Құжат мәтініне өту

О Республиканском государственном предприятии "Научно-издательский центр "Гылым"»

Қаулы · № 88 · қабылданған 20.01.2001
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-7933/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О Республиканском государственном предприятии "Научно-издательский центр "Гылым"» Қолданыста Қаулы ·№ 88 ·20.01.2001
05.08.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.08.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О Республиканском государственном предприятии "Научно-издательский центр "Гылым"»

Қолданыста Қаулы ·№ 88 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О Республиканском государственном предприятии "Научно-издательский центр "Гылым"»
Атауы (қаз.)
"Ғылым" ғылыми-баспа орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
88
Қабылданған күні
20.01.2001
Көрсетілген редакция
05.08.2013 AI7933_6.kaz
Соңғы өзгеріс
05.08.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P010000088_
ЭКБ идентификаторы
7933
Редакция идентификаторы
AI7933_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:02

0 "Ғылым" ғылыми-баспа орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны туралы

Ғылым және ғылыми еңбектер мен ғылыми әдебиеттi басып шығаруды қамтамасыз ету саласындағы баспа базасын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiмет ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. "Ғылым" ғылыми-баспа орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң қарамағынан Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң қарамағына берiлсiн.

2 2. Кәсiпорынға қатысты мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган болып Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi белгiленсiн.

3 3. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi:

1 1) Кәсiпорынның жарғысына тиiстi өзгерiстер енгiзсiн және оның мемлекеттiк қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

2 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

4 4. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.

5 5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

0 Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізілетiн өзгерiстер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасы
Yкіметiнiң
2001 жылғы 20 қаңтардағы
N 88 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізілетiн өзгерiстер мен толықтырулар

1 1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

2 2. "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк объектiлерiн жекешелендiру мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 10 желтоқсандағы N 1271 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., N 48, 426-құжат):

1 1) Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарға жатқызылған кәсiпорындардың тiзбесiндегi реттiк нөмiрi 8-жол алынып тасталсын;

2 2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген 1998-1999 жылдары жекешелендiруге жататын республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiндегi реттiк нөмiрi 21-жол алынып тасталсын.

3 3. Тармаққа күші жойды - ҚР Үкіметінің 2003.11.26. N 1180 қаулысымен.

4 4. Тармақтың күші жойды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1111 қаулысымен.

Қолданыстағы