Об утверждении правил проведения раздельных сходов местного сообщества жителей улицы, многоквартирного жилого дома на территории поселка Жайрем
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении правил проведения раздельных сходов местного сообщества жителей улицы, многоквартирного жилого дома на территории поселка Жайрем
- Атауы (қаз.)
- Жәйрем кентінің аумағында көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 219
- Қабылданған күні
- 31.03.2014
- Көрсетілген редакция
- 24.12.2021 79261_556246.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.12.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14KE002623
- ЭКБ идентификаторы
- 79261
- Редакция идентификаторы
- 79261_556246
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:17
0 Жәйрем кентінің аумағында көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қаулысына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Жәйрем кентінің аумағында көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.
2 2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
3 Қаражал қалалық мәслихатының
2014 жылғы 31 наурыздағы
XXVIII сессиясының № 219
шешімімен бекітілген
Жәйрем кентінің аумағында көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Жәйрем кентінің аумағында көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3 бабының 6-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес әзірленді және Жәйрем кентінің аумағындағы көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.
2 2. Жәйрем кентінің аумағында көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) Жәйрем кентінің жергілікті қоғамдастығының жиындарына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3 3. Бөлек жиынды Жәйрем кентінің әкімі шақырады. Қаражал қаласы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4 4. Жергілікті қоғамдастықтың мүшелері бөлек жиынға жеке қатысады және олардың әрқайсысы бір дауысқа ие болады.
5 5. Бөлек жиынға кәмелетке толмаған тұлғалар, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған тұлғалар, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарындағы тұлғалар қатыспайды.
6 6. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
7 7. Көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді Жәйрем кентінің әкімі ұйымдастырады.
8 8. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
9 9. Бөлек жиынды Жәйрем кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Жәйрем кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
10 10. Бөлек жиынның қатысушылары жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын әр он тұрғындардан бір адам сандық құрамында ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.