Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил субсидирования стоимости удобрений (за исключением органических)

Қаулы · № 574 · қабылданған 29.05.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-79434/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об утверждении Правил субсидирования стоимости удобрений (за исключением органических) Күшін жойған Қаулы ·№ 574 ·29.05.2014
31.10.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.10.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил субсидирования стоимости удобрений (за исключением органических)

Күшін жойған Қаулы ·№ 574 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил субсидирования стоимости удобрений (за исключением органических)
Атауы (қаз.)
Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
574
Қабылданған күні
29.05.2014
Көрсетілген редакция
31.10.2015 AI79434_2.kaz
Соңғы өзгеріс
31.10.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1400000574
ЭКБ идентификаторы
79434
Редакция идентификаторы
AI79434_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:33

0 Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2014 жылғы 29 мамырдағы
№ 574 қаулысымен
бекiтiлген
Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (бұдан әрі – АШТӨ) тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) арзандату бойынша тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде субсидиялар (бұдан әрi – субсидиялар) төлеу тәртiбiн айқындайды.

2 2. Қандай да бір аудан тыңайтқыштар құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) арзандатуға бөлінген қаражатты толық игермеген жағдайда, облыстардың әкімдері оны өзге аудандар арасында облыс бойынша бекітілген субсидиялау көлемінің шегінде осы субсидиялау бағытына қайта бөле алады.

3 3. АШТӨ-нің субсидиялар алуға арналған тiзiмiн айқындау үшiн әрбiр ауданда (облыстық маңызы бар қалада, Астана және Алматы қалаларында) аудан (облыстық маңызы бар қала, Астана және Алматы қалалары) әкiмiнiң шешiмiмен ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi – ВАК) құрылады.

ВАК-тың құрамына:

1 1) аудан (облыстық маңызы бар қала, Астана және Алматы қалалары) әкiмдiгiнiң, оның ішінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, Астана және Алматы қалаларының) ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмдерiнiң немесе басқармаларының;

2 2) аудан (облыстық маңызы бар қала, Астана және Алматы қалалары) мәслихатының;

3 3) агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық инспекциясының;

4 4) тиісті облыстың, облыстық маңызы бар қалалардың, Астана және Алматы қалаларының аудандарындағы облыстар, Астана және Алматы қалалары кәсіпкерлерінің өңірлік палатасы филиалының (бар болса);

5 5) аграрлық бейіндегі қоғамдық және ғылыми ұйымдардың (бар болса) өкілдері кіреді.

Ауданның ауыл шаруашылығы бөлiмi, ал Астана және Алматы қалалары мен облыстық маңызы бар қала бойынша – қала әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы басқармасы немесе бөлiмi (бұдан әрi – бөлiм) ВАК-тың жұмыс органы болып табылады.

4 4. Бөлiм жылдың қалыптасқан ауа райы-климаттық жағдайын ескере отырып субсидиялар алуға арналған өтінімдерді қабылдау басталатын және аяқталатын күнді белгілейді, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, Астана және Алматы қалаларының) жергiлiктi атқарушы органының интернет-ресурсында және ресми баспа басылымдарында өтінімдерді қабылдаудың басталуы мен аяқталуы туралы хабарландыруды, ВАК-тың жұмыс тәртiбiн және басқа да қажеттi мәлiметтердi орналастырады.

5 5. Аудандар бойынша субсидиялар көлемдері (басым дақылдардың егістік алқаптарының болжамды құрылымына қарай) облыстың және Астана мен Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органының шешiмiмен белгіленеді.

6

6. Облыстың (Астана және Алматы қалаларының) ауыл шаруашылығы басқармасы (бұдан әрi – басқарма) тыңайтқыштар құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау жөніндегі облыстың ай сайынғы қаржыландыру жоспарын оны бекіткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде облыстың (Астана мен Алматы қалаларының) жергiлiктi атқарушы органының интернет-ресурсында орналастырады.

