Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи
- Атауы (қаз.)
- Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 27/3
- Қабылданған күні
- 27.03.2014
- Көрсетілген редакция
- 29.11.2017 78941_265815.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.11.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14LA004639
- ЭКБ идентификаторы
- 78941
- Редакция идентификаторы
- 78941_265815
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:20
0 Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң тәртiбi мен мөлшерiн айқындау туралы
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрiндегi Заңына және "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Қаулысына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң тәртiбi мен мөлшерi қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2 2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
3 Қалалық мәслихаттың
2014 жылғы 27 наурыздағы
N 27/3 шешiмiне қосымша
Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң тәртiбi мен мөлшерi
Осы тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбi "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94 Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 Қаулысымен бекiтiлген "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiне" сәйкес әзiрлендi.
1 1. Тұрғын үй көмегiн көрсету тәртiбi
1 1. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Қызылорда қаласында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
1 1) жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;
2 2) тұрғынжайдың меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және қалалық телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуына;
3 3) жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысын төлеуге;
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
Белгiленген нормалар шегiндегi шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi отбасының (азаматтың) жиынтық табыстың 5 пайызы мөлшерiнде белгiленедi.
2 2. Тұрғын үй көмегiн тағайындау "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiмен (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) жүзеге асырылады.
3 3. Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн отбасы (азамат) уәкiлеттi органға өтiнiш бередi және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 Қаулысымен бекiтiлген "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiнiң" 4-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынады.
4 4. Тұрғын үй көмегi өтiнiш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады.
2 2. Тұрғын үй көмегiн көрсету мөлшерi
5
5. Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергiлiктi өкiлдi органдар белгiленген шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
6 6. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн тағайындау төмендегi пайдалану нормасына сәйкес жүргiзiледi:
1 1) электр энергиясын пайдалану 1 айға:
1 адамға - 45 киловатт-сағат;
2 адамға - 90 киловатт-сағат;
3-4 адамға - 100 киловатт-сағат;
5 және одан да көп мүшесi бар отбасына - 150 киловатт-сағат;
2 2) газбен жабдықтау 1 айға:
5 адамға дейiнгi мүшесi бар отбасына - 10 килограмм,
5 адамға және одан да көп мүшесi бар отбасына - 20 килограмм;
3 3) ыстық және салқын су - ай сайын 1 адамға тариф бойынша;
4 4) тұрғын үйдi күтiп ұстау ай сайын:
1 адамға - 18 шаршы метр;
жалғыз тұратын адамдар үшiн - 31 шаршы метр;
5 5) жылумен жабдықтау ай сайын:
1 адамға 18 шаршы метр;
жалғыз тұратын адамдар үшiн - 31 шаршы метр;
6 6) тұрмыстық қалдықтарды шығару – ай сайын әр адамға тариф бойынша;
7 7) кәрiз қызметтерi - ай сайын әр адамға тариф бойынша;
8
8) әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 сәуiрдегi N 512 "Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қаулысына сәйкес жүргiзiледi;
9 9) тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде;
10 10) отынды (көмiрдi) жылыту маусымында пайдалану - әр отбасына бiр айға 0,5 тонна;
11 11) лифт - әр отбасына тариф бойынша.
3 3. Қаржыландыру және тұрғын үй көмегiн төлеу тәртiбi
7
7. Тұрғын үй көмегiн төлеу уәкiлеттi органмен тұрғын үй көмегiн алушының өтiнiшi бойынша тұрғын үй көмегiн алушының, қызмет көрсетушiлердiң, кондоминиум объектiлерiн басқару органдарының жеке шоттарына екiншi деңгейдегi банктер, сонымен қатар банктiк қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы және шоттарға ақшалай сомаларды аудару ай сайын жүргiзiледi.