­ра­ция рә­сі­мі­нің) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
құ­жат­тар­ды тір­кей­ді, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға (не се­нім­хат бой­ын­ша оның өкі­ліне) өті­ніш кө­шір­ме­сін бе­ре­ді
құ­жат­тар­ды қа­рай­ды
рұқ­сат­ты дай­ын­дай­ды
рұқ­сат­қа қол қо­яды
рұқ­сат­ты тір­кей­ді
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру-өкім­дік ше­шім)
құ­жат­тар­ды көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы­на ұсы­на­ды
құ­жат­тар­ды орын­да­у­шы­ға жол­дай­ды
рұқ­сат­ты көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы­на ұсы­на­ды
рұқ­сат­ты кең­се қыз­мет­ке­ріне жол­дай­ды
рұқ­сат­ты көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға (не се­нім­хат бой­ын­ша оның өкі­ліне) бе­ре­ді
5
Орын­да­лу мер­зі­мі
15 ми­нут­тан ас­пай­ды
15 ми­нут­тан ас­пай­ды
3 жұ­мыс кү­ні ішін­де
15 ми­нут­тан ас­пай­ды
15 ми­нут­тан ас­пай­ды
"Об­лы­стық және аудан­дық ма­ңы­зы бар,
сон­дай-ақ ел­ді ме­кен­дер­де­гі
жал­пы пай­да­ла­ным­да­ғы ав­то­мо­биль
жол­да­ры­ның бө­лін­ген бел­де­уін­де
сырт­қы (көр­не­кі) жар­на­ма объ­ек­ті­ле­рін
ор­на­ла­сты­ру­ға рұқ­сат бе­ру" мем­ле­кет­тік
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет ре­гла­мен­тіне 2-қо­сым­ша
Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) реттілігі мен ұзақтығы көрсетілген рәсімдер (іс-қимылдар) сипаттамасы
Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) Орталыққа паспорт алу үшін жүгінген кезде
1
Іс-әре­кет­тің (ба­ры­сы, жұ­мыстар ағы­ны)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
2
Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­лер­дің ата­уы
Ор­та­лық қыз­мет­ке­рі
Ор­та­лық­тың жи­нақ­тау бө­лі­мі­нің қыз­мет­ке­рі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се қыз­мет­ке­рі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы
Орын­да­у­шы
Әкім­ші­лік по­ли­ция бас­қар­ма­сы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се қыз­мет­ке­рі
Ор­та­лық қыз­мет­ке­рі
3
Іс-әре­кет­тер­дің (үде­рі­стің, опе­ра­ция рә­сі­мі­нің) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
құ­жат­тар­ды тір­кей­ді және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға (не се­нім­хат бой­ын­ша оның өкі­ліне) құ­жат­тар­дың қа­был­дан­ға­ны неме­се құ­жат­тар­ды қа­был­да­удан бас тар­ту ту­ра­лы қол­хат бе­ре­ді
құ­жат­тар­ды көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге қай­та жол­дай­ды
құ­жат­тар­ды тір­кей­ді
құ­жат­тар­ды қа­рай­ды
пас­порт­ты дай­ын­дай­ды
пас­порт­қа ке­лі­сім бе­ре­ді
пас­порт­қа қол қо­яды
пас­порт­ты тір­кей­ді
пас­порт­ты тір­кей­ді
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру-өкім­дік ше­шім)
құ­жат­тар­ды жи­нақ­тау бө­лім­нің қыз­мет­ке­ріне жол­дай­ды
құ­жат­тар­ды көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы
на ұсы­на­ды
құ­жат­тар­ды орын­да­у­шы­ға жол­дай­ды
пас­порт­ты әкім­ші­лік по­ли­ция бас­қар­ма
сы­на жол­дай­ды
пас­порт­ты көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге жол­дай­ды
пас­порт­ты кең­се қыз­мет­ке­ріне жол­дай­ды
пас­порт­ты Ор­та­лық­қа жол­дай­ды
пас­порт­ты көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға (не се­нім­хат бой­ын­ша оның өкі­ліне) бе­ре­ді
5
Орын­да­лу мер­зі­мі
15 ми­нут­тан ас­пай­ды
1 жұ­мыс кү­ні ішін­де
15 ми­нут­тан ас­пай­ды
15 ми­нут­тан ас­пай­ды
1 жұ­мыс кү­ні ішін­де
2 жұ­мыс кү­ні ішін­де
15 ми­нут­тан ас­пай­ды
1 жұ­мыс кү­ні ішін­де
15 ми­нут­тан ас­пай­ды
Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) реттілігі мен ұзақтығы көрсетілген рәсімдер (іс-қимылдар) сипаттамасы
Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) Орталыққа рұқсат алу үшін жүгінген кезде
1
Іс-әре­кет­тің (ба­ры­сы, жұ­мыстар ағы­ны) нө­мі­рі
1
2
3
4
5
6
7
8
2
Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­лер­дің ата­уы
Ор­та­лық қыз­мет­ке­рі