7

7. Облыстың (Астана мен Алматы қалаларының) жергiлiктi атқарушы органының шешiмiмен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органмен (бұдан әрі – уәкілетті орган) келісім бойынша субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері және отандық өндiрушiлер (бұдан әрi – тыңайтқыштар өндiрушi) өткізген тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литрiне, килограмына), тыңайтқыштар берушіден және (немесе) шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден (бұдан әрі – шетелдік тыңайтқыш өндірушілер) сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литрiне, килограмына) арналған субсидиялардың нормалары белгіленеді. Облыстың (Астана мен Алматы қалаларының) жергiлiктi атқарушы органының шешiмiнің жобасын уәкілетті органға келісуге ұсынған кезде белгіленген субсидия нормасын негіздейтін құжаттар (өтінімдерде көрсетілген алқапқа ғылыми негізделген енгізу нормаларын ескере отырып, субсидиялауға жататын тыңайтқыш түрлерінің көлемдері бойынша есептер, өтінім берілген тиісті тыңайтқыштар түрлеріне қалыптасқан нарықтық бағаларды растайтын құжаттар) қоса беріледі.

2 2. Субсидиялар төлеу шарттары

8 8. Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) арзандатуға арналған субсидиялар:

1 1) ағымдағы жылы тыңайтқыш өндiрушiлер өткізген тыңайтқыштардың құнын iшiнара арзандатуға;

2 2) тыңайтқыштарды ағымдағы жылы тыңайтқыштар берушіден және (немесе) тiкелей шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден сатып алған АШТӨ шығындарын iшiнара өтеуге;

3 3) тыңайтқыштарды өткен жылғы 4-тоқсанда тыңайтқыштар өндiрушiден және (немесе) берушіден және (немесе) шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден сатып алған АШТӨ шығындарын iшiнара өтеуге арналады.

9 9. Мыналар:

1

1) өндiрушi – «СТ-КZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаты бар Қазақстан Республикасында тыңайтқыш өндiрудi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға. Тыңайтқыш өндiрушiлердiң тiзбесiн облыстың (Астана мен Алматы қалаларының) жергiлiктi атқарушы органының сұратуы бойынша индустрия және жаңа технологиялар саласындағы уәкiлеттi орган бередi;

2 2) тыңайтқыштар берушi – шетелдік өндірістің тыңайтқыштарын өткізуді жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлға;

3 3) шетелдiк тыңайтқыш өндiрушi тыңайтқыш сатушылар болып табылады.

10 10. Тыңайтқыштар құнына қосылған құн салығы, қаптау, таңбалау құны, республиканың тиiстi өңiрiндегi жеткiзу (жiберу) пунктiне дейiнгi көлiк шығыстары кiредi.

11 11. Бюджеттік субсидиялар сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литрiне, килограмына) арналған субсидиялардың нормаларына сәйкес мына мөлшерде беріледі:

1 1) отандық өндірістің тыңайтқыштарын сатып алған кезде субсидиялар сатылған тыңайтқыш құнының 50 %-ына дейін қоса алғандағы мөлшерде өндірушіге төленеді;

2 2) шетелдік өндірістің тыңайтқыштарын сатып алған кезде субсидиялар сатып алынған тыңайтқыштар құнының 30 %-ына дейін қоса алғандағы мөлшерде АШТӨ-ге төленеді.

Бұл ретте осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген тыңайтқыштар түрлеріне арналған субсидиялар нормаларын белгілеген кезде отандық және шетелдік өндірістің тыңайтқыштарына арналған субсидия мөлшерлері арасындағы айырмашылық осы Қағидалардың 11-тармағында белгіленген айырмашылыққа барабар сәйкес келуі тиіс.

12 12. АШТӨ бөлім белгiлеген мерзiмде бөлімге субсидия алуға арналған АШТӨ тiзiмiне енгiзу үшiн осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiм береді.

Бұл ретте, тыңайтқыштарды өндiрушiден және (немесе) өнім берушіден алдыңғы жылғы 4-тоқсанда және өнім берушіден ағымдағы жылы сатып алған АШТӨ тыңайтқыш сатушы берген шот-фактураның, тауар-көлiктiк жүкқұжаттың түпнұсқаларын өтінімге қоса береді.
Өтінімді қабылдаған күні АШТӨ өтінімнің қабылданғаны туралы еркін нысанда қолхат береді.
Игерілмеген қаражат қалыптасқан және (немесе) қосымша қаражат бөлінген жағдайда, бөлім жергілікті атқарушы органдар белгілеген мерзімде қосымша өтінімдер қабылдауды жүзеге асырады.

13 13. Осы Қағидалардың 8-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес субсидиялар алатын, тыңайтқыштар құнын АШТӨ мен тыңайтқыш сатушы арасындағы сатып алу-сату шартында белгіленген мерзімдерде төлейтін АШТӨ де бюджеттiк субсидиялар алушылардың тiзiмiне енгiзiледi.

