Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об установлении водоохранной зоны и полосы реки Аят в пределах Каратомарского водохранилища на земельном участке, предназначенном под строительство бройлерной птицефабрики до одного миллиона голов, в промышленной зоне села Елизаветинка района Беимбета Майлина, режима и особых условий их хозяйственного использования

Қаулы · № 97 · қабылданған 20.03.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-79257/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об установлении водоохранной зоны и полосы реки Аят в пределах Каратомарского водохранилища на земельном участке, предназначенном под строительство бройлерной птицефабрики до одного миллиона голов, в промышленной зоне села Елизаветинка района Беимбета Майлина, режима и особых условий их хозяйственного использования Күшін жойған 03.08.2022 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об установлении водоохранной зоны и полосы реки Аят в пределах Каратомарского водохранилища на земельном участке, предназначенном под строительство бройлерной птицефабрики до одного миллиона голов, в промышленной зоне села Елизаветинка района Беимбета Майлина, режима и особых условий их хозяйственного использования

Күшін жойған Қаулы № 97 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении водоохранной зоны и полосы реки Аят в пределах Каратомарского водохранилища на земельном участке, предназначенном под строительство бройлерной птицефабрики до одного миллиона голов, в промышленной зоне села Елизаветинка района Беимбета Майлина, режима и особых условий их хозяйственного использования
Атауы (қаз.)
Таран ауданы Елизаветинка ауылының өнеркәсіптік аймағында бір миллион басқа дейінгі бройлерлік құс фабрикасының құрылысына арналған жер учаскесіндегі Қаратомар су қоймасының шегінде Әйет өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін белгілеу туралы, оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
97
Қабылданған күні
20.03.2014
Көрсетілген редакция
03.08.2022 79257_586584.kaz
Соңғы өзгеріс
03.08.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14N0004629
ЭКБ идентификаторы
79257
Редакция идентификаторы
79257_586584
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:24
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0

Бейімбет Майлин ауданы Елизаветинка ауылының өнеркәсіптік аймағында бір миллион басқа дейінгі бройлерлік құс фабрикасының құрылысына арналған жер учаскесіндегі Қаратомар су қоймасының шегінде Әйет өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 116, 125-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Уәкілетті органдармен келісу бойынша, бекітілген жобалық құжаттама негізінде Бейімбет Майлин ауданы Елизаветинка ауылының өнеркәсіптік аймағында бір миллион басқа дейінгі бройлерлік құс фабрикасының құрылысына арналған жер учаскесіндегі Қаратомар су қоймасының шегінде Әйет өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2. Бейімбет Майлин ауданы Елизаветинка ауылының өнеркәсіптік аймағында бір миллион басқа дейінгі бройлерлік құс фабрикасының құрылысына арналған жер учаскесіндегі Қаратомар су қоймасының шегінде Әйет өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың
құқықтарын қорғау Агенттігінің Қостанай
облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау
департаменті" республикалық мемлекеттік
мекемесі басшысының міндетін атқарушы
_____________ С. Байменова
"Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
қорғау министрлігінің Су ресурстарын
пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі
Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы"
республикалық мемлекеттiк мекемесінің басшысы
________________ Г. Оспанбекова
"Қазақстан Республикасы Қоршаған орта
және су ресурстары министрлігі Экологиялық
реттеу және бақылау комитетінің Қостанай
облысы бойынша экология департаменті"
республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________ А. Әлімбаев
"Қазақстан Республикасы Өңірлік даму
министрлігі Жер ресурстарын басқару
комитетінің Қостанай облысы бойынша
аумақтық жер инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_______________ Т. Төлеубаев

4 Әкімдіктің

2014 жылғы 20 наурыздағы
№ 97 қаулысына
1-қосымша
Бейімбет Майлин ауданы Елизаветинка ауылының өнеркәсіптік аймағында бір миллион басқа дейінгі бройлерлік құс фабрикасының құрылысына арналған жер учаскесіндегі Қаратомар су қоймасының шегінде Әйет өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуі
Су объектісінің атауы,
оның учаскесі
Су қорғау аймағы
Су қорғау белдеуі
Орташа көп жылдық судың сабалық кемері (метр)
ұзындығы (метр)
ені (метр)
ауданы
(гектар)
ұзындығы (метр)
ені
(метр)
ауданы (гектар)
Әйет өзені
Бейімбет Майлин ауданы Елизаветинка ауылының өнеркәсіптік аймағында бір миллион басқа дейінгі бройлерлік құс фабрикасының құрылысына арналған жер учаскесіндегі Қаратомар су қоймасының шегінде
600
800-1040
55,57
600
100
6,0
156,58
Ескерту: су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары "Бейімбет Майлин ауданы Елизаветинка ауылының өнеркәсіптік аймағында бір миллион басқа дейінгі бройлерлік құс фабрикасының құрылысына арналған жер учаскесіндегі Қаратомар су қоймасының шегінде Әйет өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін белгілеу жөніндегі жобаны әзірлеу" жобасының картографиялық материалында көрсетілген (су қорғау аймағы мен белдеуін белгілеу жобасына тапсырыс беруші - "Tachi-Глобал-Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).

5 Бейімбет Майлин ауданы Елизаветинка ауылының өнеркәсіптік аймағында бір миллион басқа дейінгі бройлерлік құс фабрикасының құрылысына арналған жер учаскесіндегі Қаратомар су қоймасының шегінде Әйет өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары

Әкімдіктің
2014 жылғы 20 наурыздағы
№ 97 қаулысына
2-қосымша
Бейімбет Майлин ауданы Елизаветинка ауылының өнеркәсіптік аймағында бір миллион басқа дейінгі бройлерлік құс фабрикасының құрылысына арналған жер учаскесіндегі Қаратомар су қоймасының шегінде Әйет өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары

1. Су қорғау белдеулерінің шегінде мыналарға жол берілмейді:

1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;

2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылысжайлар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылысжайларын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көліктік инфрақұрылым, кәсіпшілік балық өсіру, балық шаруашылығы технологиялық су айдындары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайларды салмай, ғимараттар мен құрылысжайларды салуға және пайдалануға;

3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;

4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;

5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);

6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;

7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға тыйым салынады.

2. Су қорғау аймақтарының шегінде мыналарға жол берілмейді:

1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;

2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;

3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;

4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;

5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;

6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;

7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға тыйым салынады.

Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.