Об утверждении Перечня сведений, составляющих налоговую тайну, и Правил их представления органами государственных доходов уполномоченному органу по предпринимательству
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Перечня сведений, составляющих налоговую тайну, и Правил их представления органами государственных доходов уполномоченному органу по предпринимательству
- Атауы (қаз.)
- Салық құпиясын құрайтын мәліметтер тізбесін және мемлекеттік кірістер органдарының кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы жаңа
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 95/од
- Қабылданған күні
- 28.03.2014
- Көрсетілген редакция
- 16.05.2019 79378_407947.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.05.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1400009347
- ЭКБ идентификаторы
- 79378
- Редакция идентификаторы
- 79378_407947
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:19
0 Салық құпиясын құрайтын мәліметтер тізбесін және мемлекеттік кірістер органдарының кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы жаңа
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 557-бабының 3-тармағының 14)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1 1. Қоса беріліп отырған:
1 1) Осы бірлескен бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік кірістер органдарының кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға ұсынатын салық құпиясын құрайтын мәліметтер тізбесі;
2 2) Осы бірлескен бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес салық құпиясын құрайтын мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарының кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға ұсыну қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі:
1 1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның ресми түрде жариялануын;
3 3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрінің орынбасары С.М.Жұманғаринге жүктелсін.
4 4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Мемлекеттік кірістер органдарының кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға ұсынатын салық құпиясын құрайтын мәліметтер тізбесі
Қазақстан Республикасы
Премьер - Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2014 жылғы 28 наурыздағы
№ 143 және Қазақстан Республикасы
Өңірлік даму министрінің
2014 жылғы 28 наурыздағы
№ 95/НҚ бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Мемлекеттік кірістер органдарының кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға ұсынатын салық құпиясын құрайтын мәліметтер тізбесі
№
Салық құпиясын құрайтын мәліметтер тізбесі
1
Бастапқыда Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін (бұдан әрі – Тізілім) қалыптастыруда соңғы үш жыл бойынша және Тізілімді одан әрі жүргізу үшін алдыңғы күнтізбелік жыл бойынша жеке кәсіпкерлік субъектісінің жиынтық жылдық табысы немесе арнаулы салық режимін қолданатын субъектінің табысы туралы деректер
2
Бастапқыда Тізілімді қалыптастыруда соңғы жыл бойынша және Тізілімді одан әрі жүргізу үшін алдыңғы күнтізбелік жыл бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыскерлер саны туралы деректер
2 Салық құпиясын құрайтын мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарының кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға ұсыну қағидалары
Қазақстан Республикасы
Премьер–Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2014 жылғы 28 наурыздағы № 143
және Қазақстан Республикасы
Өңірлік даму министрінің
2014 жылғы 28 наурыздағы
№ 95/НҚ бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Салық құпиясын құрайтын мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарының кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға ұсыну қағидалары
1
1. Осы Салық құпиясын құрайтын мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарының кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға ұсыну қағидалары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 557-бабы 3-тармағының 14) тармақшасына сәйкес әзірленген және салық құпиясын құрайтын мәліметтерді (бұдан әрі - мәліметтер) ұсыну тәртібін айқындайды.
2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жыл сайын 15 қарашаға дейінгі мерзімде Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік жүйесінің электронды байланыс арнасы арқылы осы бірлескен бұйрықпен бекітілген мәліметтерді кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға жібереді. Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік жүйесінде жоқ болған жағдайда Мәліметтер «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар құжаттар түрінде жіберіледі.