14 14. Субсидиялар осы Қағидалардың 12-тармағында айқындалған құжаттарда көрсетілген мәліметтер дұрыс болмаған, өтінім тиісті түрде ресімделмеген не оны ұсыну мерзімдері бұзылған жағдайларда берілмейді.

3 3. ВАК-тың жұмыс тәртібі

15 15. Бөлім өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде оларды өңдеудi жүзеге асырады және ВАК-тың қарауына ұсынады.

16 16. Бөлім ұсынған құжаттарды ВАК сегіз жұмыс күнi iшiнде қарайды және тиесiлi субсидиялар сомасын көрсете отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АШТӨ тiзiмiн қалыптастырады және оны аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiне, ал Астана мен Алматы қалалары бойынша қала әкiмiне бекiтуге жiбередi. Бұл ретте субсидиялауға жататын тыңайтқыштардың көлемi бөлiнген бюджет қаражаты мен әрбiр АШТӨ-нiң егiс алаңдарының мөлшерi ескерiле отырып, АШТӨ-нiң өтiнiмдерiне барабар белгiленедi.

Осы АШТӨ тiзiмiне енгiзуден бас тартылған жағдайда, бөлім АШТӨ-ге тiзiм жасалған сәттен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, бас тарту себебiн көрсете отырып жазбаша хабарлама бередi.

17 17. Аудан (облыстық маңызы бар қала, Астана, Алматы қалалары) әкiмi екi жұмыс күнi iшiнде АШТӨ тiзiмiн бекiтедi.

18

18. Аудан (облыстық маңызы бар қала, Астана және Алматы қалалары) әкімі АШТӨ тізімін бекіткеннен кейін бөлім ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, Астана және Алматы қалаларының) жергілікті атқарушы органының интернет-ресурсында және ресми баспа басылымдарында тиесілі субсидиялар сомасын көрсете отырып, АШТӨ тізімін орналастырады және оны басқармаға ұсынады.

19 19. АШТӨ өтiнiм берiлген тыңайтқыштар көлемiн сатып алудан немесе өтеуден бас тартқан жағдайда, ВАК осы тыңайтқыштар көлемiн АШТӨ тiзiмiне енгiзiлген басқа АШТӨ арасында қайта бөледi.

4 4. Субсидиялар төлеу тәртібі

20 20. Бөлім тізім ұсынғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде басқарма осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша:

1 1) арзандатылған тыңайтқыштар алу үшін;

2 2) ағымдағы жылы өнім берушіден және (немесе) шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден сатып алынған тыңайтқыштарға шығындарды өтеу үшін;

3 3) алдыңғы жылғы 4-тоқсанда өндiрушiден және (немесе) өнім берушіден және (немесе) шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден сатып алынған тыңайтқыштарға шығындарды өтеу үшін АШТӨ-нiң жиынтық тiзiлiмiн жасайды.

21 21. Арзандатылған құн бойынша сатылған тыңайтқыштар үшiн субсидиялар алу үшiн:

1 1) басқарма арзандатылған тыңайтқыштар алуға арналған АШТӨ-нiң жиынтық тiзiлiмiн жасағаннан кейін екі жұмыс күні ішінде оны өндiрушiге ұсынады.

Осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес қосымша өтінімдер қабылданған жағдайда, жергілікті атқарушы органдар белгілеген мерзімде басқарма өндiрушiге арзандатылған тыңайтқыштар алуға арналған АШТӨ-нiң қосымша жиынтық тiзiлiмiн ұсынады;

2 2) өндiрушi ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 5-күнiне дейiнгi мерзiмде басқармаға:

осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АШТӨ бөлiнiсiнде тыңайтқыштардың iс жүзiнде сатылған көлемi жөнiндегi тiзiлiмдi;
сатылған тыңайтқыштарға бастапқы төлем құжаттарының, жүкқұжаттардың және шот-фактуралардың көшiрмелерiн;
өндiрушi мен АШТӨ арасындағы тыңайтқыштарды сатып алу-сату шартын ұсынады, ол үш данада жасалады: бiрiншiсi – өндiрушi үшiн, екiншiсi – АШТӨ үшiн, үшiншiсi – басқарма үшiн;

3 3) өндiрушi құжаттарды тапсырған сәттен бастап үш жұмыс күнi iшiнде басқарма:

ұсынылған құжаттарды тексередi, өндірушіге тиесілі субсидия көлемін айқындайды;
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тыңайтқыштардың iс жүзiнде сатылған көлемi жөнiндегi актiнi жасайды, бекiтедi және өндiрушiге жібереді;
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тыңайтқыштардың құнын iшiнара арзандатқаны үшiн өндiрушiге субсидиялар төлеуге арналған ведомость қалыптастырады.

