Құжат мәтініне өту

Об установлении единого размера социальной помощи к памятным датам и праздничным дням

Өзге акт · № 149 · қабылданған 17.04.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-79243/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об установлении единого размера социальной помощи к памятным датам и праздничным дням Күшін жойған Өзге акт ·№ 149 ·17.04.2014
12.02.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.02.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении единого размера социальной помощи к памятным датам и праздничным дням

Күшін жойған Өзге акт ·№ 149 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении единого размера социальной помощи к памятным датам и праздничным дням
Атауы (қаз.)
Атаулы күндер мен мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
149
Қабылданған күні
17.04.2014
Көрсетілген редакция
12.02.2016 79243_89545.kaz
Соңғы өзгеріс
12.02.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14CC003851
ЭКБ идентификаторы
79243
Редакция идентификаторы
79243_89545
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:01

0 Атаулы күндер мен мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Облыстық жергілікті атқарушы органмен келісілген атаулы күндер мен мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшері осы шешімдегі қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Ақтөбе облысының
әкімінің орынбасары
С. Нұрқатова
14 сәуір 2014 ж.

3 Алға аудандық мәслихатының

2014 жылғы 17 сәуірдегі
№ 149 шешіміне
қосымша
Атаулы күндер мен мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшері
Келесі санаттарға:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 100 мың теңге мөлшерінде;
жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 50 мың теңге мөлшерінде;
жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 50 мың теңге мөлшерінде;
жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 30 мың теңге мөлшерінде;
мүгедек деп танылмаған, екінші рет некеге отырмаған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушылардың әйелдеріне (күйеулеріне), 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 25 мың теңге мөлшерінде;
қайтыс болған ауғандық жауынгерлерінің ата-аналарына және екінші рет некеге отырмаған әйелдеріне, 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 25 мың теңге мөлшерінде;
1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кемінде 6 ай тылда жұмыс жасаған тұлғаларға, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 15 мың теңге мөлшерінде;
онкологиялық аурулары бар, ҚТВ инфекциясын жұқтырғандар және туберкулездің әр түрімен ауыратын азаматтар амбулаторлық емдеу мерзімі уақытында (жылдың 6 айға дейінгі шекте) Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алға орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының тізімі бойынша 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішінде 18 жасқа дейінгі бала тәрбиелеп отырған аз қамтылған отбасыларға, 1 маусым - Балаларды қорғау күніне орай 20 мың теңге мөлшерінде;
мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын мүгедектерге, қазан айының екінші жексенбісі мүгедектер күніне орай - 30 мың теңге мөлшерінде;
үйден оқытылатын мүгедек балаларға оқу жылы мерзімінде, «Алға аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен ұсынылған тізімдеріне сәйкес 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.
Әлеуметтiк көмектiң сомаларын төлеу ақшалай қаражатты Алға ауданындағы екiншi деңгейдегi банктер бөлiмшелерi арқылы алушылардың дербес шоттары немесе карталық шоттарына аудару арқылы жүргiзiледi.

Қолданыстағы