О ликвидации акционерного общества "Центральный плавательный бассейн"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О ликвидации акционерного общества "Центральный плавательный бассейн"
- Атауы (қаз.)
- "Орталық жүзу бассейні" акционерлік қоғамын тарату туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 372
- Қабылданған күні
- 17.04.2014
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2015 AI78959_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1400000372
- ЭКБ идентификаторы
- 78959
- Редакция идентификаторы
- AI78959_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:01
0 "Орталық жүзу бассейні" акционерлік қоғамын тарату туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Орталық жүзу бассейні» акционерлік қоғамы таратылсын.
2 2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
3 3. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4 4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1 1) «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің «Орталық жүзу бассейні» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 қыркүйектегі № 1253 қаулысы;
2 2) «Жекелеген заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттік пакеттерін (қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқықтарын берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 маусымдағы № 543 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.
5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 17 сәуірдегі
№ 372 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1 1. «Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектілерге қатысты мемлекеттік меншік түрлері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 қарашадағы № 1141 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 41, 371-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік үлестері мен акцияларының пакеттері мемлекеттік республикалық меншіктегі шаруашылық серіктестіктері мен акционерлік қоғамдардың тізбесінде:
реттік нөмiрi 129-жол алынып тасталсын.
2 2. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген 2-қосымшада тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесі»:
көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 21-74-жол алынып тасталсын:
«Алматы қаласы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 123-123-жол алынып тасталсын:
3 3. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігіне» деген бөлімде:
реттік нөмірлері 299 және 299-1-жолдар алынып тасталсын.