Об утверждении нормы образования и накопления коммунальных отходов и тарифы на сбор, вывоз, захоронение,утилизацию коммунальных отходов по району Т.Рыскулова
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении нормы образования и накопления коммунальных отходов и тарифы на сбор, вывоз, захоронение,утилизацию коммунальных отходов по району Т.Рыскулова
- Атауы (қаз.)
- Т.Рысқұлов ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын және коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму, кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 23-11
- Қабылданған күні
- 28.03.2014
- Қолданысқа енгізілген күні
- 29.05.2014
- Көрсетілген редакция
- 18.10.2017 79201_252786.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.10.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14GH002190
- ЭКБ идентификаторы
- 79201
- Редакция идентификаторы
- 79201_252786
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:19
0 Т.Рысқұлов ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын және коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму, кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына және «Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 қарашадағы № 1370 қаулысына сәйкес Т.Рысқұлов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Мыналар бекітілсін:
1 1) осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Т.Рысқұлов ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары;
2 2) осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Т.Рысқұлов ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму, кәдеге жарату тарифтері;
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет және өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Жантақбаев Бағдат Болатұлына жүктелсін.
3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 Т.Рысқұлов ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары
Т.Рысқұлов ауданы мәслихатының
2014 жылдың 28 науырыздағы
№ 23-11 шешіміне 1 қосымша
Т.Рысқұлов ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың
пайда болу және жинақталу нормалары
№
Коммуналдық қалдықтардың қалыптасу көздері
Есептік бірлік
Коммуналдық қалдықтардың жылдық жинақталу нормасы, текше метр
1
Тұрмысқа жайлы тұрғын үйлер:
Жайсыз тұрғын үйлер:
Орталық жылу жүйесі немесе газбен жылытылатын үйлер
Тас көмірмен жылытылатын үйлер
1 тұрғын
0,89
0,89
1,5
2
Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлерi, қарттар үйлерi және сол сияқтылар
1 орын
1,1
3
Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлерi
1 орын
1,5
4
Балабақшалар, бөбекжайлар
1 орын
0,36
5
Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктерi, байланыс бөлiмшелерi
1 қызметкер
1,46
6
Емханалар
1 адам
0,01
7
Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелерi
1 төсек-орын
1,43
8
Мектептер, орта оқу орындары, жоғарғы оқу орындары
1 оқушы
0,3
9
Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелерi
1 орын
0,02
10
Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгi клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы
1 орын
0,19
11
Мұражайлар, көрмелер
жалпы алаңның 1 шаршы метрі
0,02
12
Стадиондар, спорт алаңдары
жоба бойынша 1 орын
0,43
13
Спорт, би және ойын залдары
жалпы алаңның 1 шаршы метрі
0,43
14
Азық-түлiк дүкендерi
сауда алаңының 1 шаршы метрі
0,72
15
Машиналардан сату
сауда орнының 1 шаршы метрі
0,21
16
Өнеркәсiптiк дүкендер, супермаркеттер
сауда алаңының 1 шаршы метрі
0,63
17
Базарлар, сауда павильондары, дүңгiршектер, сөрелер
сауда алаңының 1 шаршы метрі
0,72
18
Азық-түлiк тауарларының көтерме базалары, қоймалары
жалпы алаңның 1 шаршы метрі
0,2
19
Өнеркәсiптiк тауарлардың көтерме базалары, қоймалары
жалпы алаңның 1 шаршы метрі
0,2
20
Тұрмыстық қызмет көрсету үйi: халыққа қызмет көрсету
жалпы алаңның 1 шаршы метрі
0,3
21
Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар
жалпы алаңның 1 шаршы метрі
0,27
22
Жағажайлар
жалпы алаңның 1 шаршы метрі
0,23
23
Дәрiханалар
сауда алаңының 1 шаршы метрі
0,63
24
Автотұрақтар, автомобильдi жуу орындары, автокөлік жанармай станциясы, гараждар
1 машина-орын
1,49
25
Автомобиль шеберханалары
1 жұмысшы
2,9
26
Гараж кооперативтерi
1 гаражға
0,24
27
Шаштараздар, косметикалық салондар
1 жұмыс орны
9,5
28
Кiр жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тiгiн ательесi
жалпы алаңның 1 шаршы метрі
0,3
29
Зергерлiк, аяқ киiмдi, сағаттарды жөндеу шеберханалары
жалпы алаңның 1 шаршы метрі
0,3
30
Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кiлттер жасау және сол сияқтылар)
1 жұмыс орны
0,2
31
Моншалар, сауналар
жалпы алаңның 1 шаршы метрі
0,35
32
Бау-бақша кооперативтерi
1 учаске
1,2
Ескерту: жинақталу көздері болып табылатын өзге де нысандар көрсетілген нормаларға сәйкес жеке есептеледі.
7 Т.Рысқұлов ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму, кәдеге жарату тарифтері
Т.Рысқұлов ауданы мәслихатының
2014 жылғы 28 наурыздағы
№ 23-11 шешіміне 2 қосымша
Т.Рысқұлов ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету,
көму, кәдеге жарату тарифтері
№
Атауы
теңге
1
Коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму, кәдеге жаратудың тарифі
Жеке тұлғалар үшін 1 текше метрге
1068,09
Бір адамнан бір айға
79,51
Заңды тұлғалар үшін 1 текше метрге
1536,13
2
Коммуналдық қалдықтардың көму және кәдеге жаратудың (полигонға орналастыру) тарифі
Жеке тұлғалар үшін 1 текше метрге
207,97
Заңды тұлғалар үшін 1 текше метрге
389,29