Құжат мәтініне өту

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Қаулы · № А-3/102 · қабылданған 20.03.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-79138/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Күшін жойған Қаулы ·№ А-3/102 ·20.03.2014
16.10.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.10.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Күшін жойған Қаулы ·№ А-3/102 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
Атауы (қаз.)
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
А-3/102
Қабылданған күні
20.03.2014
Көрсетілген редакция
16.10.2014 79138_179322.kaz
Соңғы өзгеріс
16.10.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14BC004114
ЭКБ идентификаторы
79138
Редакция идентификаторы
79138_179322
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:25

0 Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18, 238-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Ақкөл аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 25 ақпандағы № С 30-3 «Ауылдық қызметші болып табылатын, ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласы мамандарының лауазымдық тізбесін келісу туралы» шешімі негізінде, Ақкөл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi қосымшаға сәйкес айқындалсын.

2

2. Ақкөл ауданы әкімдігінің «Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандарының лауазымдық тізбесін анықтау туралы» 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № А-12/468 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3609 болып тіркелген, 2013 жылғы 25 қаңтарда «Ақкөл өмірі» және «Знамя Родины KZ» аудандық газеттерінде жарияланған) қаулының күшi жойғандығы танылсын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Т. Әбдірахмановқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

5 Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

Ақкөл ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 20 наурыздағы № А-3/102
қаулысына қосымша
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

1 1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандарының лауазымдары:

үйдегі әлеуметтік көмек бөлімінің меңгерушісі, әлеуметтік қызметкер, бағалау және арнайы әлеуметтік қызмет қажеттіліктерін анықтайтын әлеуметтік жұмыстың маманы;

2 2. Білім беру саласындағы мамандарының лауазымдары:

мемлекеттік мекеменің, қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары, барлық мамандағы мұғалім, тәрбиеші, методист; музыка жетекшісі, көркем жетекшісі, оқытушы-психолог, бастауыш, мастер, нұсқаушы, мұғалім, әлеуметтік педагог, дефектолог, логопед, кітапхана меңгерушісі, кітапханашы, медбике, диеталық медбике.

3 3. Мәдениет саласындағы мамандарының лауазымдары:

мемлекеттік мекеменің, қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары, кітапхана меңгерушісі, клуб жетекшісі, аккомпаниатор, музыка жетекшісі, кітапханашы, библиограф, методист, хореограф.

Қолданыстағы