Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам социальных выплат

Заң · № 145_II · қабылданған 19.01.2001
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-7897/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам социальных выплат Қолданыста 19.01.2001 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений и дополнения в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам социальных выплат

Қолданыста Заң № 145_II 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам социальных выплат
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне әлеуметтік төлемдер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
145_II
Қабылданған күні
19.01.2001
Көрсетілген редакция
19.01.2001 AI7897_0.kaz
Соңғы өзгеріс
19.01.2001
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z010000145_
ЭКБ идентификаторы
7897
Редакция идентификаторы
AI7897_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:02
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.01.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне әлеуметтік төлемдер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтыру енгізілсiн:

1. "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., N 10, 242-құжат; 1994 ж., N 8, 140-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінiң Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; N 17-18, 220-құжат; N 22, 334-құжат; 1998 ж., N 24, 432-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат):
22-бапта:

1) бiрiнші бөліктегі "еңбек ақының ең аз мөлшерiнің" деген сөздер "айлық есептік көрсеткіштiң" деген сөздермен ауыстырылсын, "еңбек ақының кемінде 100 ең аз мөлшерлерiнде" деген сөздер "100 айлық есептік көрсеткiш есебiнен" деген сөздермен ауыстырылсын;

2) үшінші бөлiктегi "жалақының ең аз мөлшерiнің" деген сөздер "айлық есептік көрсеткіштің" деген сөздермен ауыстырылсын.

2. "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 8, 238-құжат; N 23, 925-құжат):

1) 1-бапта:

3) тармақшадағы "және жәрдемақы тағайындауды жүзеге асыратын" деген сөздер алып тасталсын;

2) 5-бапта:

2-тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi "орталық атқарушы орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Үкiметi" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың екiншi бөлiгi, 3, 4-тармақтар, 5-тармақтың екiншi бөлiгi және 6-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
"7. Жәрдемақы тағайындау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.";

3) 6-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Жәрдемақы төлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.";

4) 8-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Жәрдемақы тағайындау үшiн растайтын құжаттарды табыс етпеген немесе деректерi дұрыс емес құжаттарды табыс еткен адамдарға жәрдемақы тағайындалмайды.".

3. "Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына

жеңiлдiктер беру мәселелерi бойынша кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы
7 сәуiрдегi
Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы,
1999 ж., N 8, 247-құжат):
1-баптың 7-тармағының 1) тармақшасындағы "2001" деген цифр "2003"
деген цифрмен ауыстырылсын.

2-бап. Осы Заң 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.