Кіру
Құжат мәтініне өту

Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Астаны в связи с удорожанием цен на продукты питания

Өзге акт · № 221/31-V · қабылданған 27.03.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-79066/on/2026-09-13/
Басып шығарылды 2026-09-13 · adilet.kz
Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Астаны в связи с удорожанием цен на продукты питания Күшін жойған Өзге акт ·№ 221/31-V ·27.03.2014
18.03.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.03.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Астаны в связи с удорожанием цен на продукты питания

Күшін жойған Өзге акт ·№ 221/31-V · 13.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Астаны в связи с удорожанием цен на продукты питания
Атауы (қаз.)
Азық-түлікке бағаның қымбаттауына байланысты Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
221/31-V
Қабылданған күні
27.03.2014
Көрсетілген редакция
18.03.2015 79066_128764.kaz
Соңғы өзгеріс
18.03.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14A0000806
ЭКБ идентификаторы
79066
Редакция идентификаторы
79066_128764
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:21

0 Азық-түлікке бағаның қымбаттауына байланысты Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

«Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес, азық-түлікке бағалардың қымбаттауына байланысты мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1. Қоса беріліп Азық-түлікке бағалардың қымбаттауына байланысты Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету қағидасы бекітілсін.

2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Астана қаласы мәслихатының

2014 жылғы 27 наурыздағы
№ 221/31-V шешіміне
қосымша
Азық-түлікке бағаның қымбаттауына байланысты Астана қаласындағы
мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек
көрсету қағидасы

1. Осы Азық-түлікке бағаның қымбаттауына байланысты Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, азық-түлікке бағаның қымбаттауына байланысты мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмектің қосымша шараларын көрсету мақсатында әзірленді.

2. Азық-түлікке бағаның қымбаттауына байланысты мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек (бұдан әрі – әлеуметтік көмек) Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын азаматтардың мына санаттарына:

1) табысы аз азаматтар (отбасылар) – атаулы әлеуметтiк көмек және (немесе) он сегіз жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар, еңбекке жарамды жастағы жеке тұлғалар;

2) жасы бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алушыларға ұсынылады.

3. Әлеуметтік көмектің қаржыландыру көзі Астана қаласының бюджеті болып табылады.

4. Әлеуметтік көмек «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы» мемлекеттiк мекемесi әкімші (бұдан әрi – Әкімші) болып табылатын «Жергiлiктi өкiлетті органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек» бюджеттік бағдарламасына сәйкес және қала бюджетінде осы мақсаттарға көзделген қаражат шегінде ұсынылады.

5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң «Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнының Астана қаласының қалалық филиалы ай сайын Қағиданың 2-тармағында көрсетілген санаттарға жататын азаматтар жөніндегі мәліметтерді Әкімшіге ұсынады (электрондық және қағаз жеткізгіштерде).

6. Әлеуметтік көмек 2014 жылдың 1 сәуірінен 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай қаражатты Астана қаласының екінші деңгейдегі банктері бөлімшелеріндегі алушылардың дербес немесе карталық шоттарына аудару арқылы жүргізіледі.

Қолданыстағы