22 22. Мыналардан:

1 1) ағымдағы жылы өнім берушіден және (немесе) шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден;

2

2) алдыңғы жылғы 4-тоқсанда өндiрушiден және (немесе) өнім берушіден және (немесе) шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден сатып алынған тыңайтқыштарға субсидиялар алу үшiн басқарма АШТӨ-нiң жиынтық тiзiлiмдерiнің негiзiнде оларды жасағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АШТӨ-ге субсидиялар төлеуге арналған ведомость қалыптастырады.

23

23. Тиесілі субсидияларды АШТӨ-нің және өндірушілердің банктік шоттарына аударуды басқарма төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес тиісті айдың 30-күніне дейін аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне екi данада төлем шоттарын қоса бере отырып, төлем шоттарының тiзiлiмiн ұсыну арқылы жүзеге асырады.
Бұл ретте тиесілі субсидияларды АШТӨ-нің және өндірушілердің банктік шоттарына желтоқсан айында аударуды басқарма тиісті жылдың 20 желтоқсанына дейін жүзеге асырады.

24 24. Басқарма тиiстi жылдың 5 шiлдесiне және 25 желтоқсанына дейiнгi мерзiмде уәкiлеттi органға субсидияларды пайдалану туралы жиынтық ақпарат бередi.

