Құжат мәтініне өту

Об установлении единого размера социальной помощи к памятным датам и праздничным дням

Өзге акт · № 155 · қабылданған 16.04.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-79357/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об установлении единого размера социальной помощи к памятным датам и праздничным дням Күшін жойған Өзге акт ·№ 155 ·16.04.2014
24.12.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении единого размера социальной помощи к памятным датам и праздничным дням

Күшін жойған Өзге акт ·№ 155 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении единого размера социальной помощи к памятным датам и праздничным дням
Атауы (қаз.)
Атаулы күндер мен мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
155
Қабылданған күні
16.04.2014
Көрсетілген редакция
24.12.2015 79357_56028.kaz
Соңғы өзгеріс
24.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14CK003860
ЭКБ идентификаторы
79357
Редакция идентификаторы
79357_56028
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:03

0 Атаулы күндер мен мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Облыстық жергілікті атқарушы органмен келісілген атаулы күндер мен мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшері осы шешімдегі қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Ойыл аудандық мәслихатының

2014 жылғы 16 сәуірдегі № 155
шешімімен бекітілген
Атаулы күндер мен мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшері
Келесі санаттарға:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 100 мың теңге мөлшерiнде;
жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 50 мың теңге мөлшерiнде;
жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 50 мың теңге мөлшерiнде;
жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларына теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 30 мың теңге мөлшерiнде;
мемлекеттік арнайы жәрдемақы алатын 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кемінде 6 ай әскери қызмет өткерген және тылда жұмыс жасаған тұлғаларға, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 15 мың теңге мөлшерiнде;
мүгедек деп танылмаған, екінші рет некеге отырмаған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушылардың әйелдеріне (күйеулеріне), 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 25 мың теңге мөлшерiнде;
қайтыс болған ауғандық жауынгерлерінің ата-аналарына және екінші рет некеге отырмаған әйелдеріне, 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 25 мың теңге мөлшерiнде;
мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы мүгедектерге, қазан айының екінші жексенбісі мүгедектер күніне орай 30 мың теңге мөлшерiнде;
атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішінде 18 жасқа дейінгі бала тәрбилеп отырған аз қамтылған отбасыларға, 1 маусым - Балаларды қорғау күніне орай 20 мың теңге мөлшерiнде;
онкологиялық аурулары бар, ҚТВ инфекциясын жұқтырғандар және туберкулездің әртүрлі нысандарымен ауыратын азаматтар емделу мерзімі уақытында (жылдың 6 айға дейінгі шекте) денсаулық сақтау мекемесінің тізімі бойынша, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Азаматтардың кейбір санаттары біржолғы әлеуметтік көмектің бірнеше түріне құқылы болған жағдайда, (статусына сәйкес) әр түрлі атаулы күндер мен мереке күндеріне біржолғы әлеуметтік көмектің тек бір түрі (мөлшері бойынша ең жоғары) көрсетіледі.
Әлеуметтiк көмектiң сомаларын төлеу ақшалай қаражатты Ойыл ауданындағы екiншi деңгейдегi банктер бөлiмшелерi арқылы алушылардың дербес шоттары немесе карталық шоттарына аудару арқылы жүргiзiледi.

Қолданыстағы