Об установлении категорий автостоянок (паркингов), и увеличении базовых ставок налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги)
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении категорий автостоянок (паркингов), и увеличении базовых ставок налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги)
- Атауы (қаз.)
- Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге салықтардың базалық ставкаларын ұлғайту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 24/6-V
- Қабылданған күні
- 19.03.2014
- Көрсетілген редакция
- 15.03.2018 79335_305401.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.03.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14VI003252
- ЭКБ идентификаторы
- 79335
- Редакция идентификаторы
- 79335_305401
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:26
0 Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге салықтардың базалық ставкаларын ұлғайту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 386-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Глубокое ауданының аумағында орналасқан автотұрақтардың (паркингтердің) мынадай санаттары белгіленсін:
жабық түрлі жер бетіндегі автотұрақтар, ашық түрлі автотұрақтар – 1 санат;
басқа мақсаттағы ғимараттарға қатар салынған автотұрақтар, басқа мақсаттағы ғимараттарға жалғаса салынған автотұрақтар – 2 санат;
ғимараттардың астында жер астындағы, жертөледегі, төменгі қабатта немесе төменгі жер үстіндегі қабаттарда орналасқан автотұрақтар – 3 санат.
2
2. Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарына байланысты, тұрғын үй қоры, оның ішінде іргесіндегі құрылыстар мен ғимаратттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, Глубокое ауданының аумағындағы елді мекендердің жерлеріне базалық салық ставкасы бойынша салық салуға жататын автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық ставкасы мынадай мөлшерлерде ұлғайтылсын:
1-санатты автотұрақтарға (паркингтерге) 10 есе;
2-санатты автотұрақтарға (паркингтерге) 9 есе;
3-санатты автотұрақтарға (паркингтерге) 8 есе.