Құжат мәтініне өту

Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятой категории получателей к памятным датам и праздничным дням

Өзге акт · № 32/242 · қабылданған 25.04.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-79427/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятой категории получателей к памятным датам и праздничным дням Күшін жойған Өзге акт ·№ 32/242 ·25.04.2014
23.12.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятой категории получателей к памятным датам и праздничным дням

Күшін жойған Өзге акт ·№ 32/242 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятой категории получателей к памятным датам и праздничным дням
Атауы (қаз.)
Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
32/242
Қабылданған күні
25.04.2014
Көрсетілген редакция
23.12.2020 79427_500968.kaz
Соңғы өзгеріс
23.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14PK003780
ЭКБ идентификаторы
79427
Редакция идентификаторы
79427_500968
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:52

0 Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" N 504 қаулысына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1 1. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің келесі мөлшерлері белгіленсін:

1 қазан - Халықаралық қарт адамдар күніне:
зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерінен төмен алатын тұлғаларға, атап айтқанда:
зейнеткерлік жасқа толған тұлғаларға 1,2 айлық есептік көрсеткіш (одан әрі - АЕК) мөлшерінде;
80 жасқа толған және асқан зейнеткерлерге 2,9 АЕК мөлшерінде;
қазанның екінші жексенбісі - Қазақстан Республикасының Мүгедектер күнiне:
он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға, бірінші, екінші топтағы мүгедектерге, кәмелетке толмаған балалары бар мүгедек әйелдерге 2,3 АЕК мөлшерінде;
8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күніне:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар ішінен төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерге 2,4 АЕК мөлшерінде;
9 Мамыр - Жеңіс күніне:
Ұлы Отан соғысына (одан әрі - ҰОС) қатысушылар мен мүгедектеріне 500000 (бес жүз мың) теңге мөлшерінде, сондай-ақ 5 АЕҚ мөлшерінде азық-түлік жиынтығы;
ҰОС қатысушылар мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдер бойынша теңестірілген адамдарға, атап айтқанда:
екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына 10 АЕК мөлшерінде;
Ауғанстандағы әскері іс-қимылдарға қатысқан адамдарға 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
Чернобыль атом электростанциясындағы аварияны 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде, басқа да радиациялық апаттар мен азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі аварияны жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға 10 АЕК мөлшерінде;
ҰОС қатысушылар мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдер бойынша теңестірілген басқа санаттағы адамдар, атап айтқанда:
бұрынғы КСРО қорғау кезiнде, әскери қызметтiң басқа да мiндеттерiн (қызмет мiндеттерiн) атқару кезiнде жаралану, контузия алу немесе зақымдану нәтижесiнде қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығу салдарынан қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерінің отбасыларына 10 АЕК мөлшерінде;
қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезiнде зақым алуының нәтижесiнде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетiндерiнен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екiншi рет некеге тұрмаған әйелдерiне (күйеулерiне) 10 АЕК мөлшерінде;
ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСРО ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдарға 10 АЕК мөлшерінде;
1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін 6 айдан кем емес жұмыс істеген (қызмет атқарған) және ҰОС жылдарындағы тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСРО ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға 5 АЕК мөлшерінде.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму және аудан бюджеті мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

"КЕЛІСІЛДІ"
Павлодар облысы әкімінің
міндетін атқарушы
Д. Тұрғанов
2014 жылғы "18" сәуір

Қолданыстағы