Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества села Борис-Романовка Костанайского района Костанайской области

Ереже · № 174 · қабылданған 11.03.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-79055/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества села Борис-Романовка Костанайского района Костанайской области Күшін жойған Ереже ·№ 174 ·11.03.2014
07.09.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.09.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества села Борис-Романовка Костанайского района Костанайской области

Күшін жойған Ереже ·№ 174 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества села Борис-Романовка Костанайского района Костанайской области
Атауы (қаз.)
Қостанай облысы Қостанай ауданы Борис-Романов ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
174
Қабылданған күні
11.03.2014
Көрсетілген редакция
07.09.2018 79055_356033.kaz
Соңғы өзгеріс
07.09.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14NN004623
ЭКБ идентификаторы
79055
Редакция идентификаторы
79055_356033
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:32

0 Қостанай облысы Қостанай ауданы Борис-Романов ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Қостанай ауданы  Борис-Романов ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Қостанай ауданы Борис-Романов ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Қостанай облысы Қостанай ауданы
Борис-Романов ауылының әкімі
___________________ К. Калиева

4 Мәслихаттың

2014 жылғы 11 наурыздағы
№ 174 шешімімен бекітілген
Қостанай облысы Қостанай ауданы
Борис-Романов ауылының бөлек жергілікті
қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қостанай облысы Қостанай ауданы Борис-Романов ауылының (бұдан әрі - Борис-Романов ауылы) бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Борис-Романов ауылы тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

2 2. Борис-Романов ауылының аумағындағы ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

3 3. Бөлек жиын Борис-Романов ауылының әкімімен шақырылады.

Қостанай ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

4 4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

5 5. Борис-Романов ауылының шегінде бөлек жиынды өткізуді Борис-Романов ауылының әкімі ұйымдастырады.

6 6. Бөлек жиынды ашудың алдында Борис-Романов ауылының тұрғындары қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

7 7. Бөлек жиынды Борис-Романов ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Борис-Романов ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

8 8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Борис-Романов ауылының  тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Қостанай аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

9 9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

10 10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Борис-Романов ауылы әкімінің аппаратына береді.

17 Мәслихаттың

2014 жылғы 11 наурыздағы
№ 174 шешіміне қосымша
Қостанай облысы Қостанай ауданы Борис-Романов
ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл
тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы
Қостанай облысы Қостанай ауданы Борис-Романов ауылының тұрғындары өкілдерінің саны (адам)
1
Борис-Романов ауылы, Павлов көшесі
15
2
Борис-Романов ауылы, Школьная көшесі
10
3
Борис-Романов ауылы, Молодежная көшесі
10
4
Борис-Романов ауылы, Урожайная көшесі
5
5
Борис-Романов ауылы, Юбилейная көшесі
1
6
Борис-Романов ауылы, Целинная көшесі
3

Қолданыстағы