Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Астаны в связи с удорожанием цен на продукты питания
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Астаны в связи с удорожанием цен на продукты питания
- Атауы (қаз.)
- Азық-түлікке бағаның қымбаттауына байланысты Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 221/31-V
- Қабылданған күні
- 27.03.2014
- Көрсетілген редакция
- 18.03.2015 79066_128764.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.03.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14A0000806
- ЭКБ идентификаторы
- 79066
- Редакция идентификаторы
- 79066_128764
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:21
0 Азық-түлікке бағаның қымбаттауына байланысты Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
«Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес, азық-түлікке бағалардың қымбаттауына байланысты мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Қоса беріліп Азық-түлікке бағалардың қымбаттауына байланысты Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету қағидасы бекітілсін.
2 2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Астана қаласы мәслихатының
2014 жылғы 27 наурыздағы
№ 221/31-V шешіміне
қосымша
Азық-түлікке бағаның қымбаттауына байланысты Астана қаласындағы
мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек
көрсету қағидасы
1
1. Осы Азық-түлікке бағаның қымбаттауына байланысты Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, азық-түлікке бағаның қымбаттауына байланысты мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмектің қосымша шараларын көрсету мақсатында әзірленді.
2 2. Азық-түлікке бағаның қымбаттауына байланысты мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек (бұдан әрі – әлеуметтік көмек) Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын азаматтардың мына санаттарына:
1 1) табысы аз азаматтар (отбасылар) – атаулы әлеуметтiк көмек және (немесе) он сегіз жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар, еңбекке жарамды жастағы жеке тұлғалар;
2 2) жасы бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алушыларға ұсынылады.
3 3. Әлеуметтік көмектің қаржыландыру көзі Астана қаласының бюджеті болып табылады.
4
4. Әлеуметтік көмек «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы» мемлекеттiк мекемесi әкімші (бұдан әрi – Әкімші) болып табылатын «Жергiлiктi өкiлетті органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек» бюджеттік бағдарламасына сәйкес және қала бюджетінде осы мақсаттарға көзделген қаражат шегінде ұсынылады.
5
5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң «Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнының Астана қаласының қалалық филиалы ай сайын Қағиданың 2-тармағында көрсетілген санаттарға жататын азаматтар жөніндегі мәліметтерді Әкімшіге ұсынады (электрондық және қағаз жеткізгіштерде).