О лишении статуса памятников истории и культуры местного значения и исключении их из Государственного списка памятников истории и культуры местного значения города Алматы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О лишении статуса памятников истории и культуры местного значения и исключении их из Государственного списка памятников истории и культуры местного значения города Алматы
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін мәртебесінен айыру және оларды жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарып тастау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1/12
- Қабылданған күні
- 14.01.2015
- Көрсетілген редакция
- 17.03.2021 79220_514625.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.03.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15R0001125
- ЭКБ идентификаторы
- 79220
- Редакция идентификаторы
- 79220_514625
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:03
0 Алматы қаласының
жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет
ескерткіштерін мәртебесінен айыру және
оларды жергілікті маңызы бар
Тарих және мәдениет ескерткіштерінің
мемлекеттік тізімінен шығарып тастау туралы
Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңының 18 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қарашадағы № 1032 «Тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, оларға мәртебе беру және одан айыру ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесінен айырылсын және олар жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарылсын.
2 2. Алматы қаласының Мәдениет басқармасы осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары З. Аманжоловаға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы «14» қаңтардағы
№ 1/12 қаулысына қосымша
Алматы қаласындағы жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарылып тасталынған және тарих және мәдениет ескерткіш мәртебесінен айырылған, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізімі
№
р/н
Ескерткіштің атауы
Ескерткіштің түрі
Ескерткіштің мекенжайы
1
«Көкқайнар-3» қорған қорымы (4)
археология
«Көкқайнар» ықшам ауданынан 0,5 километр солтүстік - батысқа қарай, биіктеген платода
(N-43°018'176,
E-076°050'164)
2
Қорған (апатты)
археология
Құрылысшы ықшам ауданының солтүстік бөлігі, Тереңқара мен Ащыбұлақ өзендерінің арасындағы мүйіс
(N-43°016'587,
E-076°052'362)
3
Қорған қорымы (3)
археология
Ремизовканың төменгі бөлігі, радиоантенна ауданындағы зираттан 500 метр оңтүстік-батысқа қарай
(N-43°012'19,2'',
E-076°055'13,4'')
4
Қорған (апатты)
археология
«Көкқайнар» ықшам ауданынан 0,7 километр оңтүстік-батысқа, жолдың солтүстігінде
(N-43°017'047'',
E-076°049'565)
5
Бұтақты-1 қонысы
(Бұтақты-1 археологиялық кешені)
археология
Медеу жолының 9 километр, «Көпір» аялдамасынан Бұтақты шатқалына қарай 300 метр шығыста
(N-43°012'09,
E-58°094'1)
6
Қалалық әуевокзал ғимараты.
Сәулетшілер А.Котов, И.Шевелева, А.Леппик.
қала құрылысы және сәулет
Жібек жолы көшесі, 111