Құжат мәтініне өту

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности, на установление повышенных не менее чем на двадцать пять процентов должностных окладов и тарифных ставок по сравнению с окладами и ставками гражданских служащих, занимающихся этими видами деятельности в городских условиях, за счет средств районного бюджета

Қаулы · № 99 · қабылданған 20.03.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-78999/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности, на установление повышенных не менее чем на двадцать пять процентов должностных окладов и тарифных ставок по сравнению с окладами и ставками гражданских служащих, занимающихся этими видами деятельности в городских условиях, за счет средств районного бюджета Күшін жойған Қаулы ·№ 99 ·20.03.2014
03.02.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.02.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности, на установление повышенных не менее чем на двадцать пять процентов должностных окладов и тарифных ставок по сравнению с окладами и ставками гражданских служащих, занимающихся этими видами деятельности в городских условиях, за счет средств районного бюджета

Күшін жойған Қаулы ·№ 99 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности, на установление повышенных не менее чем на двадцать пять процентов должностных окладов и тарифных ставок по сравнению с окладами и ставками гражданских служащих, занимающихся этими видами деятельности в городских условиях, за счет средств районного бюджета
Атауы (қаз.)
Аудандық бюджет қаражаты есебінен азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
99
Қабылданған күні
20.03.2014
Көрсетілген редакция
03.02.2016 78999_112713.kaz
Соңғы өзгеріс
03.02.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14NK004626
ЭКБ идентификаторы
78999
Редакция идентификаторы
78999_112713
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:25

0

Аудандық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк ставкалар белгіленетін, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабының 3-тармағына сәйкес Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қосымшаға сәйкес аудандық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк ставкалар белгіленетін, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Қамысты аудандық
мәслихатының хатшысы
________________ Б. Рақымжанов

3 Әкімдіктің

2014 жылғы 20 наурыздағы
№ 99 қаулысына
қосымша
Аудандық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк ставкалар белгіленетін, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

1 1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:

1 1) Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

2 2) Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;

3 3) Жұмыспен қамту орталығы мемлекеттік мекемесінің және қазыналық кәсіпорнының басшысы (директоры);

4 4) Жұмыспен қамту орталығының маманы.

2 2. Білім беру мамандарының лауазымдары:

1 1) Барлық мамандықтағы мұғалімдер;

2 2) Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы (директоры);

3 3) Мектепке дейінгі мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорнының басшысы;

4 4) Оқу, тәрбиелік жұмысы бойынша басшының (директордың) орынбасары;

5 5) Логопед-мұғалім, логопед;

6 6) Бастауыш әскери дайындық жөніндегі оқытушы-ұйымдастырушы;

7 7) Кітапхана меңгерушісі;

8 8) Кітапханашы;

9 9) Әлеуметтік педагог;

10 10) Медициналық бике;

11 11) Емдәм бикесі;

12 12) Педагог-психолог, психолог;

13 13) Тәрбиеші;

14 14) Вожатый;

15 15) Өндірістік оқыту шебері;

16 16) Музыкалық жетекші;

17 17) Әдістемелік кабинеттің меңгерушісі;

18 18) Әдіскер;

19 19) Қосымша білім беру педагогы;

20 20) Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы педагогы;

21 21) Дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушы;

3 3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:

1 1) Мәдениет мемлекеттік мекемесінің, қазыналық кәсіпорын басшысы (директоры);

2 2) Мәдениет мемлекеттік мекемесі, қазыналық кәсіпорнының басшының (директорының) орынбасары;

3 3) Әдіскер;

4 4) Музыкалық жетекші (үйірме жетекшісі);

5 5) Мәдениет жөніндегі нұсқаушы;

6 6) Хореограф;

7 7) Көркемдік жетекші;

8 8) Кино-бейне техникалық жабдықтарға қызмет көрсету жөніндегі механигі;

9 9) Тілдер бойынша оқытушы;

10 10) Кітапханашы;

11 11) Библиограф;

12 12) Суретші;

13 13) Мәдени ұйымдастырушы.

4 4. Спорт мамандарының лауазымдары:

1 1) Аға жаттықтырушы, жаттықтырушы.

2 2) мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның (директоры) басшысы;

3 3) оқу, тәрбие жұмысы бойынша (директордың) басшының орынбасары;

4 4) медициналық бике;

5 5) жаттықтырушы-оқытушы;

6 6) нұсқаушы, нұсқаушы-әдістемеші;

7 7) әдістемеші.

5 5. Ветеринария мамандарының лауазымдары:

1 1) Мал дәрігері;

2 2) Ветеринарлық фельдшер.

Қолданыстағы