Об утверждении норматива субсидий на возмещение до ста процентов затрат по искусственному осеменению маточного поголовья крупного рогатого скота в личных подсобных хозяйствах, а также критериев и требований к поставщикам
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении норматива субсидий на возмещение до ста процентов затрат по искусственному осеменению маточного поголовья крупного рогатого скота в личных подсобных хозяйствах, а также критериев и требований к поставщикам
- Атауы (қаз.)
- Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды жүз пайызға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативтерін, сондай-ақ жеткізушіге қойылатын өлшемдер мен талаптарды бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 108/4
- Қабылданған күні
- 18.04.2014
- Көрсетілген редакция
- 22.02.2016 79259_61198.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14P0003771
- ЭКБ идентификаторы
- 79259
- Редакция идентификаторы
- 79259_61198
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:59
0 Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды жүз пайызға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативтерін, сондай-ақ жеткізушіге қойылатын өлшемдер мен талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығымен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларынасәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мыналар:
жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды жүз пайызға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативтері 1-қосымшаға сәйкес;
жеткізушіге қойылатын өлшемдер мен талаптар 2-қосымшаға сәйкес бекітілісін.
2 2. Облыс ауыл шаруашылығы басқармасы:
заңнамамен белгіленген тәртіпте осы қаулының ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.К. Әшімбетовке жүктелсiн.
4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мамытбеков
2014 жылғы "18" сәуір
5 Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды жүз пайызға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативтері
Павлодар облысы әкімдігінің
2014 жылғы "18" сәуірдегі
№ 108/4 қаулысына
1-қосымша
Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын
қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды жүз пайызға дейін
өтеуге арналған субсидиялар нормативтері
Субсидиялау бағыты
Өлшем бірлігі
1 бірлікке арналған субсидиялар нормативі, теңге
Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды жүз пайызға дейін өтеу
бас
3 000
6 Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызмет жеткізушілерге қойылатын өлшемдер мен талаптар
Павлодар облысы әкімдігінің
2014 жылғы "18" сәуірдегі
№ 108/4 қаулысына
2-қосымша
Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын
қолдан ұрықтандыру бойынша қызмет жеткізушілерге
қойылатын өлшемдер мен талаптар
Р/с №
Өлшемдер мен талаптар
1.
Ірі қара малды қолдан ұрықтандыруда жұмыс тәжірибесінің, жұмыс мерзімін мал асылдандыру инспекциясы саласындағы уәкілетті органнан тізімі бойынша растауымен бар болуы
2.
Жеке меншігінде немесе ұзақ мерзімді жалдауда сұйық азотты тасымалдайтын ЦТК түріндегі арнайы ыдыспен жабдықталған автокөліктің болуы
3.
Жеке меншігінде тұқымды бұқалардың ұрығын сақтайтын СДС 35 түріндегі арнайы ыдыстың болуы
4.
Штатында сәйкес мамандықтар бойынша қызметкерлердің болуы