Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам хлебоприемных предприятий

Заң · № 141_II · қабылданған 15.01.2001
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-7894/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам хлебоприемных предприятий Қолданыста 15.01.2001 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам хлебоприемных предприятий

Қолданыста Заң № 141_II 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам хлебоприемных предприятий
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне астық қабылдайтын кәсіпорындар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
141_II
Қабылданған күні
15.01.2001
Көрсетілген редакция
15.01.2001 AI7894_0.kaz
Соңғы өзгеріс
15.01.2001
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z010000141_
ЭКБ идентификаторы
7894
Редакция идентификаторы
AI7894_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:03
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.01.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне астық қабылдайтын кәсіпорындар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжаттар; N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 20, 727, 731-құжаттар; N 23, 916-құжат; 2000 жылғы 10 қарашада "Егемен Қазақстан" және 2000 жылғы 9 қарашада "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне мүлiктi бағалау мәселелерi бойынша өзгерiстер енгiзу туралы" 2000 жылғы 8 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
3-баптың 3-тармағының бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Банктер мен астық қабылдау кәсiпорындарының құрылуына, қайта ұйымдастырылуына, банкроттығына және таратылуына, банк қызметiн бақылау мен оны аудиторлық тексеруге, астық қабылдау кәсiпорындарының қызметiн бақылауға, банк операцияларының жекелеген түрлерiн лицензиялауға, астық қабылдау кәсiпорындарының қойма куәлiктерiмен операцияларды жүзеге асыруға байланысты қатынастар банк қызметiн және астық қабылдау кәсiпорындарының қызметiн реттейтiн заң актiлерiне қайшы келмейтiн бөлiгiнде осы Кодекспен реттеледi.".

2. "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 144, 149-құжаттар; N 12, 184-құжат; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 16, 219-құжат; N 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; N 23, 416-құжат; N 24, 452-құжат; 1999 ж., N 20, 721, 727-құжаттар; N 21, 787-құжат; N 22, 791-құжат; N 23, 931-құжат; N 24, 1066-құжат; 2000 ж., N 10, 248-құжат):
9-баптың 1-тармағының 45) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

45 "45) астықты қабылдау, өлшеу, кептiру, тазалау, сақтау және тиеп жөнелту;".

3. "Сертификаттау туралы" 1999 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан

Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы,
1999 ж., N 20, 725-құжат):
6-бапта:
1-тармақтың бесiншi абзацы "егер өзге заң актiлерiмен өзгеше
белгiленбесе" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың екiншi абзацы "егер өзге заң актiлерiмен өзгеше
белгiленбесе" деген сөздермен толықтырылсын.

2-бап. Осы Заң жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.