Құжат мәтініне өту

О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Мунайлинском районе

Өзге акт · № 19/210 · қабылданған 11.03.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-79127/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Мунайлинском районе Күшін жойған Өзге акт ·№ 19/210 ·11.03.2014
21.10.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.10.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Мунайлинском районе

Күшін жойған Өзге акт ·№ 19/210 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Мунайлинском районе
Атауы (қаз.)
Мұнайлы ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
19/210
Қабылданған күні
11.03.2014
Көрсетілген редакция
21.10.2016 79127_125864.kaz
Соңғы өзгеріс
21.10.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14MG002400
ЭКБ идентификаторы
79127
Редакция идентификаторы
79127_125864
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:32

0 Мұнайлы ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» 1995 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Мұнайлы ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу үшін мынадай орындар реттелсін:

Маңғыстау ауылындағы Мұнайлы ауданы әкімдігі ғимаратының жанындағы алаң;
Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қызылтөбе ауылдық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

2

2. «Мұнайлы ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің тәртібі мен орындарын қосымша реттеу туралы» 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 3/30 Мұнайлы аудандық мәслихатының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-7-114 болып тіркелген, 2012 жылғы 25 мамырда «Мұнайлы» газетінің № 29 (283) санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3 3. Мұнайлы аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (А. Жанбуршина):

осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мұнайлы аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер, заңдылық, құқық тәртібі, депутаттар өкілеттігі және әдеп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрайымы Г.Себепбаева).

5 5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Мұнайлы ауданы әкімінің
міндетін атқарушы
Н. Жолбаев
11 наурыз 2014 жыл

Қолданыстағы