Об установлении размеров социальной помощи
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении размеров социальной помощи
- Атауы (қаз.)
- Әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 142
- Қабылданған күні
- 28.03.2014
- Көрсетілген редакция
- 02.07.2016 79266_95566.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.07.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14CG003848
- ЭКБ идентификаторы
- 79266
- Редакция идентификаторы
- 79266_95566
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:19
0 Әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Қобда аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Атаулы және мерекелік күндерге әлеуметтік көмектің біріңғай мөлшерлері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. Ай сайын:
1 1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне коммуналдық қызметтердi төлеу үшiн сегiз мың теңге көлемiнде қаржылай әлеуметтiк көмек көрсетiлсiн;
2 2) Қобда аудандық білім бөлімі» мемлекет мекемесі ұсынған тізімдерге сәйкес үйден оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға үш мың теңге көлемінде қаржылай әлеуметтік көмек көрсетілсін.
3 3) онкологиялық аурулардан зардап шеккен азаматтарға, ҚТВ инфекциясын жұқтырған және туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға, медициналық мекемелердің тізімі бойынша амбулаториялық ем алу кезінде алты айдан аспайтын мерзімге он айлық есептік көрсеткіш көлемінде көрсетілсін;
3 3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары
С. НҰРҚАТОВА
7 Қобда аудандық мәслихатының
2014 жылғы 28 наурыздағы № 142
шешіміне қосымша
Атаулы күндер мен мерекелік күндерге әлеуметтік көмектің бірыңғай мөлшерлері
Келесі санаттарға:
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 100 мың теңге мөлшерiнде;
- жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 50 мың теңге мөлшерiнде;
- жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 50 мың теңге мөлшерiнде;
- жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларына теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 30 мың теңге мөлшерiнде;
- мемлекеттік арнайы жәрдемақы алатын 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кемінде 6 ай әскери қызмет өткерген және тылда жұмыс жасаған тұлғаларға, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 15 мың теңге мөлшерiнде;
- мүгедек деп танылмаған, екінші рет некеге отырмаған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушылардың әйелдеріне (күйеулеріне), 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 25 мың теңге мөлшерiнде;
- қайтыс болған ауғандық жауынгерлерінің ата-аналарына және екінші рет некеге отырмаған әйелдеріне, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 25 мың теңге мөлшерiнде;
- мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы мүгедектерге, қазан айының екінші жексенбісі мүгедектер күніне орай 30 мың теңге мөлшерiнде;
- атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішінде 18 жасқа дейінгі бала тәрбилеп отырған аз қамтылған отбасыларға, 1 маусым - Балаларды қорғау күніне орай 20 мың теңге мөлшерiнде;
Азаматтардың кейбір санаттары біржолғы әлеуметтік көмектің бірнеше түріне құқылы болған жағдайда, (статусына сәйкес) әр түрлі атаулы күндер мен мереке күндеріне біржолғы әлеуметтік көмектің тек бір түрі (мөлшері бойынша ең жоғары) көрсетіледі.
Әлеуметтiк көмектiң сомаларын төлеу ақшалай қаражатты Қобда ауданындағы екiншi деңгейдегi банктер бөлiмшелерi арқылы алушылардың дербес шоттары немесе карталық шоттарына аудару арқылы жүргiзiледi.