Құжат мәтініне өту

Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли на территории города Булаево района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области

Қаулы · № 75 · қабылданған 01.04.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-79315/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли на территории города Булаево района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области Күшін жойған Қаулы ·№ 75 ·01.04.2014
20.01.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.01.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли на территории города Булаево района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области

Күшін жойған Қаулы ·№ 75 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли на территории города Булаево района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области
Атауы (қаз.)
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Булаев қаласы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
75
Қабылданған күні
01.04.2014
Көрсетілген редакция
20.01.2016 79315_45521.kaz
Соңғы өзгеріс
20.01.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14SI002687
ЭКБ идентификаторы
79315
Редакция идентификаторы
79315_45521
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:14

0 Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Булаев қаласы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы

«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 27-бабына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабына, «Ішкі сауда ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 371 қаулысымен бекітілген Ішкі сауда қағидасының 120-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Булаев қаласы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін қосымшаға сәйкес арнайы бөлінген орындары белгіленсін.

2

2. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Булаев қаласы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы» 2013 жылғы 22 қазандағы № 389 (нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік Тізілімінде 2013 жылғы 11 қарашадағы № 2397 бойынша тіркелген, 2013 жылғы 15 қарашадағы «Вести» аудандық газетінде, 2013 жылғы 15 қарашадағы «Мағжан жұлдызы» аудандық газетінде жарияланған) қаулысы күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулының орындауын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Ауыл шаруашылығы министрлігінің
агроөнеркәсіптік кешендегі
мемлекеттік инспекция
комитетінің Мағжан Жұмабаев
аудандық аумақтық инспекциясы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
А.О. Сағандықов
«Қазақстан Республикасы
тұтынушылардың құқықтарын
қорғау Агенттігінің Солтүстік
Қазақстан облысы тұтынушылардың
құқықтарын қорғау департаментінің
Мағжан Жұмабаев ауданының
тұтынушылардың құқықтарын қорғау
басқармасы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
С.Н. Жигаев

5 Солтүстік Қазақстан облысы

Мағжан Жұмабаев ауданы
әкімдігінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 75
қаулысына қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Булаев қаласы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған арнайы бөлінген орындар

р/с
Автодүкендерді және (немесе) шатырларды орналастыру орындары
1
Булаев қаласы, Сәбит Мұқанов көшесі, 46 А, жанармай құю стансасы және Әлия Молдағұлова көшесі аралығында
2
Булаев қаласы, Буденного көшесі, 105, «Светлана» дүкенінің маңында
3
Булаев қаласы, мұңай айдау стансасы (асхана ғимаратының маңында)
4
Булаев қаласы, «Достық» саябағы (мереке күндері)
5
Булаев қаласы, орталық алаң (мереке күндері)
6
Медвежка ауылы, Советская көшесі, 18, «Сәлем» дүкенінің маңында

Қолданыстағы