Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги "Предоставление мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты"

Қаулы · № 11/05 · қабылданған 12.03.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-78937/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги "Предоставление мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты" Күшін жойған Қаулы ·№ 11/05 ·12.03.2014
26.05.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.05.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги "Предоставление мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты"

Күшін жойған Қаулы ·№ 11/05 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги "Предоставление мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты"
Атауы (қаз.)
"Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
11/05
Қабылданған күні
12.03.2014
Көрсетілген редакция
26.05.2015 78937_164253.kaz
Соңғы өзгеріс
26.05.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14K0002591
ЭКБ идентификаторы
78937
Редакция идентификаторы
78937_164253
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:31

0 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы", 2014 жылғы 12 ақпандағы № 80 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" қаулыларына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса берiлiп отырған "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентi бекiтiлсiн.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін.

3

3. "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Қарағанды облысы әкімдігінің

2014 жылғы 12 наурыздағы
№ 11/05 қаулысымен
бекітілген
"Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентi

1 1. Жалпы ережелер

1

1. "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) уәкiлеттi органдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2 2. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.

3 3. Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің нәтижесi көтерме жәрдемақы және бюджеттiк несие түрiндегi әлеуметтiк қолдау шаралары болып табылады.

4 4. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2 2. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

5

5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 80 қаулысымен бекітілген, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

6 6. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар қабылдауды жүзеге асырады, оларды тіркеу – 15 минут. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға қолхат беру;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы хат-хабармен танысады – 15 минут. Нәтижесі – орындау үшін жауапты орындаушыны айқындау;

3 3) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады – 4 күнтізбелік күн. Нәтижесі – құжаттарды тұрақты түрде жұмыс iстейтiн комиссияға (бұдан әрі - комиссия) қарастыру үшін енгізу;

4

4) комиссия құжаттармен танысады және олардың сәйкестігін тексереді – 10 күнтізбелік күн. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға көтерме жәрдемақы және бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы аудан әкімдігіне ұсыным. Әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудан бас тартқан жағдайда, үш жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыға дәлелді жауап жіберіледі;

5 5) жауапты орындаушы әкімдіктің әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы қаулысының (бұдан әрі - қаулы) жобасын әзірлейді, келіседі және енгізеді – 10 күнтізбелік күн. Нәтижесі - аудан (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігінің әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы бекітілген қаулысы;

6 6) жауапты орындаушы Әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы келісімді дайындайды – 7 күнтізбелік күн. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті беруші, көрсетілетін қызметті алушы және сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) арасындағы Әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы келісім;

7 7) көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының жеке дербес шотына көтерме жәрдемақы сомасын аударады – 7 күнтізбелік күн. Нәтижесі – көтерме жәрдемақы түріндегі қаржылық қаражаттарды көрсетілетін қызметті алушыға аудару;

8

8) сенiм бiлдiрген өкiл (агент) тұрғын үйді сатып алуға немесе құрылысы үшін бюджеттік несиені көрсетілетін қызметті алушыға береді – 30 жұмыс күн. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті беруші, көрсетілетін қызметті алушы және сенiм бiлдiрген өкiл (агент) арасындағы үш жақты қарыз және кепіл шарттарын жасасу.

3 3. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

7 7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын қызмет берушілердің, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

4 4) комиссия;

5 5) аудан (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі;

6 6) сенiм бiлдiрген өкiл (агент).

8 8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) реттілігінің сипаттамасы:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды басшылыққа бұрыштама қою үшін жібереді – 15 минут;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы бұрыштама қояды, құжаттарды жауапты орындаушыға жібереді – 15 минут;

3 3) жауапты орындаушы құжаттарды материалдарымен бірге комиссияның қарауына береді – 4 күнтізбелік күн;

4 4) комиссия әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы ұсыным шығарады және қаулы жобасын дайындау үшін жауапты орындаушыға жібереді – 10 күнтізбелік күн;

5

5) жауапты орындаушы қаулының жобасын әзірлейді, келіседі және аудан (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігінің қарауына енгізеді, аудан (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі қаулыны қабылдайды және жауапты орындаушыға Әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы келісімді жасасу үшін жібереді – 10 күнтізбелік күн;

6 6) жауапты орындаушы Әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы келісімді дайындайды және басшыға, көрсетілетін қызметті алушыға, сенiм бiлдiрiлген өкiлге (агентке) қол қою үшін енгізеді – 7 күнтізбелік күн;

7 7) көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының жеке дербес шотына көтерме жәрдемақы сомасын аударады – 7 күнтізбелік күн;

8 8) сенiм бiлдiрген өкiл (агент) тұрғын үйді сатып алуға немесе құрылысы үшін бюджеттік несиені көрсетілетін қызметті алушыға береді – 30 жұмыс күн.

9 9. Рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасына сәйкес блок-сызбамен сүйемелденеді.

Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі.

39 "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге

және тұруға келген денсаулық сақтау,
бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру,
мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік
кешен мамандарына әлеуметтiк қолдау
шараларын ұсыну" мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет
регламентiне 1-қосымша
Рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы

40 Ауылдық елдi мекендерге

жұмыс iстеуге және тұруға келген
денсаулық сақтау, бiлiм беру,
әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет,
спорт және агроөнеркәсіптік
кешен мамандарына әлеуметтiк
қолдау шараларын ұсыну"
мемлекеттiк көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша
"Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Қолданыстағы