Құжат мәтініне өту

Об утверждении норматива отчисления части чистого дохода районных коммунальных государственных предприятий на праве введения хозяйственной деятельности

Қаулы · № 113 · қабылданған 21.04.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-79342/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об утверждении норматива отчисления части чистого дохода районных коммунальных государственных предприятий на праве введения хозяйственной деятельности Күшін жойған Қаулы ·№ 113 ·21.04.2014
03.03.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.03.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении норматива отчисления части чистого дохода районных коммунальных государственных предприятий на праве введения хозяйственной деятельности

Күшін жойған Қаулы ·№ 113 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении норматива отчисления части чистого дохода районных коммунальных государственных предприятий на праве введения хозяйственной деятельности
Атауы (қаз.)
Шаруашылық жүргізу құқығындағы аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
113
Қабылданған күні
21.04.2014
Көрсетілген редакция
03.03.2016 79342_57537.kaz
Соңғы өзгеріс
03.03.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14MD002426
ЭКБ идентификаторы
79342
Редакция идентификаторы
79342_57537
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:57

0 Шаруашылық жүргізу құқығындағы аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін бекіту және «Республикалық бюджетке түсетін түсімдердің алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына және салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін соманың, қарыздардың бюджетке түсуін бақылауды жүзеге асыруға жауапты уәкілетті органдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1339 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 448 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін бекітілсін.

2 2. «Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Ә.Әбдіхалықова) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың бекітілген тізім бойынша таза табыстарын жергілікті бюджетке толық көлемде аударылуын қамтамасыз етсін.

3 3. «Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Ә.Әбдіхалықова) қаулыны әділет органдарында тіркеуді, оны бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауды және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Түркменбаевқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ»
«Қарақия аудандық ауыл шаруашылығы
және ветеринария бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Е. Бегниязов
2014 ж.
«Қарақия аудандық тұрғын үй
коммуналдық шаруашылығы,
жолаушы көлігі және автомобиль
жолдары бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Р. Сантай
2014 ж.
«Қарақия аудандық экономика
және қаржы бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Ә.Әбдіхалықова
2014 жыл

6 Қарақия ауданы әкімдігінің

21 сәуір 2014 жылғы
№ 113 қаулысына қосымша
Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың жергілікті бюджетке аударатын таза табыс бөлігінің ең төменгі мөлшері
Таза табыс 0 теңгеден 500 000 теңгеге дейін
Таза табыс сомасынан 3 пайыз
Таза табыс 500 001 теңгеден 1 000 000 теңгеге дейін
Таза табыс сомасынан 5 пайыз
Таза табыс 1 000 001 теңгеден 2 000 000 теңгеге дейін
Таза табыс сомасынан 7 пайыз
Таза табыс 2 000 001 теңгеден 3 000 000 теңгеге дейін
Таза табыс сомасынан 10 пайыз
Таза табыс 3 000 001 теңгеден 10 000 000 теңгеге дейін
300 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшеріндегі таза табыстан асқан сомадан 12 пайыз
Таза табыс 10 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін
1 140 000 теңге + 10 000 000 теңге мөлшеріндегі таза табыстан асқан сомадан 15 пайыз
Таза табыс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін
7 140 000 теңге + 50 000 000 теңге мөлшеріндегі таза табыстан асқан сомадан 20 пайыз
Таза табыс 250 000 001 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін
47 140 000 теңге + 250 000 000 теңге мөлшеріндегі таза табыстан асқан сомадан 25 пайыз

Қолданыстағы