Ор­та­лық­тың жи­нақ­тау бө­лі­мі­нің қыз­мет­ке­рі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се қыз­мет­ке­рі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы
Орын­да­у­шы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се қыз­мет­ке­рі
Ор­та­лық қыз­мет­ке­рі
3
Іс-әре­кет­тер­дің (үде­рі­стің, опе­ра­ция рә­сі­мі­нің) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
құ­жат­тар­ды тір­кей­ді және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға (не се­нім­хат бой­ын­ша оның өкі­ліне) құ­жат­тар­дың қа­был­дан­ға­ны неме­се құ­жат­тар­ды қа­был­да­удан бас тар­ту ту­ра­лы қол­хат бе­ре­ді
құ­жат­тар­ды көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге қай­та жол­дай­ды
құ­жат­тар­ды тір­кей­ді
құ­жат­тар­ды қа­рай­ды
рұқ­сат­ты дай­ын­дай­ды
рұқ­сат­қа қол қо­яды
рұқ­сат­ты тір­кей­ді
рұқ­сат­ты тір­кей­ді
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру-өкім­дік ше­шім)
құ­жат­тар­ды жи­нақ­тау бө­лім­нің қыз­мет­ке­ріне жол­дай­ды
құ­жат­тар­ды көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы­на ұсы­на­ды
құ­жат­тар­ды орын­да­у­шы­ға жол­дай­ды
рұқ­сат­ты көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы­на ұсы­на­ды
рұқ­сат­ты кең­се қыз­мет­ке­ріне жол­дай­ды
рұқ­сат­ты Ор­та­лық­қа жол­дай­ды
рұқ­сат­ты көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға (не се­нім­хат бой­ын­ша оның өкі­ліне) бе­ре­ді
5
Орын­да­лу мер­зі­мі
15 ми­нут­тан ас­пай­ды
1 жұ­мыс кү­ні ішін­де
15 ми­нут­тан ас­пай­ды
15 ми­нут­тан ас­пай­ды
2 жұ­мыс кү­ні ішін­де
15 ми­нут­тан ас­пай­ды
1 жұ­мыс кү­ні ішін­де
15 ми­нут­тан ас­пай­ды
"Об­лы­стық және аудан­дық ма­ңы­зы бар,
сон­дай-ақ ел­ді ме­кен­дер­де­гі жал­пы
пай­да­ла­ным­да­ғы ав­то­мо­биль жол­да­ры­ның
бө­лін­ген бел­де­уін­де сырт­қы (көр­не­кі)
жар­на­ма объ­ек­ті­ле­рін ор­на­ла­сты­ру­ға
рұқ­сат бе­ру" мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін
қыз­мет ре­гла­мен­тіне 3-қо­сым­ша
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігі сипаттамасының өту блок-схемасы
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге паспорт алу үшін жүгінген кезде
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігі сипаттамасының өту блок-схемасы
Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге рұқсат алу үшін жүгінген кезде
"Об­лы­стық және аудан­дық ма­ңы­зы бар,
сон­дай-ақ ел­ді ме­кен­дер­де­гі жал­пы
пай­да­ла­ным­да­ғы ав­то­мо­биль жол­да­ры­ның
бө­лін­ген бел­де­уін­де сырт­қы (көр­не­кі)
жар­на­ма объ­ек­ті­ле­рін ор­на­ла­сты­ру­ға
рұқ­сат бе­ру" мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін
қыз­мет ре­гла­мен­тіне 4-қо­сым­ша
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігі сипаттамасының өту блок-схемасы
Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) Орталыққа паспорт алу үшін жүгінген кезде
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігі сипаттамасының өту блок-схемасы
Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) Орталыққа рұқсат алу үшін жүгінген кезде
"Об­лы­стық және аудан­дық ма­ңы­зы бар,
сон­дай-ақ ел­ді ме­кен­дер­де­гі жал­пы
пай­да­ла­ным­да­ғы ав­то­мо­биль жол­да­ры­ның
бө­лін­ген бел­де­уін­де сырт­қы (көр­не­кі)
жар­на­ма объ­ек­ті­ле­рін ор­на­ла­сты­ру­ға
рұқ­сат бе­ру" мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін
қыз­мет ре­гла­мен­тіне 5-қо­сым­ша
Мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған графикалық нысандағы ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы
Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) портал арқылы паспорт алу үшін жүгінген кезде
Мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған графикалық нысандағы ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы
Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) портал арқылы рұқсат алу үшін жүгінген кезде

Қолданыстағы