1 Тыңайтқыштардың құнын (органикалық

тыңайтқыштарды қоспағанда)
субсидиялау қағидаларына
1-қосымша
_____________________ облысы ________________________________________
(аудан, қала әкiмдiгiнiң толық атауы)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
(жеке басын куәландыратын құжатта бар болса)
Өтінім
_____ тонна (килограмм, литр) көлемiнде_____________________________,
(тыңайтқыш түрi)
_____ тонна (килограмм, литр) көлемiнде_____________________________,
(тыңайтқыш түрi)
_____ тонна (килограмм, литр) көлемiнде______________________________
(тыңайтқыш түрi)
тыңайтқыштарын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) сатып алу
(өтеу) үшiн субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын
өндiрушiлердiң тiзiмiне енгiзудi сұраймын.
Р/с №
Де­ректер кө­зі
Қа­жет­ті мә­лі­мет­тер
Де­ректер
1
2
3
4
1.
Заң­ды тұл­ға үшін – заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тiк тiр­кеу (қай­та тiр­кеу) ту­ра­лы ку­әлiк неме­се анық­та­ма
тір­кеу нө­мі­рі
тір­кеу кү­ні
ата­уы
ор­на­лас­қан же­рі
мем­ле­кет­тік тір­кеу кү­ні
кім бер­ді
2.
Же­ке тұл­ға үшiн – же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат
же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың нө­мі­рі
ЖСН
кім бер­ді
бе­рі­л­ген кү­ні
Же­ке тұл­ға үшiн – да­ра кәс­iп­кер­дi мем­ле­кет­тiк тiр­кеу ту­ра­лы ку­әлiк
ор­на­лас­қан же­рі
тір­кеу кү­ні
кім бер­ді
3.
Жер учас­кесiне сәй­кестен­дi­ру және (неме­се) құқық бел­гiлей­тiн құ­жат
ак­ті­нің нө­мі­рі
ка­дастр­лық нө­мі­рі
бар­лық ал­қап, гек­тар
оның ішін­де егі­стік
ны­са­на­лы мақ­са­ты
сәй­кестен­дi­ру құ­жа­ты­ның нө­мі­рі мен бе­рі­л­ген кү­ні, кім бер­ді
жер учас­ке­сі ие­сі­нің неме­се жер­ді пай­да­ла­ну­шы­ның ата­уы
4.
Ағым­да­ғы шот­тың бар екен­дi­гi ту­ра­лы екін­ші дең­гей­де­гі банк­тiң анық­та­ма­сы
ЖСК
Кбе
Банк­тің де­ректе­ме­ле­рі:
банк­тің ата­уы
БСК
К/Е
БСН
Кбе
5.
Шот-фак­ту­ра (ин­войс) (ты­ңайт­қы­штар­ды ше­тел­дiк ты­ңайт­қыш өн­дiру­шi­ден ағым­да­ғы жы­лы және ал­дың­ғы жы­л­ғы 4-тоқ­сан­да са­тып ал­ған АШТӨ үшiн)*
шот-фак­ту­ра­ның нө­мі­рі
бе­рі­л­ген кү­ні
ты­ңайт­қыш са­ту­шы­ның ата­уы
ты­ңайт­қыш са­ту­шы ор­на­лас­қан жер­дің ме­кен­жайы
ты­ңайт­қыш са­ту­шы­ның ЖСК
та­у­ар-кө­лік­тік жүк­құ­жат­тың нө­мі­рі
ты­ңайт­қыш ата­уы
өл­шем бір­лі­гі
са­ны (кө­ле­мі)
ҚҚС-пен ба­ға­сы (тең­ге)
бар­лық өт­кі­зу құ­ны
6.
Ке­ден­дiк жүк де­кла­ра­ци­я­сы (ты­ңайт­қы­штар­ды ше­тел­дiк ты­ңайт­қыш өн­дiру­шi­ден ағым­да­ғы жы­лы және ал­дың­ғы жы­л­ғы 4-тоқ­сан­да са­тып ал­ған АШТӨ үшiн)*
нө­мі­рі
бе­рі­л­ген кү­ні
ты­ңайт­қыш са­ту­шы­ның ата­уы
ты­ңайт­қыш са­ту­шы ор­на­лас­қан жер­дің ме­кен­жайы
7.
Са­тып алын­ған ты­ңайт­қы­штар­ға ар­нал­ған сәй­кест­iк сер­ти­фи­ка­ты*
сер­ти­фи­кат­тың нө­мі­рі
сер­ти­фи­кат­тың қол­да­ны­лу мер­зі­мі
сәй­кестен­ді­рі­л­ген өнім (ата­уы, шы­ға­ру­шы ел)
өті­нім бе­ру­ші (ата­уы, ме­кен­жайы)
кім бер­ді
8.
Шы­ғу те­гі сер­ти­фи­ка­ты/ са­па сер­ти­фи­ка­ты (ше­тел­дік өн­ді­рі­стің ты­ңайт­қы­шта­ры үшін)*
нө­мі­рі мен бе­рі­л­ген кү­ні
та­у­ар­дың ата­уы
экс­порт­та­у­шы/жүк жө­нел­ту­ші
им­порт­та­у­шы/жүк алушы
9.
Хи­ми­я­лық өнім­ді тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік*
ку­ә­лік нө­мі­рі
хи­ми­я­лық өнім­нің то­лық ата­уы
өн­ді­ру­ші фир­ма
ку­ә­лік­тің қол­да­ныс мер­зі­мі
тір­кеу кү­ні
кім бер­ді
Ескертпе:
*Аталған құжаттардағы мәліметтер тыңайтқыштың әрбір түріне толтырылады.
Тыңайтқыштарға қажеттіліктің есебі
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы да­қы­лы­ның ата­уы
Ал­қа­бы, гек­тар
Ты­ңайт­қы­штар­ды 1 гек­тар­ға ғы­лы­ми жа­ғы­нан ұсы­ным бе­рі­л­ген қол­да­ну нор­ма­ла­ры
Ты­ңай­ты-ла­тын ал­қап, гек­тар
Ты­ңайт­қыш тү­рі, (ки­ло­грамм, литр)
1
2
3
4
5
6
7
Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын және жалған
мәліметтер ұсынған үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
жауапкершілік туралы хабардармын.
Басшы _________ _____________________________________________________
(қолы)    (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын
құжатта бар болса)
М.О
20 __ жылғы «___» ______________
Өтiнiм 20 __ жылғы «___»____________ қарауға қабылданды
____________ ________________________________________________________
(қолы)        (өтiнiштi қабылдаған жауапты адамның тегі, аты,
әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса)

2 Тыңайтқыштардың құнын (органикалық

тыңайтқыштарды қоспағанда)
субсидиялау қағидаларына
2-қосымша
«Бекiтемiн»
Аудан (қала) әкiмi
____________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын
куәландыратын құжатта бар болса), мөрi)
20__ жылғы «___» _______________
Субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын
өндiрушiлердiң тiзiмi

1 1) тыңайтқыш өндiрушiден 20__жылы арзандатылған тыңайтқыштар сатып алу үшiн

Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­дiру­шiнiң ата­уы
ЖСН/БСН
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­дiру­шiнiң ағым­да­ғы шо­ты
Жет­кi­зу (жi­бе­ру) пунк­тi
Ты­ңайт­қыш түрi
Са­тып алы­на­тын ты­ңайт­қыш кө­ле­мi, тон­на (ки­ло­грамм, литр)
БСК
ЖСК
1
2
3
4
5
6
7
Жиы­ны:

