Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Есильском районе

Ереже · № 30/4 · қабылданған 18.03.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-79062/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Есильском районе Күшін жойған Ереже ·№ 30/4 ·18.03.2014
25.02.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Есильском районе

Күшін жойған Ереже ·№ 30/4 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Есильском районе
Атауы (қаз.)
Есіл ауданында тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
30/4
Қабылданған күні
18.03.2014
Көрсетілген редакция
25.02.2015 AI79062_4.kaz
Соңғы өзгеріс
25.02.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14BK004104
ЭКБ идентификаторы
79062
Редакция идентификаторы
AI79062_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:27

0 Есіл ауданында тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй

көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Есіл ауданында тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы бекітілсін.

2 2. Күші жойылды деп танылсын:

Есіл аудандық мәслихатының «Есіл ауданында тұратын, аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 27 қарашадағы № 12/5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3562 тіркелген, 2013 жылғы 11 қаңтарда аудандық «Жаңа Есіл» газетінде жарияланған) шешімі;
Есіл аудандық мәслихатының «Есіл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 қарашадағы № 12/5 «Есіл ауданында тұратын, аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 17/10 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3755 тіркелген, 2013 жылғы 7 маусымда аудандық «Жаңа Есіл» газетінде жарияланған) шешімі.

3 3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Есіл ауданының әкімі Қ.Рахметов

4 Есіл аудандық мәслихатының

2014 жылғы 18 наурыздағы № 30/4
шешімімен бекітілген
Есіл ауданында тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы
Осы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес әзірленген және Есіл ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау мөлшерін және тәртібін белгілейді.

1 1. Жалпы қағидалар

1 1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Есіл ауданының аумағында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) келесі төлемдер бойынша шығындарды өтеу үшін көрсетіледі:

жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстау шығыстарға;
тұрғын үйдің иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.

2

2. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй–жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді орган белгілеген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің айырмасы есебінде отбасының (азаматтың) жиынтық табысына 11 % мөлшерінде белгіленеді.
Тұрғын үйді күтіп-ұстау және коммуналдық қызметтерді төлеу ақысының белгіленген мөлшерінің нормасынан артығы жалпы негізде жүргізіледі.

3 3. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй аумағының нормасына бір адамға 18 шаршы метр қабылданады. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй аумағының нормасына жалғыз басты тұратын азаматтар үшін 30 шаршы метр қабылданады.

Электр энергиясы шығынының нормасы нақты тұтыну мөлшерінде белгіленсін, бірақ айына бір адамға 75 киловаттан көп емес.
Пәтерде қолданбалы газды плитасы бар жағылған газ шығынының мөлшері бір адамнан тұратын отбасында – газ шығыны 8 килограммға тең, екі және үш адамнан тұратын отбасында – 10 килограмм, төрт және одан көп адамнан тұратын отбасында – айына 8 килограммнан екі газ баллон.
Жеке салынған пешпен жылытатын үйлерде тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегінің есебіне көмірдің нормасын баспананың 1 шаршы метріне 49,75 килограмм, бірақ жылына отбасына 5 тоннадан асырмай есептеледі.
Статистикалық деректерге сәйкес, өткен тоқсанда қалыптасқан көмірдің орташа құны қабылданады.

4 4. Тұрғын үй көмегін тағайындауды және төлеуді жүргізетін уәкілетті органы болып «Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі белгіленді.

2 2. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу

5 5. Тұрғын үй көмегі құжаттарды берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады, бұл жерде коммуналдық қызметке отбасының (азаматтың) өткен тоқсандағы табысы есепке алынады.

Отбасының (азаматтың) табысы өзгергенде, тұрғын үйді күтіп-ұстау және коммуналдық қызметтер ақысының сомасы өзгерген кезде «Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бұрын тағайындалған тұрғын үй көмегін қайта есептеуді жүргізеді.

6 6. Тұрғын үй көмегі тұрғын үйдің меншік иесінің немесе жалдаушының (қосымша жалдаушының) өтініші негізінде, мына құжаттарды қоса тапсырғанда тағайындалады:

1 1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2 2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;

3 3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы;

4 4) отбасының табысын растайтын құжаттар;

5

5) кондоминиум жалпы объектісінің күрделі жөндеудің жеке түрлерін жүргізуге жергілікті атқару органдарымен (тұрғын үй инспекциясы) келісілген, меншік иелері мен пәтерлерді жалдаушылардың (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекітілген және кондоминиум объектісін басқару органының мөрі басылып, басшысының қолы қойылған шығындар сметасы негізінде, кондоминиум объектісін басқару органы ұсынған кондоминиум жалпы объектісінің күрделі жөндеуіне қаражат жинауға ай сайынғы жарна көлемі туралы шоты;

6 6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;

7 7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек–шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

8 8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.

7 7. Құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады. Жауапты тұлға құжаттарды қабылдаған сәтте ұсынылған көшірмелерді құжаттардың түпнұсқасымен салыстырады және салыстыруды өткізгеннен соң түпнұсқалар қайтарылады.

8

8. Тұрғын үй көмегі жеке меншігінде бір бірлік тұрғын үйі (пәтер, үйі) бар немесе тұрғын жайларды жалға беретін (қосымша жалға беретін), сонымен қатар еңбекке қабілетті отбасының мүшелері жұмыс істемейтін, күндізгі бөлімінде оқымайтын, әскерде қызмет етпейтін және «Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген отбасыларды (азаматтарды) қоспағанда (медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясының қорытындысына сәйкес күтімге мұқтаж мүгедектер мен 80 жастан асқан қарттарға күтім көрсететін азаматтардан басқа) аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тоқсан сайын тағайындалады.

9 9. «Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады, егер:

1

1) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстау ақысы, телекоммуникация желісіне қосылған, телефон абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметі және коммуналдық қызметті тұтыну, тұрғын үй–жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысы отбасының осы мақсаттарға шекті жол беретін шығыстар деңгейінен жергілікті өкілді орган белгілеген, отбасының ортақ кірісінен 11 % мөлшерінен аспаса;

2 2) меншік иелерімен немесе үй–жайды жалдаушылармен (қосымша жалдаушылармен) дәйексіз мәліметтер ұсынса.

10 10. «Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі өтініш берушіден құжаттарды қабылдаған күннен бастап, күнтізбелік он күннің ішінде қарайды және тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады.

11 11. Тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама «Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүгіну кезінде жеке келу немесе пошталық хабарлама арқылы жүзеге асырылады.

Ақпараттың растығына күмән туындаған жағдайда, «Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тексеріс жүргізуге құқылы уәкілетті органдарға өтініш білдіреді. «Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне аса көтерілген немесе заңсыз тұрғын үй көмегін тағайындауға алып келген, көрінеу дәйексіз мәліметтерді ұсыну кезінде меншік иесі (жалдаушы) заңсыз алынған соманы ерікті тәртіпте, ал бас тартқан жағдайда сот тәртібінде қайтарады.

12 12. «Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді екінші деңгейдегі банктер арқылы, өтініш берушілердің дербес шотына аудару жолымен жүзеге асырады.

3 3. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу

13

13. «Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы табыстарынан «Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 бұйрығы негізінде есептейді.

Қолданыстағы