Об установлении единого тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городе Актобе
Күшін жойған
Өзге акт
·№ 1320
·
13.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении единого тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городе Актобе
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе қаласында жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1320
- Қабылданған күні
- 21.04.2014
- Көрсетілген редакция
- 16.02.2015 79236_26632.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.02.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14CA003850
- ЭКБ идентификаторы
- 79236
- Редакция идентификаторы
- 79236_26632
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:58
0 Ақтөбе қаласында жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 19 бабына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе қаласында барлық маршруттар үшін жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тариф белгіленсін:
бір рет жүруге жоғары және орташа сыйымдылықтағы автобустар үшін 55 (елу бес) теңге;
бір рет жүруге шағын автобустар үшін 60 (алпыс) теңге.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е. Қалдығұловқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Ақтөбе қалалық
мәслихатының хатшысы С. Шынтасова