2 2) тыңайтқыш берушіден 20__ жылы сатып алынған тыңайтқыштарға шығындарды өтеу үшiн

Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­дiру­шiнiң ата­уы
ЖСН/БСН
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­дiру­шiнiң ағым­да­ғы шо­ты
Ты­ңайт­қыш түрi
Са­тып алын­ған ты­ңайт­қыш кө­ле­мi, тон­на (ки­ло­грамм, литр)
Ты­ңайт­қыш тон­на­сы­ның (ки­ло­гра­мы­ның, лит­рі­нің) құ­ны, тең­ге
Өте­луi тиiс со­ма, тең­ге
БСК
ЖСК
1
2
3
4
5
6
7
8
Жиы­ны:

3 3) шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден 20__ жылы немесе 20__ жылғы 4-тоқсанда сатып алынған тыңайтқыштарға шығындарды өтеу үшiн

Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­дiру­шiнiң ата­уы
ЖСН/ БСН
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­дiру­шiнiң ағым­да­ғы шо­ты
Ты­ңайт­қыш түрi
Са­тып алын­ған ты­ңайт­қыш кө­ле­мi, тон­на (ки­ло­грам м, литр)
1 тон­на (ки­ло­грамм, литр) ты­ңайт­қыш құ­ны, тең­ге
Өте­луi тиiс со­ма, тең­ге
БСК
ЖСК
1
2
3
4
5
6
7
8
Жиы­ны:

4 4) тыңайтқыш өндiрушiден және (немесе) тыңайтқыш берушiден 20__ жылғы 4-тоқсанда сатып алынған тыңайтқыштарға шығындарды өтеу үшiн

Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­дiру­шiнiң ата­уы
ЖСН/ БСН
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­дiру­шiнiң ағым­да­ғы шо­ты
Ты­ңайт­қыш түрi
Са­тып алын­ған ты­ңайт­қыш кө­ле­мi, тон­на (ки­ло­грам м, литр)
1 тон­на (ки­ло­грамм, литр) ты­ңайт­қыш құ­ны, тең­ге
Өте­луi тиiс со­ма, тең­ге
БСК
ЖСК
1
2
3
4
5
6
7
8
Жиы­ны:
ВАК төрағасы __________ ____________________________________________
(қолы)         (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын
куәландыратын құжатта бар болса)
ВАК мүшелері _________ ____________________________________________
(қолы)        (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын
куәландыратын құжатта бар болса)
_________ ____________________________________________
(қолы)        (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын
куәландыратын құжатта бар болса)
М.О.

3 Тыңайтқыштардың құнын (органикалық

тыңайтқыштарды қоспағанда)
субсидиялау қағидаларына
3-қосымша
Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң
жиынтық тiзiлiмi

1 1) тыңайтқыш өндiрушiден 20 __ жылы арзандатылған тыңайтқыштар сатып алу үшiн

Аудан (қа­ла)
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­дiру­шiнiң ата­уы
ЖСН/ БСН
Ауы­л­ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­дiру­шiнi­ңа­ғым­да­ғы шо­ты
Жет­кi­зу (жi­бе­ру) пунк­тi
Ты­ңайт­қыш түрi
Са­тып алы­на­тын ты­ңайт­қыш кө­ле­мi, тон­на (ки­ло­грамм, литр)
БСК
ЖСК
1
2
3
4
5
6
7
8
Жиы­ны:

2 2) тыңайтқыш берушiден 20 __ жылы сатып алынған тыңайтқыштарға шығындарды өтеу үшiн

Аудан (қа­ла)
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­дiру­шi нiң ата­уы
ЖСН/БСН
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­дiру­шiнiң ағым­да­ғы шо­ты
Ты­ңайт­қыш түрi
Са­тып алын­ған ты­ңайт­қыш кө­ле­мi, тон­на (ки­ло­грамм , литр)
1 тон­на (ки­ло­грамм , литр) ты­ңайт­қыш құ­ны, тең­ге
Өте­луi тиiс со­ма, тең­ге
БСК
ЖСК
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Жиы­ны:

3 3) шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден 20__ жылы немесе 20__ жылғы 4-тоқсанда сатып алынған тыңайтқыштарға шығындарды өтеу үшiн

