Құжат мәтініне өту

Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятой категории получателей к памятным датам и праздничным дням

Өзге акт · № 116/30 · қабылданған 30.04.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-79428/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятой категории получателей к памятным датам и праздничным дням Күшін жойған Өзге акт ·№ 116/30 ·30.04.2014
04.03.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятой категории получателей к памятным датам и праздничным дням

Күшін жойған Өзге акт ·№ 116/30 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятой категории получателей к памятным датам и праздничным дням
Атауы (қаз.)
Атаулы және мерекелік күндерге көмек алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек мөлшерін белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
116/30
Қабылданған күні
30.04.2014
Қолданысқа енгізілген күні
31.03.2015
Көрсетілген редакция
04.03.2021 79428_513236.kaz
Соңғы өзгеріс
04.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14PD003785
ЭКБ идентификаторы
79428
Редакция идентификаторы
79428_513236
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:48

0 Атаулы және мерекелік күндерге көмек алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек мөлшерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысының 10-тармағына сәйкес Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1 1. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы және мерекелік күндерге әлеуметтік көмек келесі мөлшерлерде белгіленсін, атап айтқанда:

9 мамыр - Жеңіс күніне орай:
Ұлы Отан соғысының (одан әрі – ҰОС) қатысушылары мен мүгедектеріне 500000 (бес жүз мың) теңге мөлшерінде, сондай-ақ 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш (одан әрі – АЕК) сомасына азық-түлік жиынтығы;
жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша ҰОС қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға, атап айтқанда:
екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған гетто, концлагерлердiң, және басқа да ерiксiз ұстау орындарының бұрынғы жасы кәмелетке толмаған тұтқындарына – 10 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК), мөлшерінде;
Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының әскери қызметшілеріне - 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
1986 - 1987 жылдары Чернобыль атом электростанциясы (әрі қарай - АЭС) апатының зардаптарын жоюға қатысқан тұлғаларға - 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша ҰОС қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға, атап айтқанда:
қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдері (күйеулері), сондай-ақ қайтыс болған ҰОС қатысушыларының, жалпы сырқат салдары, еңбек жарақаты немесе басқа да себеп (заңға қарсысын есептемегенде) нәтижесінде мүгедек деп танылған екінші рет некелеспеген әйелдеріне (күйеулері) - 10 АЕК мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы жылдары тылда атқарған қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестер Социалистік Республикалар Одағының (әрі қарай - КСРО) ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғаларға - 10 АЕК мөлшерінде;
1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған тұлғаларға - 5 АЕК мөлшерінде;
1 қазан - Халықаралық қарттар күніне орай:
зейнеткерлік жастағы ең төменгі мөлшерде зейнетақы және жәрдемақы алатын тұлғаларға, атап айтқанда:
ең төменгі мөлшерде зейнетақы алатын азаматтарға 1,2 АЕК мөлшерінде;
80 жастағы және одан асқан азаматтарға - 2,9 АЕК мөлшерінде;
қазанның екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасының Мүгедектер күніне орай:
мүгедектерге, атап айтқанда:
18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға - 2,3 АЕК мөлшерінде;
1, 2 топтағы мүгедектерге - 2,3 АЕК мөлшерінде;
кәмелет жасқа толмаған балалары бар мүгедектерге - 2,3 АЕК мөлшерінде;
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейінгі балалары бар мемлекеттік жәрдемақы алушылар қатарындағы көпбалалы аналарға - 2,4 АЕК мөлшерінде.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтоғай аудандық мәслихатының бюджеттік саясат және аумақтың экономикалық дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

"КЕЛІСІЛДІ"
Павлодар облысы
әкімінің міндетін
атқарушы
2014 жыл "18" сәуір
Д. Тұрғанов

Қолданыстағы