Құжат мәтініне өту

Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Павлодарской области

Ереже · № 258/29 · қабылданған 28.03.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-79418/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Павлодарской области Күшін жойған Ереже ·№ 258/29 ·28.03.2014
22.11.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.11.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Павлодарской области

Күшін жойған Ереже ·№ 258/29 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Павлодарской области
Атауы (қаз.)
Павлодар облысының Құрмет грамотасымен марапаттау жөнінде Ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
258/29
Қабылданған күні
28.03.2014
Көрсетілген редакция
22.11.2017 79418_265754.kaz
Соңғы өзгеріс
22.11.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14P0003777
ЭКБ идентификаторы
79418
Редакция идентификаторы
79418_265754
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:20

0 Павлодар облысының Құрмет грамотасымен марапаттау жөнінде Ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес, Павлодар облыстық маслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1 1. Ұсынылып отырған Павлодар облысының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ережесі бекітілсін.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3 3. Осы шешім бірінші ресми жариялауынан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Павлодар облысының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ереже

Облыстық мәслихатының
(V сайланған ХХIХ сессиясы)
2014 жылғы 28 наурыздағы
№ 258/29 шешімімен Бекітілген
Павлодар облысының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ереже

1 1. Жалпы Ережелер

1 1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес әзірленген және облыстың Құрмет грамотасымен марапаттауға ұсыну және оны тапсыру тәртібін анықтайды.

2

2. Павлодар облысының Құрмет грамотасымен экономиканың, әлеуметтік саланың, ғылым, мәдениет, білім берудің дамуына, ұлтаралық келісім мен өзара түсінушіліктің, әскери және қоғамдық, сондай-ақ өзге де мемлекеттік қызметтің және аймақтағы қоғамдық қызметтің нығаюына қосқан жеке үлесі және айтарлықтай жетістіктерге жеткені үшін азаматтар марапатталады.

3

3. Павлодар облысының Құрмет грамотасымен марапаттау үшін ұсынымдар еңбек, шығармашылық ұжымдармен, қалалық, аудандық атқарушы және өкілді органдарымен, қоғамдық бірлестіктермен, демократияның, достық пен қоғамдық ынтымақтастықтың нығаюына, Павлодар облысының аумағында әлеуметтік және экономикалық саясаттың қалыптасуы мен іске асырылуына қомақты үлесін қосқаны үшін енгізіледі.

4 4. Белгіленген үлгідегі наградтау парағында марапатталушының жеке басын, саладағы және берілген ұжымдағы жұмысының жалпы еңбек өтілін, оның нақты сіңірген еңбектерін сипаттайтын мәліметтер, жұмысының сапасы мен тиімділігі туралы деректер мазмұндалады.

Наградтау парағына кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мемлекеттік органның басшысы қол қояды және елтаңбалы мөрмен бекітеді.

2 2. Павлодар облысы Құрмет грамотасының сипаттамасы

5 5. Павлодар облысы Құрмет грамотасының формасы:

- мемлекеттік тілінде: Павлодар облысы Құрмет грамотасы;
- орыс тілінде: Почетная грамота Павлодарской области.
Құрмет грамотасы қосымша жапсырмасы бар, сыртқы жағында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік тілде "ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ" және орыс тілінде "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА" жазулары бар көгілдір түсті папкадан тұрады.
Қосымша жапсырма баспаханалық тәсілмен кеңейтілген түрінде қалың жылтыратылған қағаздан дайындалады. Қосымша жапсырманың сыртқы жағының жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы мен мемлекеттік тілде "Павлодар облысы" және төменгі бөлігінде орыс тілінде "Павлодарская область" жазулары бейнеленген.
Қосымша жапсырманың ішкі жағының оң және сол жағында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және сол жағында мемлекеттік тілде "ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ" және оң жағында орыс тілінде "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА" жазулары бар.
Қосымша жапсырманың сол жағынан мемлекеттік тілде марапатталушының тегін, атын, әкесінің атын және сіңірген еңбегін атап көрсету үшін арнайы орын белгіленген.
Қосымша жапсырманың оң жағынан орыс тілінде марапатталушының тегін, атын, әкесінің және сіңірген еңбегін атап көрсету үшін арнайы орын белгіленген.

3 3. Павлодар облысының Құрмет грамотасын тапсыру тәртібі

6 6. Павлодар облысының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы шешім Павлодар облыстық мәслихаты хатшысының және Павлодар облысы әкімінің ұсынысы бойынша Павлодар облысының тиісті мәслихатының сессиясында қабылданады.

Құрмет грамотасына облыс мәслихатының хатшысы және Павлодар облысының әкімі қол қояды.

7 7. Павлодар облысының Құрмет грамотасы тапсыру салтанатты түрде Павлодар облысы мәслихатының хатшысымен және Павлодар облысының әкімімен өткізіледі.

8 8. Павлодар облысының Құрмет грамотасымен марапаттау бойынша алдын ала қарастыру және ұсыныстарды дайындау үшін келіп түскен құжаттар Павлодар облысы мәслихатының жанында құрылған азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты комиссиясына жолданады.

9 9. Марапаттау бойынша материалдар Павлодар облысының өкілді органдарында сақталады.

Қолданыстағы