Аудан (қа­ла)
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­дiру­шi  нiң ата­уы
ЖСН/БСН
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­дiру­шiнiң ағым­да­ғы шо­ты
Ты­ңайт­қыш түрi
Са­тып алын­ған ты­ңайт­қыш кө­ле­мi, тон­на (ки­ло­грамм , литр)
1 тон­на (ки­ло­грамм , литр)ты­ңай тқыш құ­ны, тең­ге
Өте­луi тиiс со­ма, тең­ге
БСК
ЖСК
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Жиы­ны:

4 4) тыңайтқыш өндiрушiден және (немесе) тыңайтқыш берушiден 20__ жылғы 4-тоқсанда сатып алынған тыңайтқыштарға шығындарды өтеу үшiн

Аудан (қа­ла)
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­дiру­шiнiң ата­уы
ЖСН/БСН
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­дiру­шiнiң ағым­да­ғы шо­ты
Ты­ңайт­қыш түрi
Са­тып алын­ған ты­ңайт­қыш кө­ле­мi, тон­на (ки­ло­грамм, литр)
1 тон­на (ки­ло­грамм , литр) ты­ңайт­қыш құ­ны, тең­ге
Өте­луi тиiс со­ма, тең­ге
БСК
ЖСК
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Жиы­ны:
Басқарманың құрылымдық
бөлiмшесiнiң басшысы ________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын
құжатта бар болса), қолы)

4 Тыңайтқыштардың құнын (органикалық

тыңайтқыштарды қоспағанда)
субсидиялау қағидаларына
4-қосымша
Субсидияланған тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды

қоспағанда қоспағанда) іс жүзінде сатылған көлемi жөнiндегi тiзiлiм

___________________________
(сатушының атауы)
Ты­ңайт­қыш түрi
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­дiру­шiнiң ата­уы
Өл­шем бір­лі­гі (тон­на, ки­ло­грамм, литр)
Жа­сал­ған шар­ттар
1 тон­на­сы­ның (ки­ло­гра­мы­ның, лит­рі­нің) құ­ны, тең­ге (ти­есiлi 1 тон­на­сы­на (ки­ло­гра­мы­на, лит­ріне) ар­нал­ған суб­си­ди­я­ның ти­е­сі­лі нор­ма­сын ше­гер­ген­де)
Ти­еп-жө­нел­тiл­ген ты­ңайт­қы­штар кө­ле­мi
са­тып алу-са­ту шар­ты­ның күнi, №
кө­ле­мi, тон­на (ки­ло­грамм, литр)
кө­ле­мi, тон­на (ки­ло­грамм, литр)
суб­си­ди­я­лар со­ма­сы­на, мың тең­ге
1
2
3
4
5
6
7
8
Жиы­ны:
Ескертпе: көрсетiлген тiзiлiмге сапасыз тауар жеткiзу себебi не басқа
да себептер бойынша сатып алу-сату шартын орындаудан бас тартқан және
сатып алынған тыңайтқыштар үшiн ақша қаражатын қайтаруды талап еткен
ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер енгiзiлмейдi.
Тыңайтқыш сатушы (бiрiншi басшы) _______  ___________________________
(қолы)    (тегі, аты, әкесінің аты
(жеке басын куәландыратын
құжатта бар болса)
М.О.
Тыңайтқыш сатушының бас бухгалтерi _______ __________________________
(қолы)    (тегі, аты, әкесінің аты
(жеке басын куәландыратын
құжатта бар болса)

5 Тыңайтқыштардың құнын (органикалық

тыңайтқыштарды қоспағанда)
субсидиялау қағидаларына
5-қосымша
«Бекiтемiн»
____________ облысының (қаласының)
басқарма басшысы _____________
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын
куәландыратын құжатта бар болса), мөрi)
20__жылғы «____» ______________
_______________________ облысы (қаласы) бойынша тыңайтқыштардың
органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) iс жүзiнде сатылған көлемi
жөнiндегi актi
Ата­уы
Ты­ңайт­қыш түрi
ЖСН/БСН
Са­тып алу-са­ту шар­ты­ның күнi, №
Өл­шем бiр­лi­гi, тон­на (ки­ло­грамм, литр)
ты­ңайт­қыш са­ту­шы­ның
ты­ңайт­қыш са­тып ал­ған ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­дiру­шiнiң
1
2
3
4
5
6
Жиы­ны:
кестенің жалғасы
Са­ты­л­ған ты­ңайт­қы­штар­дың мөл­шерi, тон­на (ки­ло­грамм, литр)
1 тон­на­сы­ның, ки­ло­гра­мы­ның , лит­рі­нің ба­ға­сы, тең­ге
Жал­пы құ­ны, тең­ге (7-б. х 8-б.)
1 тон­на­сы­на (ки­ло­гра­мы­на, лит­ріне) ар­нал­ған суб­си­ди­я­лар нор­ма­сы, тең­ге
Суб­си­ди­я­лар со­ма­сы, тең­ге (7-б. x 10-б.)
7
8
9
10
11
Басқарманың құрылымдық
бөлiмшесiнiң басшысы ________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын
құжатта бар болса), қолы)

6 Тыңайтқыштардың құнын (органикалық

тыңайтқыштарды қоспағанда)
субсидиялау қағидаларына
6-қосымша
«Бекiтемiн»
____________ облысының (қаласының)
басқарма басшысы ______________
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын
куәландыратын құжатта бар болса), мөрi)
20__жылғы «____» ______________
20__ жылғы «__» _________ - «__» _________ аралығында субсидиялар
төлеуге арналған ведомость

1 1) тыңайтқыштардың құнын iшiнара арзандатқаны үшiн тыңайтқыш өндiрушiге

Аудан ата­уы
Отан­дық ты­ңайт­қыш өн­дiру­шi за­уыт­тар­дың ата­уы
Ты­ңайт­қыш түрi
Са­ты­л­ған күнi
Ты­ңайт­қы­штар са­ту­дың жыл­дық кво­та­сы
Кво­та ше­гiн­де бюд­жет­тiк суб­си­ди­я­ла­у­ға іс жү­зін­де берiл­ген құ­жат­тар, тон­на (ки­ло­грамм, литр)
тон­на (ки­ло­грамм, литр)
со­ма­сы (тең­ге)
жыл ба­сы­нан
20__ жы­л­ғы «__» - «__» ара­лы­ғын­да
1
2
3
4
5
6
7
8
Жиы­ны:
кестенiң жалғасы
Са­ты­л­ған ты­ңайт­қы­штар­дың 1 тон­на­сы­на (ки­ло­гра­мы­на, лит­ріне) ар­нал­ған бюд­жет­тiк суб­си­ди­я­лар нор­ма­сы, тең­ге
Жыл ба­сы­нан ба­стап ти­есiлi бюд­жет­тiк суб­си­ди­я­лар со­ма­сы, тең­ге
Жыл ба­сы­нан ба­стап тө­лен­генi, тең­ге
Ти­есiлi бюд­жет­тiк суб­си­ди­я­лар со­ма­сы­ның қал­ды­ғы, тең­ге
20__ жы­л­ғы «__» ___ ар­нал­ған кво­та ше­гiн­де тө­ле­у­ге жа­та­ты­ны, тең­ге
9
10
11
12
13
Төленетін сома _________ (санмен) _______________(жазбаша) теңге.

2 2) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге

Отан­дық ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­дiру­шiлер­дiң ата­уы
Ты­ңайт­қыш түрi
Ты­ңайт­қы­шты са­тып ал­ған күн
Са­тып алын­ған ты­ңайт­қы­штар үшiн шы­ғын­дар­ды өте­у­ге іс жү­зін­де берiл­ген құ­жат­тар, тон­на (ки­ло­грамм, литр)
Жыл ба­сы­нан ба­стап
20__­жы­л­ғы «__» - «__» ара­лы­ғын­да
1
2
3
4
5
Жиы­ны:
кестенiң жалғасы
1 тон­на­сы­на (ки­ло­гра­мы­на, лит­ріне) бюд­жет­тiк суб­си­ди­я­лар нор­ма­сы, тең­ге
Ти­есiлi бюд­жет­тiк суб­си­ди­я­лар со­ма­сы, тең­ге
Жыл ба­сы­нан ба­стап тө­лен­генi, тең­ге
Ти­есiлi бюд­жет­тiк суб­си­ди­я­лар со­ма­сы­ның қал­ды­ғы, тең­ге
20__ жы­л­ғы «__» ____ ар­нал­ған кво­та ше­гiн­де тө­ле­у­ге жа­та­ты­ны, тең­ге
6
7
8
9
10
Төленетін сома ___________ (цифрмен) _______________ (жазбаша) теңге.
Басқарманың қаржы
бөлiмінің басшысы _________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын
құжатта бар болса), қолы)
Басқарманың ___________ бөлiмінің
басшысы ___________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын
құжатта бар болса), қолы)

Қолданыстағы